A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 12 қарашадағы
№ А-11/523 қаулысымен
бекiтiлген

«Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiметтiң» веб-порталы (бұдан әрi — Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету нәтижесi — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 30 сәуiрдегi № 18-03/390 бұйрығымен бекiтiлген «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 10 тармағымен қарастырылған негiз бойынша және жағдайда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтен бас тарту туралы дәлелдi жауап немесе жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетудiң нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрiнде.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) iс-әрекетiнiң тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды, оларды «Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер базасы» ақпараттық жүйесiнде (бұдан әрi — «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) тiркеудi жүзеге асырылады, жауапты орындаушыны анықтау үшiн басшының қарауына жолдайды — 30 минут;

2) басшы жауапты орындаушыны анықтайды және құжаттарды тексеру үшiн жауапты орындаушыға жолдайды — 30 минут;

3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактiсi анықталған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiмдi одан әрi қараудан дәлелдi түрде бас тартады — 1 жұмыс күнi;

4) жауапты орындаушы жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсатты немесе бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды және қол қою үшiн басшысына жолдайды — 1 жұмыс күнi;

5) басшы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету нәтижесiне «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы электрондық цифрлық қол қою (бұдан әрi — ЭЦҚ) арқылы қолын қояды. Егер қызмет алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу өтiнiшi қағаз түрiнде болса құжатқа Портал арқылы ЭЦҚ қол қойылады және басылып шығарылады мөрмен және басшының қолымен бекiтiледi — 1 жұмыс күнi;

6) кеңсе қызметкерi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 15 минут.

6. Келесi рәсiмдердi (iс-қимылды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижелерi:

1) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушының құжаттарын қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны анықтау;

3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру;

4) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн дайындау;

5) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қою;

6) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету процесiндегi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) өзара әрекеттерiнiң тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету процесiнде қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсе қызметкерi;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдер (iс-қимылдар) кезеңдiлiгiнiң сипаттамасы:

1) кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды, оларды «Е-лицензиялау» МДБ АЖ тiркеудi жүзеге асырылады, жауапты орындаушыны анықтау үшiн басшының қарауына жолдайды — 30 минут;

2) басшы жауапты орындаушыны анықтайды және құжаттарды тексеру үшiн жауапты орындаушыға жолдайды — 30 минут;

3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактiсi анықталған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiмдi одан әрi қараудан дәлелдi түрде бас тартады — 1 жұмыс күнi;

4) жауапты орындаушы жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсатты немесе бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды және қол қою үшiн басшысына жолдайды — 1 жұмыс күнi;

5) басшы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету нәтижесiне «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы ЭЦҚ арқылы қолын қояды. Егер қызмет алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу өтiнiшi қағаз түрiнде болса құжатқа Портал арқылы ЭЦҚ қол қойылады және басылып шығарылады мөрмен және басшының қолымен бекiтiледi — 1 жұмыс күнi;

6) кеңсе қызметкерi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 15 минут.

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбiн сипаттау

9. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi Портал арқылы көрсеткен кездегi өтiнiш бiлдiру тәртiбiн және мемлекеттiк қызметтi алушы мен көрсетiлетiн қызметтi берушi рәсiмдерiнiң (әрекеттерiнiң) кезеңдiлiгiн сипаттау:

көрсетiлетiн қызметтi алушы Порталда жеке сәйкестендiрiлген нөмiрiнiң (бұдан әрi — ЖСН) және бизнес-сәйкестендiрiлген нөмiрi (бұдан әрi — БСН), сондай-ақ паролi (Порталда тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн iске асырылады) көмегiмен Порталда тiркеудi жүзеге асырады.

1-процесс — Порталда көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн, көрсетiлетiн қызметтi алушымен ЖСН/БСН және парольдi енгiзу процесi (авторизациялау процесi). 1-шарт — Порталда қызметтi алушы ЖСН/БСН және пароль арқылы тiркелген көрсетiлетiн деректерiнiң дұрыстығын тексеру;

2-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы деректерiнде бұзушылықтардың орын алуына байланысты, авторизациялаудан бас тарту туралы Порталмен хабарландыруды қалыптастыру;

3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетiлетiн қызметтi алушының оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып нысанды (мәлiметтердi енгiзу) толтыру, сұрау салу нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген электрондық түрде құжаттардың қажеттi көшiрмелерiн сұрау салу нысанына бекiту, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшiн тiркеу куәлiгiн таңдауы. 2-шарт — Порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолдану мерзiмiн және керi қайтарылған (жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде жоқ екендiгiн, сондай-ақ сәйкестендiру мәлiметтерiнiң (сұрау салуда көрсетiлген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасында) сәйкестiлiгiн тексеру;

4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

5-процесс — электрондық үкiметтiң төлем шлюзiнде (бұдан әрi — ЭҮТШ) төлем, сонан соң ақпарат «Е-лицензиялау» МДБ АЖ келiп түседi немесе түбiртектi электрондық (сканерленген) түрде бекiту. 3-шарт — «Е-лицензиялау» МДБ АЖ қызметтi көрсету үшiн төлеу фактiсiн тексеру;

6-процесс — «Е-лицензиялау» МДБ АЖ қызметтi көрсету үшiн төлемнiң жүргiзiлмеуiне байланысты, сұратылған қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

7-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiмен сұрау салуды өңдеу үшiн «электрондық үкiмет» аймақтық шлюзi автоматтандырылған жұмыс орнында «электрондық үкiмет» шлюзi арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысы) жолдау;

8-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң осы регламенттiң 5-тармағында көзделген рәсiмдерi (iс-қимылдары);

9-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушымен «Е-лицензиялау» МДБ АЖ қалыптастырылған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету нәтижесiн алу. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.

10. Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекет етуiнiң диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген.

11. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) рәсiмдерiнiң (әрекеттерiнiң) кезеңдiлiгiн, сондай-ақ өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара әрекет етуiнiң тәртiбiн және мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн нақтылы сипаттау осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлдi.

«Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (DOCX 199 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 10.03.2017 11:39
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.03.2017 11:39
Қаралым саны: 1110

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz