A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ АРТАДЫ

«Жасыл» экономикаға өту барысында басқармамызда жаңартылмалы энергия көздерiн пайдалануға және орман, аңшылық, балық шаруашылықтарындағы табиғат ресурстарын қорғау мен нығайтуға бағытталған кешендi шаралар жүзеге асырылуда. Бұл мiндеттердi шешудiң бағдарламалық жолдарын кеңейту, табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмдерiн жетiлдiру айрықша назарда ұсталады.

Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға өту жөнiндегi бекiтiлген тұжырымдамасына сәйкес, бiздiң облысымыз табиғи ресурстарды (су, орман) пайдалану мен тиiмдi басқаруға байланысты жаңа жобаларды алға шығарудың және экологиялық көрсеткiштердi жақсартудың келесi бағыттарын мұқият қадағалауда. Бүгiнгi күнi орман саласының әлеуетiн жоғарылатудағы «Жасыл даму» салалық бағдарламасы табысты iске асырылуда. Ағымдағы жылда жоғары сапа мен технологияны сақтай отырып, аумағы 1037 гектар жерге орман отырғызылды. Ал, соңғы бес жылда облыстың мемлекеттiк орман қоры аумағына 5770 гектар жаңа желек қосылды.

Есiл өзенiндегi Бұзылық су қоймасының құрылысына техника-экономикалық негiздеме әзiрлеуге бастамашы болып отырмыз (су қорының көлемi 1 млрд.текше метр). Аталмыш жобаны iске қосу Астана қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасын дер кезiнде шешуге мүмкiндiк берiп, аграрлық және өнеркәсiп секторларының дамуына түрткi болатыны анық.

Бiздiң алдымызға балық шаруашылығын, оның iшiнде көлдегi тауарлық балық шаруашылығын дамыту мiндетi қойылып отыр. Қазiргi кезде мамандандырылған екi кәсiпорын (Майбалық балық өсiру тәлiмбағы мен «Көкшетау» МҰТП жанындағы Зерендi балық өсiру орталығы) жұмыс жасауда. Бұл жеткiлiксiз. Сондықтан, Ақмола облысының балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын әзiрлеу жұмысы жүргiзiлуде. Онда көл-тауар, судағы торлы балық шарбағы, сонымен қатар, бағалы тұқымды шабақтарды өсiру бойынша балық өсiру тәлiмбақтарын құру үшiн алдыңғы қатарлы технологияларды кезең-кезеңмен енгiзу қарастырылатын болады.

Аймақтағы табиғат ландшафтарының бiртектi еместiгi мен жануарлар дүниесiнiң алуан түрлiлiгi бiзге экологиялық және аңшылық туризмдi дамытуға тамаша мүмкiндiктер бередi. Жергiлiктi деңгейде орман алқаптарын сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттарда, оларды үздiксiз және ұқыпты пайдалану ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарттары түзiлдi. Бүгiнгi таңда 12 орман шаруашылығы мекемесiнде 20 нысан орман пайдалануды жүзеге асыруда.

Қалдықтарды басқару саласындағы инфрақұрылымдарды құру және оларға қызмет көрсетудiң өзектiлiгi артуда. Бүгiнгi күнi қалдықтарды кәдеге жарату көлемi облыс бойынша аса көп емес, қазiрше оны бөлектеп жинау және өңдеумен мамандандырылған екi кәсiпорын жұмыс iстейдi. Алдағы кезде Степногор қаласы мен iрi бес аудан орталықтарында ҚТҚ бөлек жинауды кезең-кезеңмен енгiзу қолға алынбақ. Қосымша полигондар құрылысының құжаттамалары әзiрленуде.

Атмосфералық ауаны ластау мәселесiнде шұғыл бетбұрыс жасау қажет. Өйткенi, облыс бойынша соңғы үш жылдағы тексерiс қорытындысы жылына ауаға 65 миллион тонна өндiрiстiк қалдықтар шығарылатынын көрсетiп отыр. Осыған байланысты 2 928 кәсiпорынның экологиялық төлқұжаты ресiмделдi.

Руслан ӘУБӘКIРОВ,
Ақмола облысының табиғи ресурстар
және табиғатты пайдалануды реттеу
басқармасының басшысы.

Мақаланың шыққан күні: 31.01.2017 12:11
Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.01.2017 12:11
Қаралым саны: 831

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz