A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
«II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы 30 шiлдегi
№ А-8/362 қаулысына
1-қосымша

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 29 қыркүйектегi
№ А-10/449 қаулысымен
бекiтiлген

«II, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық
сараптама қорытындысын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет
регламентi

1.Жалпы ережелер

1. «II, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiлдi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiметтiң» веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2.Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық.

3.Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2015 жылғы 23 сәуiрдегi №301 (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №11229 болып тiркелген) бұйрығымен бекiтiлген «II, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысанда II, III және IV санатты объектiлердiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасының қорытындысын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәждi жауап беру.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) әрекет ету тәртiбiн сипаттау

4. Стандарттың 9 тармағына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушымен ұсынылған құжаттар мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимылды) бастауға негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) кеңсе маманы көрсетiлетiн қызметтi алушымен қажеттi құжаттар ұсынылған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды iске асырады, «Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер базасы» ақпараттық жүйесiнде (бұдан әрi — «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) тiркеудi жүргiзедi және оны бұрыштама қою үшiн басшыға жiбередi — 20 минут;

2) басшы өтiнiштi қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 60 минут;

3) жауапты орындаушы көрсетiлетiн қызмет алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi. Ұсынылған құжаттардың толық еместiгi және (немесе) қолдану мерзiмi өткен құжаттар анықталған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi әрi қарай қараудан бас тарту туралы уәждi жауап бередi;

4)жауапты орындаушы құжаттардың толық болған кезiнде II санаттағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын — 25 жұмыс күнi iшiнде, III және IV санаттағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын — 10 жұмыс күнi iшiнде.

Ұсынылған құжаттардың мазмұны бойынша ескертулер болған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi портал арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыға:

II санатты объектiлер үшiн 15 жұмыс күнi iшiнде уәждi ескертулердi жолдайды, көрсетiлетiн қызметтi алушы оларды ескертулер берiлген күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде жояды;

III және IV санатты объектiлер үшiн 7 жұмыс күнi iшiнде уәждi ескертулердi жолдайды, көрсетiлетiн қызметтi алушы оларды ескертулер берiлген күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде жояды. Бұл ретте, көрсетiлген мерзiмдер өткеннен кейiн көрсетiлетiн қызметтi берушi ескертулер бойынша өңделген құжаттарды қабылдамайды.

Олар белгiленген мерзiмде жойылған жағдайда, мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы берiледi.

Олар белгiленген мерзiмде жойылмаған жағдайда, мемлекеттiк экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы берiледi.

5)басшы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiне «Е-лицензиялау» МДБ АЖ — ЭЦҚ арқылы қолын қояды — 30 минут;

6) кеңсе қызметкерi «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн бередi — 20 минут.

6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылының) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушысын анықтау;

3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiсi анықталған жағдайда, одан әрi қараудан бас тарту туралы уәждi жауап дайындау;

4) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн дайындау;

5) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiне қол қою;

6) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара әрекет ету тәртiбiнiң сипаттамасы

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсе қызметкерi;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелердiң (қызметкерлердiң) арасындағы ресiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) кеңсе қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тiркеудi жүргiзедi және басшыға бұрыштама қоюға жолдайды — 20 минут;

2) көретiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны анықтайды — 60 минут;

3) жауапты орындаушы көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi. Ұсынылған құжаттардың толық еместiгi және (немесе) қолдану мерзiмi өткен құжаттар анықталған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi әрi қарай қараудан бас тарту туралы уәждi жауап бередi;

4) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығы кезiнде II санаттағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын дайындайды — 25 жұмыс күнi, III және IV санаттағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын дайындайды — 10 жұмыс күнi.

Ұсынылған құжаттардың мазмұны бойынша ескертулер болған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi портал арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыға:

II санатты объектiлер үшiн 15 жұмыс күнi iшiнде уәждi ескертулердi жолдайды, көрсетiлетiн қызметтi алушы оларды ескертулер берiлген күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде жояды.

III және IV санатты объектiлер үшiн 7 жұмыс күнi iшiнде уәждi ескертулердi жолдайды, көрсетiлетiн қызметтi алушы оларды ескертулер берiлген күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде жояды. Бұл ретте, көрсетiлген мерзiмдер өткеннен кейiн көрсетiлетiн қызметтi берушi ескертулер бойынша өңделген құжаттарды қабылдамайды.

Олар белгiленген мерзiмде жойылған жағдайда, мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы берiледi.

Олар белгiленген мерзiмде жойылмаған жағдайда, мемлекеттiк экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы берiледi.

5) басшы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ ЭЦҚ арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiне қолын қояды — 30 минут;

6) кеңсе қызметкерi «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн бередi — 20 минут.

4.Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiнiң сипаттамасы

9. Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және көрсетiлетiн қызметтi алушының жүгiну тәртiбiн және рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының) реттiлiгiн сипаттау:

көрсетiлетiн қызметтi алушының өзiнiң ЭЦК тiркеу куәлiгiнiң көмегiмен порталда тiркеудi (авторизациялауды) жүзеге асырады;

1-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн порталға ЖСН/БСН және паролiн (авторизациялау процесi) енгiзу процесi.

1-шарт — ЖСН/БСН және пароль арқылы тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнiң түпнұсқалығы порталда тексерiледi;

2-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнде кемшiлiктердiң болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;

3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы осы регламентте көрсетiлген қызметтердi таңдайды, экранға оның құрылымы мен пiшiмдi талаптарын ескере отырып, қызметтердi көрсету және көрсетiлетiн қызметтi алушымен нысанды толтыру (деректердi енгiзу) үшiн сұраныстың нысанын шығару, сұраныстың нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген электрондық үлгiдегi қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн жалғау, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi алушы сұраныстың куәлiгi (қол қою) үшiн электрондық-цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрi — ЭЦҚ) тiркеу куәлiгiн таңдайды.

2-шарт — порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi және қайтарып алынған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде болмауы, сондай-ақ сәйкестендiру мәлiметтерiнiң сәйкестiгi тексерiледi (сұраныста көрсетiлген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасында);

4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦК расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тартау туралы хабарлама қалыптастырылады;

5-прецесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiмен сұранысты өңдеу үшiн «электрондық үкiмет» өңiрлiк шлюзының автоматтандырылған жұмыс орынында «электрондық үкiмет» шлюзы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦК куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысын) жолдау;

3 — шарт көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметтi алушының қоса берген Стандартта көрсетiлген құжаттардың және қызмет көрсету негiздерiнiң сәйкестiгiн тексеру;

6-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

7-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының порталмен қалыатастырылған қызмет нәтижесiн (электронды құжат нысанындағы хабарлама) алуы.

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылының диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) рәсiмiнiң (iс-қимылының), өзара iс-қимылының реттiлiгiн толықтай сипаттау, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтi көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

Жүктеу (DOCX 377 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 10.03.2017 10:39
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.10.2019 09:45
Қаралым саны: 1135

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz