A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрi
мiндетiн атқарушының
2015 жылғы 30 сәуiрдегi
№ 18-03/390 бұйрығына
9 қосымша

«Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың және аудандардың жергiлiктi атқарушы органдары (облыстық маңызы бар қалалар) (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап — 5 (бес) жұмыс күнi;

2) қажеттi құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минуттан аспайды;

3) мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алған кезде кезек күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минуттан аспайды.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — облыс әкiмдiгiнiң жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiндегi қаулысы.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетудiң нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушылар) тегiн көрсетiледi.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң (бұдан әрi — Кодекс) 96-бабына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбi-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

бекiтiп беруге конкурсқа қатысқан кезде:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжат, ал өкiл — қызметтi алушы өкiлiнiң өкiлеттiгiн растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн);

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыны аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру бойынша конкурстың жеңiмпазы деп тану туралы аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру бойынша конкурстың қорытындылары туралы хаттамасының көшiрмесi.

Жеке меншiкте немесе жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiнде аңшылық алқаптар, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi толығымен орналасқан кезде:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжат, ал өкiл — қызметтi алушы өкiлiнiң өкiлеттiгiн растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн).

Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мерзiмi өткен кезде:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжат, ал өкiл — қызметтi алушы өкiлiнiң өкiлеттiгiн растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн);

3) Министрлiк Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi комитетiнiң аумақтық бөлiмшесiнiң ұсынымы.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi берушiге көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде құжаттар топтамасын қабылдау күнi мен уақытын көрсете отырып, оның тiркелгенi туралы көшiрмесiндегi белгi қағаз жеткiзгiште өтiнiштiң қабылданғанын растау болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша жергiлiктi

атқарушы органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi

берушiлердiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының

шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына, мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша не Министрлiк басшысының атына 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, мекенжайы бойынша, 8 (7172) 55-58-03 телефоны бойынша берiледi.

Шағым жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндерi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң не Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде тiркелуi (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тiркелгеннен кейiн жауапты орындаушыны айқындау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң басшысына жолданады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап қызметтi алушыға пошта арқылы жiберiледi не қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолдан берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

Шағымда:

1) жеке тұлға — тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы;

2) заңды тұлға — атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiшке қол қоюы керек.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгiнедi.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

12. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнiң «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» кiшi бөлiмiнде орналастырылған.

13. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы ақпаратты мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алуға мүмкiндiгi бар.

14. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары: 8 (7172) 58-00-58 және мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (DOCX 19 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 10.03.2017 12:40
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.03.2017 12:40
Қаралым саны: 997

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz