A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрi
мiндетiн атқарушының
2015 жылғы 30 сәуiрдегi
№ 18-03/390 бұйрығына
10 қосымша

«Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi:

екi және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшiн аулауды қоспағанда облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары;

екi және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттемелiк аулау мақсатында Министрлiктiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi комитетi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушiлер) көрсетедi.

Өтiнiмдi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң кеңсесi;

2) www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiметтiң» веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде — 5 (бес) жұмыс күнi;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн кезекте күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi рұқсат беру рәсiмдерiн жүзеге асыру кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушылардың құжаттарын алған кезден бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактiсi анықталған жағдайда қызметтi берушi көрсетiлген мерзiмдерде өтiнiмдi одан әрi қараудан уәждi түрде бас тартады.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi электрондық форматта ресiмделедi, басып шығарылады және көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының мөрiмен және қолымен куәландырылады.

Порталда мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi қызмет берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының электронды цифрлы қолы (бұдан әрi — ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанында қызмет алушының «жеке кабинетiне» жiберiледi және сонда сақталады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетудiң нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушылар) ақылы/тегiн негiзде көрсетiледi.

Жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн төлемақы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

Төлемақы жасау екiншi деңгейдегi банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн орындайтын ұйымдар арқылы қолма қол ақшалай немесе қолма қол ақшасыз түрде жүзеге асырылады, сонымен қатар портал арқылы алуға электронды сұрау салу берiлген жағдайда төлемақы «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi (бұдан әрi — ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

Төлемақы мынадай кезде алынбайды:

1) жануарларды кейiннен табиғи ортаға шығара отырып, оларды таңбалау, сақиналау, қоныс аударту, жерсiндiру, ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда жасанды өсiмiн молайту және будандастыру үшiн табиғи ортадан алған;

2) жеке және заңды тұлғалардың меншiгi болып табылатын, жасанды жолмен өсiрiлген және ерiксiздiкте және (немесе) жартылай еркiн жағдайларда ұсталатын жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн пайдаланған;

3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган балық ресурстарын және басқа да су жануарларының түрлерiн пайдалану үшiн биологиялық негiздеу мақсатында балықтарды және басқа да су жануарларын бақылау үшiн аулауды жүзеге асырған;

4) саны халық денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарлары ауруларының алдын алу, қоршаған ортаға зиянның алдын алу, ауыл шаруашылығы қызметке маңызды залал келтiру қаупiнiң алдын алу мақсатында реттеуге жататын жануарлар түрлерiн алған кезде алынбайды.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде — 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң (бұдан әрi — Кодекс) 96-бабына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбi-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Өтiнiмдi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижелерiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;

2) порталда — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы Кодекстiң 96-бабына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсетуге өтiнiштердi қабылдау және нәтижелерiн беру келесi жұмыс күнiнде жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

мынадай:

жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру кезiнде (кәсiпшiлiк балық аулауға, ғылыми-зерттеулiк аулауға, эксперименталдық аулауға, мелиоративтiк аулауға, өсiмiн молайту мақсатында аулауға, әуесқойлық (спорттық) аулауға) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру кезiнде (аң аулауға, жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға, мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға, жануарлар түрлерiн өсiмiн молайту мақсатында пайдалануға) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм;

жеке басын куәландыратын құжат, ал өкiл — қызметтi алушы өкiлiнiң өкiлеттiгiн растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн);

жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы туралы төлем құжатының көшiрмесi.

Қосымша пайдалану түрiне байланысты, өтiнiмге мына құжаттар қосымша тiркеледi:

1) аң аулауға (алғашқы рет жүгiнген кезде):

жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн алу шетелдiктердiң қатысуымен жүргiзiлген жағдайда — аңшылық шаруашылығы субъектiсiнiң аң аулауды ұйымдастыруға шетелдiктермен жасаған шарттың көшiрмесi;

2) ғылыми-зерттемелiк аулауға:

қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесi бекiткен ғылыми жұмыстар жүргiзу негiздемесiнiң және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының көшiрмелерi;

жануарлар дүниесi объектiлерiнiң аулануы жоспарланып отырған көлемiне негiздеме беретiн есеп-қисаптардың көшiрмесi;

бұдан бұрын берiлген рұқсаттарды пайдалану нәтижелерi туралы есебiнiң көшiрмесi (рұқсаттар берiлген жағдайда);

3) өсiмiн молайту мақсатында аулауға:

балық ресурстарының өсiмiн молайту бойынша мемлекеттiк тапсырысты орындау мақсаттары үшiн аулау жағдайларын қоспағанда, қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесi бекiткен биологиялық негiздеменiң көшiрмесi;

4) эксперименталдық аулауға:

қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесi бекiткен биологиялық негiздеменiң көшiрмесi;

5) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға:

қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесi бекiткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасынан үзiндi көшiрмелерi;

жануарлар дүниесi объектiлерiн алуға негiздеме беретiн материалдардың көшiрмелерi (мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негiздеме);

6) жануарлар түрлерiн өсiмiн молайту мақсатында пайдалануға:

жануарлар дүниесi объектiлерiн алуға негiздеме беретiн материалдардың көшiрмелерi (мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негiздеме).

Порталға:

ЭЦҚ-мен куәландырылған мынадай:

жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру кезiнде (кәсiпшiлiк балық аулауға, ғылыми-зерттеулiк аулауға, эксперименталдық аулауға, мелиоративтiк аулауға, өсiмiн молайту мақсатында аулауға, әуесқойлық (спорттық) аулауға) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру кезiнде (аң аулауға, жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға, мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға, жануарлар түрлерiн өсiмiн молайту мақсатында пайдалануға) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм;

ЭҮТШ арқылы төленгенiн қоспағанда, жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы туралы төлем құжатының электрондық көшiрмесi.

Қосымша пайдалану түрiне байланысты, өтiнiмге электрондық құжат нысанында мына құжаттар қосымша тiркеледi:

1) аң аулауға (алғашқы рет жүгiнген кезде):

жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн алу шетелдiктердiң қатысуымен жүргiзiлген жағдайда — аңшылық шаруашылығы субъектiсiнiң аң аулауды ұйымдастыруға шетелдiктермен жасаған шарттың электрондық көшiрмесi;

2) ғылыми-зерттемелiк аулауға:

қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесi бекiткен ғылыми жұмыстар жүргiзу негiздемесiнiң және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшiрмелерi;

жануарлар дүниесi объектiлерiнiң аулануы жоспарланып отырған көлемiне негiздеме беретiн есеп-қисаптардың электрондық көшiрмесi;

бұдан бұрын берiлген рұқсаттарды пайдалану нәтижелерi туралы есебiнiң электрондық көшiрмесi (рұқсаттар берiлген жағдайда);

3) өсiмiн молайту мақсатында аулауға:

балық ресурстарының өсiмiн молайту бойынша мемлекеттiк тапсырысты орындау мақсаттары үшiн аулау жағдайларын қоспағанда, қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесi бекiткен биологиялық негiздеменiң электрондық көшiрмесi;

4) эксперименталдық аулауға:

қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесi бекiткен биологиялық негiздеменiң электрондық көшiрмесi;

5) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға:

қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесi бекiткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасынан үзiндi электрондық көшiрмелерi;

жануарлар дүниесi объектiлерiн алуға негiздеме беретiн материалдардың электрондық көшiрмелерi (мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негiздеме);

6) жануарлар түрлерiн өсiмiн молайту мақсатында пайдалануға:

жануарлар дүниесi объектiлерiн алуға негiздеме беретiн материалдардың электрондық көшiрмелерi (мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негiздеме).

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы, жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы, көрсетiлетiн қызметтi берушi «электрондық үкiметтiң» шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде құжаттар топтамасын қабылдау күнi мен уақытын көрсете отырып, оның тiркелгенi туралы көшiрмесiндегi белгi қағаз жеткiзгiште өтiнiштiң қабылданғанын растау болып табылады;

портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» түседi.

10. Мыналар мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту негiздемесi болып табылады:

1) өтiнiмде көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыс болмауы;

2) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы не оның болмауы.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша орталық

мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi

берушiлердiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының

шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына, мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша не Министрлiк басшысының атына 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, мекенжайы бойынша, 8 (7172) 55-58-03 телефоны бойынша берiледi.

Шағым жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндерi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң не Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде тiркелуi (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тiркелгеннен кейiн жауапты орындаушыны айқындау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң басшысына жолданады.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiнен» көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiмдердi өңдеуi барысында (жеткенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтiнiм туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап қызметтi алушыға пошта арқылы жiберiледi не қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолдан берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

Шағымда:

1) жеке тұлға — тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы;

2) заңды тұлға — атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiмге қол қоюы керек.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгiнедi.

4. Мемлекеттiк, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн

қызметтердiң ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де

талаптар

13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнiң «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» кiшi бөлiмiнде орналастырылған.

14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкiндiгi бар.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинетi» арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

16. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары: 8 (7172) 58-00-58 және мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Мақаланың шыққан күні: 10.03.2017 12:45
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.03.2017 12:45
Қаралым саны: 1258

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz