A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
«Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрiнiң
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 18-1/415 бұйрығына
3-қосымша

"Ағаш кесу және орман билетiн беру" мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. "Ағаш кесу және орман билетiн беру" мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк қызмет).

2. Мемлекеттiк қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi мемлекеттiк орман иеленушiлер (бұдан әрi –көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiш қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

Берiлген рұқсаттар туралы мәлiметтер "Е-лицензиялау" мемлекеттiк деректер базасы" ақпараттық жүйесiне енгiзiледi.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап — 3 (үш) жұмыс күнi;

2) құжаттар топтамасын тапсыру кезiнде кезек күтудiң жол берiлетiн барынша шектi уақыты — 30 минут;

3) қызмет көрсетудiң жол берiлетiн барынша шектi уақыты — 30 минут.

Орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның ведомствосы бекiткен сүрек дайындау көлемiнiң, Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 13-бабының 1-тармағының 18-20) тармақшасына сәйкес орман иеленушiмен келiсiмделген кеспеағаштарды игерудiң технологиялық карталарының болмауы анықталған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қараудан дәлелдi бас тарту бередi.

Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң м.а. 23.06.2016 № 270 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — қағаз түрiнде ағаш кесу және (немесе) орман билетiн беру.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан

әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушылар) тегiн көрсетiледi.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекелiк күндердi қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-дан 18.30-ға дейiн.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi.

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң м.а. 23.06.2016 № 270 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн жүгiнген жағдайда еркiн нысандағы өтiнiш бередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде құжаттар топтамасын қабылдау күнi мен уақыты көрсетiлiп, көрсетiлетiн қызмет берушiнiң кеңсесiнде тiркеу туралы оның көшiрмесiндегi белгi қағаз түрiнде өтiнiштiң қабылданғанын растау болып табылады.

Жеке басты куәландыру туралы, заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы, жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттар бойынша мәлiметтердi көрсетiлетiн қызмет берушi "электрондық үкiметтiң" шлюзi арқылы тиiстi жүйелерден алады.

9-1. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мынадай негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) өтiнiштегi немесе құжаттардағы деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгi белгiленуi;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi, ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректер мен мәлiметтердiң Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10676 болып тiркелген) бекiтiлген Ағаш кесу билетi мен орман билетiн есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты оның қызметiне немесе мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуды қажет ететiн жекелеген қызмет түрлерiне тыйым салу туралы соттың заңды күшiне енген шешiмiнiң (үкiмiнiң) болуы;

4) негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты соттың заңды күшiне енген шешiмiнiң болуы.

Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң м.а. 23.06.2016 № 270 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

шағым осы мемлекеттiк қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (7172) 55-58-03 мекенжайы бойынша Министрлiк басшысының атына берiледi.

Шағым жазбаша түрде пошта арқылы не жұмыс күндерi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолмен апарып беру арқылы қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы ол тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолдан берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы ол тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Шағымда:

1) жеке тұлға — оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, почталық мекенжайы;

2) заңды тұлға — оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Шағымға көрсетiлетiн қызметтi алушы қол қояды.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда қызметтi алушының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгiнедi.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

12. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде күту және қажеттi құжаттарды дайындау үшiн жағдайлар жасалады (күтiп отыруға арналған орындықтар, құжаттар толтыру орындары стендiлермен және қажеттi құжаттар тiзбесiмен және оларды толтыру үлгiлерiмен жарақтандырылады), сондай-ақ мүмкiндiгi шектеулi көрсетiлетiн қызмет алушыларға қызмет көрсету үшiн пандустар қарастырылады.

13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң: www.minagri.gov.kz ғаламтор-ресурсында орналастырылған, "Қолдау және қызметтер" бөлiмi, "Мемлекеттiк қызметтер" кiшi бөлiмi.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алу мүмкiндiгi бар.

15. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары: 8 (7172) 58-00-58 және мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: (1414).

Жүктеу (DOCX 21 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 10.03.2017 12:23
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.07.2018 11:25
Қаралым саны: 1106

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz