A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
«ПРОМОТХОД КАЗАХСТАН» ЖШС қоғамдық тыңдаулар өткізеді

«ПРОМОТХОД КАЗАХСТАН» ЖШС Көкшетау қаласындағы өкiлдiгi ДУ 16 фарфор зауыты аумағында (Көкшетау қаласы, Солтүстiк өнеркәсiптiк аймақ) орналасқан бұрынғы жөндеу-механикалық цехi қоймасының қолданыстағы өндiрiстiк ғимараты базасында «Екiншiлiк шикiзат және қалдықтарды жинау (қабылдау) пунктiн» ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Екiншiлiк шикiзатты және қалдықтарды жинау және уақытша жинақтау, өңдеу немесе кәдеге жарату үшiн екiншiлiк шикiзаттарды немесе қалдықтарды өңдеу бойынша мамандандырылған кәсiпорындарға (оның iшiнде «ПРОМОТХОД КАЗАХСТАН» ЖШС Петропавл, Қостанай және Қарағанды қалаларындағы жеке өнеркәсiптiк алаңдары) тапсыру жоспарланған.

Жобалық құжаттаманың мемлекеттiк экологиялық сараптамасын «Ақмола облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ жүргiзетiн болады.

«ПРОМОТХОД КАЗАХСТАН» ЖШС мүдделi бұқараның пiкiрiн ескеру үшiн қоғамдық тыңдаулар өткiзедi, ол 25.01.2019 ж. бастап 21.02.2019 ж. аралығында сауалнама түрiнде өткiзiлетiн болады.

Жоспарланған қызмет бойынша жобалық құжаттама және мүдделi бұқара пiкiрiн ескеру бойынша сауалнама парағы жергiлiктi атқарушы органның (http:/upr.akmo.gov.kz, жауапты тұлға Жетписова А.А., +7(7162)251986) және тапсырыс берушi-әзiрлеушiнiң (http:/promothod.kz, жауапты тұлға Шедрикс Ю.П., +7(7212)410029) интернет ресурстарына орналастырылған.

Мақаланың шыққан күні: 04.02.2019 18:09
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.02.2019 10:30
Қаралым саны: 1020

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@aqmola.gov.kz