A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
«Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

"Жерүстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткiлiктi қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

Ескерту. Регламент жаңа редакцияда — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 25.07.2019 № А-8/348 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

1. "Жерүстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткiлiктi қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру, "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — жерүстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткiлiктi қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру туралы оң қорытынды не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 6 мамырдағы № 19-1/422 бұйрығымен бекiтiлген "Жерүстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткiлiктi қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11765 болып тiркелдi) (бұдан әрi — Стандарт) 10-тармағында көзделген негiздер бойынша бас тарту туралы уәждi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) әрекет ету тәртiбiнiң сипаттамасы

4. Мемелекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi рәсiмдi (iс-қимылды) бастау үшiн, Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушымен ұсынылған құжаттар, негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтылығы:

1) кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оны тiркеудi iске асырады — 15 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 30 минут;

3) жауапты орындаушы келiп түскен құжаттарды тексередi, мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн дайындайды-28 күнтiзбелiк күн;

4) басшы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiне қол қояды — 30 минут;

5) кеңсе қызметкерi мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн бередi — 15 минут.

6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны анықтау;

3) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн дайындау;

4) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiне қол қою;

5) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсе қызметкерi;

2) басшы;

3) жауапты орындаушысы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелердiң (қызметкерлердiң) арасындағы ресiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оны тiркеудi iске асырады — 15 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 30 минут;

3) жауапты орындаушы келiп түскен құжаттарды тексередi, мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн дайындайды — 28 күнтiзбелiк күн;

4) басшы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiне қол қояды — 30 минут;

5) кеңсе қызметкерi мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн бередi — 15 минут.

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету процесiнде Мемлекеттiк корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара әрекет ету тәртiбiнiң сипаттамасы

9. Мемлекеттiк корпарацияға өтiнiш бiлдiру тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң сұрау салуын өңдеу ұзақтылығы:

1-процесс — Мемлекеттiк корпорация қызметкерi ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды, тiркейдi және құжаттарды қабылдаған күнi мен уақыты көрсетiлген құжаттарды қабылдау туралы қолхат бередi;

1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорация қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi;

2-процесс — осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiнiң 5-тармағында көзделген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

3-процесс — Мемлекеттiк корпорация қызметкерi тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң дайын нәтижесiн бередi.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара әрекетiнiң, рәсiмдер (әрекеттер) кезеңдiлiгiнiң толық сипаттамасы, сондай — ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде басқа да көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) Мемлекеттiк корпарациямен өзара әрекет етудiң тәртiбiн сипаттау осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес — процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

"Жерүстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткiлiктi қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (DOCX 87 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 10.03.2017 10:54
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.10.2019 11:19
Қаралым саны: 1075

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz