A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Назар аударыңыздар!

Көкшетау қ. Абай к-сi, 89-үй мекен-жайда орналасқан «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ (бұдан әрi — Басқарма), су объектiлерiн оқшау пайдалануға беру жөнiндегi конкурс туралы хабарлайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес:

1) су объектiсiн пайдаланудың мәлiмделген мақсаттарына сәйкес материалдық-техникалық базаның болуы;

2) қаржыландыру көздерi мен көлемдерiн көрсетiп, үш және одан көп жылдар бойынша даму жоспары (су қорғау iс-шараларын жүргiзудi, су объектiсiн ұтымды пайдалану, су ресурстарын қорғау, су объектiлерiн көрiктендiру жөнiндегi iс-шараларды қоса алғанда);

3) төлем қабiлетiн растайтын құжаттар:

конкурсқа қатысушыға қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының алдындағы мiндеттемелердiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы қол қойылған және мөр басылған банктiң немесе банк филиалының анықтамасының түпнұсқасы (егер конкурсқа қатысушы екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, бұл анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылатын күннiң алдындағы бiр айдан ерте берiледi;

соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң бiрiншi басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған көшiрмесi. Егер конверттердi ашу ағымдағы жылдың 30 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде жүргiзiлсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi ұсынылуы мүмкiн;

конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылатын күнiнен бiр ай бұрын берiлген үш айдан астам (төлем мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейiнге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екенi, не салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң бар екенi туралы мемлекеттiк кiрiстер органының анықтамасы.

Қажеттi құжаттардың тiзiмiн «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ мына мекен-жайда алуға болады: Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 89 үй, 301а каб. немесе www.upr.akmo.gov.kz интернет-ресурста.

Конкурстық құжаттаманы ұсынудың соңғы мерзiмi — 2020 жылғы 3 желтоқсан сағат 18-00-ге дейiн.

Конкурс 2020 жылдың 4 желтоқсанда сағат 16.00-де мына мекен-жайда өтедi: Көкшетау қаласы Абай көшесi, 89 үй, 201 каб.

Қосымша ақпаратты 8 (7162) 72-19-18 телефон арқылы алуға болады.

2020 жылғы 4 желтоқсандағы су объектілерін конкурстық негізде оқшау пайдалануға беру бойынша өтетін конкурсқа қойылған су объектілерінің тізімі (DOCX 3049 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 05.11.2020 14:01
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.11.2020 14:01
Қаралым саны: 76

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@aqmola.gov.kz