A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
«II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрiнiң
2018 жылғы _________
№ _____ бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрiнiң
2015 жылғы 23 сәуiрдегi
№ 301 бұйрығына
7-қосымша

"II, III және IV санаттағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "II, III және IV санаттағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкiметтiң" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi порталға жүгiнген сәттен бастап:

мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын беру:

II санаттағы объектiлер үшiн — 30 (отыз) жұмыс күнi iшiнде;

III және IVсанаттағы объектiлер үшiн — 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде;

ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру — 3 (үш) жұмыс күнiнен асырмай.

Ұсынылған құжаттардың толық еместiгi және (немесе) қолдану мерзiмi өткен құжаттар анықталған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi әрi қарай қараудан бас тарту туралы уәждi жауап бередi.

Ұсынылған құжаттардың мазмұны бойынша ескертулер болған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi портал арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыға:

II санатты объектiлер үшiн 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде уәждi ескертулердi жолдайды, көрсетiлетiн қызметтi алушы оларды ескертулер берiлген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде жояды.

III және IV санатты объектiлер үшiн 7 (жетi) жұмыс күнi iшiнде уәждi ескертулердi жолдайды, көрсетiлетiн қызметтi алушы оларды ескертулер берiлген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде жояды.

Бұл ретте, көрсетiлген мерзiмдер өткеннен кейiн көрсетiлетiн қызметтi берушi ескертулер бойынша өңделген құжаттарды қабылдамайды.

Олар белгiленген мерзiмде жойылған жағдайда, мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы берiледi.

Олар белгiленген мерзiмде жойылмаған жағдайда, мемлекеттiк экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы берiледi.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — осы мемлекеттiк қызмет стандартына 1-қосымшасына сәйкес нысанда II, III және IV санатты объектiлердiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасының қорытындысын не осы мемлекеттiк қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәждi жауап беру.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi — ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" жiберiледi.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Порталдың жұмыс графигi — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi есептемегенде, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнiмен жүзеге асырылады).

9. Портал арқылы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандарда көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге арналған өтiнiм;

2) қоршаған ортаға әсер ететiн межелi қызметтiң жоба алдындағы және жобалық құжаттамасы жағдайда мынадай құрамда:

әзiрлеу деңгейi жобалау сатыларына сәйкес келетiн, құжат түрiнде ресiмделген қоршаған ортаға әсердi бағалау (бұдан әрi — ҚОӘБ) материалдары бiрге жүретiн жоба алдындағы немесе жобалау құжаттамасы;

Кодекстiң 57-2-бабының 1-тармағына сәйкес шаруашылық қызметтiң түрлерi үшiн қоғамдық пiкiрдi есепке алу нәтижелерi;

қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары;

3) iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкелуi мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары жағдайында мынадай құрамда:

Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобалары;

4) эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары жағдайда мынадай құрамда:

эмиссиялар нормативтерi жобалары;

қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары.

Жеке басты куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi (қайта тiркелгенi) туралы, дара кәсiпкердiң мемлекеттiк тiркелгенi туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде "жеке кабинетке" мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған өтiнiмнiң қабылданғаны туралы мәртебе жiберiледi.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартудың негiздерi мыналар болып табылады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтау;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi;

3) сұратылып отырған табиғат пайдалану шарттары Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексiнiң 73-бабында көрсетiлген талаптарға сәйкес келмеуi;

4) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасымен белгiленген экологиялық талаптар мен нормаларға, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiне қол жеткiзудi қамтамасыз етуге сәйкес келмеуi;

5) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты оның қызметiне немесе мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуды талап ететiн жекелеген қызмет түрлерiне тыйым салу туралы соттың заңды күшiне енген шешiмiнiң (үкiмiнiң) болуы;

6) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң болуы, оның негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына шағым берiледi.

Шағымдар жазбаша нысанда поштамен, портал арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол берiледi.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның — аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны;

2) заңды тұлғаның — оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Шағымға көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қолы қойылуы тиiс.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi бойынша уәждi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинеттен" өтiнiш туралы ақпарат қол жетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiштердi өңдеуi барысында (жеткенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырылады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiне алады.

4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайы Қазақстан Республикасы Электрондық үкiметiнiң интернет-ресурстарында — www.egov.kz, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары" бөлiмiнде орналасқан.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдың "жеке кабинетi", сондай-ақ Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.

15. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша анықтамалық қызметтердiң байланыс телефоны: 8 (7172) 74-08-55, Бiрыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8-800-080-7777

Жүктеу (DOCX 36 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 10.03.2017 12:02
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.10.2019 10:15
Қаралым саны: 1342

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz