A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
«ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрiнiң
2018 жылғы _________
№ _____ бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрiнiң
2015 жылғы 23 сәуiрдегi
№ 301 бұйрығына
6-қосымша

I, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "II, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi порталға жүгiнген кезден бастап:

II және III санаттағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру өтiнiмдi тiркеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде;

IV санаттағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру өтiнiмдi тiркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде;

рұқсатты қайта ресiмдеу — 15 (он бес) күнтiзбелiк күн iшiнде;

Көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлген қызметтi алушының өтiнiмiн тiркеген кезден бастап II және III санаттағы объектiлер үшiн ұсынылған құжаттардың толық болуын 5 (бес) жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде тексередi.

Ұсынылған құжаттардың толық емес екендiгi және (немесе) мерзiмi өткендiгi анықталған жағдайда көрсетiлген қызметтi берушi белгiленген мерзiмде өтiнiштi қарастыру бойынша себептерiн негiздей отырып уәждi бас тарту бередi.

5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету нысаны: электрондық түрiнде.

6. Мемлекеттiк көрстiлетiн қызметтi көрсету нәтижесi — II, III және IV санаттағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат, рұқсатты қайта ресiмдеу немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәждi жауап.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық.

Порталда мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электронды цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi — ЭЦҚ) қойылған электрондық құжаттар нысанында "жеке кабинетке" жолданады.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Порталдың жұмыс графигi — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi есептемегенде, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнiмен жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы порталға жүгiнген кезде:

II және III санаттағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшiн:

1) II және III санаттағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшiн осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысанындағы өтiнiм;

2) бекiтiлген эмиссиялар нормативтерi қамтылған құрылыс жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы не ведомстводан тыс кешендi сараптаманың қорытындысы;

3) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары;

IV санаттағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшiн:

1) IV санаттағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшiн осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiм;

2) қоршаған ортаға эмиссиялардың есептiк немесе аспаптық жолмен белгiленген және негiзделген нормативтерi;

II, III және IV санаттағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресiмдеу үшiн:

1) II, III және IV санаттағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қайта рәсiмдеу үшiн осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiм;

2) қайта ресiмделетiн эмиссияға рұқсат берiлген табиғат пайдалану объектiсiне (объектiлерiне) қатысты оған (оларға) меншiк құқығының ауысқанын растайтын құжаттың көшiрмесi.

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), дара кәсiпкерлiктi мемлекеттiк тiркеу, эмиссияның нормативтерi бар жобаларға мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындылары, рұқсаттары туралы құжаттардың мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушi "электронды үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Қызметтердi алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе көрсетiлетiн ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиясы бар мәлiметтердi пайдалануға келiсiмiн бередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде порталға "жеке кабинетiне" мемлекеттiк қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жiберiледi.

10. Мыналар мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту негiздемесi болып табылады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтау;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi;

3) сұратылып отырған табиғат пайдалану шарттары Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексiнiң 73-бабында көрсетiлген талаптарға сәйкес келмеуi;

4) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасымен белгiленген экологиялық талаптар мен нормаларға, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiне қол жеткiзудi қамтамасыз етуге сәйкес келмеуi;

5) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты оның қызметiне немесе мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуды талап ететiн жекелеген қызмет түрлерiне тыйым салу туралы соттың заңды күшiне енген шешiмiнiң (үкiмiнiң) болуы;

6) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң болуы, оның негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының, көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану үшiн: шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша, портал арқылы немесе жұмыс күндерi қызмет берушiнiң кеңсесi арқылы қабылданады.

Шағымда:

1) жеке тұлға — оның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны;

2) заңды тұлға — оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiшке қол қоюы керек.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижесi туралы уәждi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнен" көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiштердi өңдеуi барысында (жеткенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiне алады.

4-тарау. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасының электрондық үкiметi www.egov.kz, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары" бөлiмiнде орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинетi" арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

15. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58, 119 және бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

Жүктеу (DOCX 36 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 10.03.2017 11:51
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.10.2019 10:11
Қаралым саны: 1225

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz