A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
«Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

"Жерүстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткiлiктi қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 15.01.2018 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Жерүстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткiлiктi қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 27.12.2018 № 543 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап — күнтiзбелiк 30 (отыз) күн (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр күн бұрын бередi.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — жерүстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткiлiктi қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру туралы оң қорытынды не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негiздер бойынша бас тарту туралы уәждi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 27.12.2018 № 543 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушылар) тегiн көрсетiледi.

8. Мемлекеттiк корпорацияның жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн қызметтi алушының тiркелген орны бойынша электрондық кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз көрсетiледi, көрсетiлетiн қызметтi алушының қалауы бойынша электрондық кезектi www.egov.kz электрондық порталы арқылы "броньдауға" болады.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не оның сенiмхат бойынша өкiлi), оның iшiнде жеңiлдiктерi бар адамдар Мемлекеттiк корпорацияға бiр данада:

1) сәйкестендiру үшiн жеке куәлiгiн;

2) ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалану негiздемесiне қатысты мәлiметтердi, су пайдалану мақсатын, жерасты суларын өндiрудiң жылдық және маусымдар бойынша есептiк көлемiн, сондай-ақ пайдаланылатын және резервтiк ұңғымалардың санын қамтитын, осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш ұсынады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тiркеу туралы, дара кәсiпкердi тiркеу туралы не дара кәсiпкер ретiнде қызметiнiң басталғаны туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушылардан талап етуге жол берiлмейдi.

Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi, егер, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Мемлекеттiк корпорация құжаттарды қабылдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi өтiнiштi қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

Құжаттарды қабылдау кезiнде Мемлекеттiк корпорация жұмыскерi құжаттардың электрондық көшiрмелерiн түсiредi, одан кейiн түпнұсқаларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге қайтарады.

Мемлекеттiк корпорация жұмыскерi тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатта мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi берiлетiн күндi көрсетедi.

Мемлекеттiк корпорацияда көрсетiлетiн қызметтi алушыға дайын құжаттарды берудi оның жұмыскерi азаматтың жеке басын куәландыратын құжат көрсеткен кезде (не оның өкiлiне сенiмхат бойынша, заңды тұлғаға өкiлдiгiн растайтын құжат бойынша) қолхат негiзiнде жүзеге асырады.

Мемлекеттiк корпорация бiр ай бойы нәтиженi сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн оны одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн жүгiнген жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның сұратуы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жiбередi.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 27.12.2018 № 543 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға арналған негiздер мыналар болып табылады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгiнiң анықталуы;

2) 2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Су кодексiнiң 90-бабының 6-тармағында көрсетiлген уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың терiс жауабы;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты оның қызметiне немесе мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуды талап ететiн жекелеген қызмет түрлерiне тыйым салу туралы соттың заңды күшiне енген шешiмiнiң (үкiмiнiң) болуы;

4) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң болуы, оның негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына не тиiстi жергiлiктi атқарушы орган басшысының атына осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 15-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почтамен не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Мыналардың:

1) жеке тұлғаның шағымында — оның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), почталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның шағымында — оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Шағымға көрсетiлетiн қызметтi алушы қол қоюы тиiс.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен күнi) растайды.

Мемлекеттiк корпорация жұмыскерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым Мемлекеттiк корпорация басшысының атына осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 15 және 17-тармақтарында көрсетiлген мекенжайлар және телефондар бойынша берiледi.

Қолма-қол, сол сияқты почтамен келiп түскен шағымның Мемлекеттiк корпорацияда қабылданғанын оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен тiркелген күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) растайды.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы уәждi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почтамен не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде немесе Мемлекеттiк корпорацияда қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Тiршiлiк әрекетiн шектейтiн ағза функцияларының тұрақты бұзушылығы бар, денсаулығы нашар көрсетiлетiн қызметтi алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн құжаттарын қабылдауды бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгiну жолымен Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi тұрғылықты жерге барып жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыларға күту мен қажеттi құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажеттi құжаттардың тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң ғимараттары мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандустары бар кiреберiспен жабдықталған болады.

15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.mcx.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнiң "Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары" кiшi бөлiмiнде;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпарат алуға мүмкiндiгi бар.

17. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары www.mcx.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

"Жерүстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткiлiктi қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (DOCX 24 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 10.03.2017 12:07
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.10.2019 11:07
Қаралым саны: 1132

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz