A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
«II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы 30 шiлдегi
№ А-8/362 қаулысына
2-қосымша

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 29 қыркүйектегi
№ А-10/449 қаулысымен
бекiтiлген

«II, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн
қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «II, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi).

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiметтiң» веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету нәтижесi — II, III және IV санаттағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат, рұқсатты қайта рәсiмдеу Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2015 жылғы 23 сәуiрдегi № 301 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №11229 болып тiркелген) бұйрығымен бекiтiлген «II, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 10 — тармағымен көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәждi жауап.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң
құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) әрекет ету тәртiбiн сипаттау

4. Мемелекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi рәсiмдi (iс-қимылды) бастау үшiн, Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушымен ұсынылған құжаттар, негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) кеңсе маманы көрсетiлетiн қызметтi алушымен қажеттi құжаттар ұсынылған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды iске асырады, «Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер базасы» ақпараттық жүйесiнде (бұдан әрi — «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) тiркеудi жүргiзедi және оны бұрыштама қою үшiн басшыға жiбередi — 20 минут;

2) басшы өтiнiштi қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 60 минут;

3) жауапты орындаушы II және III санаттағы объектiлер үшiн — 2 жұмыс күнi iшiнде тексередi.

Ұсынылған құжаттардың толық емес екендiгi және (немесе) мерзiмi өткендiгi анықталған жағдайда көрсетiлген қызметтi берушi белгiленген мерзiмде өтiнiштi қарастыру бойынша себептерiн негiздей отырып уәждi бас тарту бередi;

4) жауапты орындаушы құжаттардың толық болған кезiнде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына мыналарды дайындайды және бередi: II және III санаттағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру — 6 жұмыс күнi iшiнде, IV санаттағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру — 3 жұмыс күнi iшiнде, рұқсатты қайта рәсiмдеу — 10 күнтiзбелiк күн;

5) басшы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ ЭЦҚ арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiне қолын қояды — 30 минут;

6) кеңсе қызметкерi «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн бередi — 20 минут.

6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылының) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны анықтау;

3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiсi анықталған жағдайда, өтiнiштi одан әрi қараудан бас тарту туралы уәждi жауап дайындау;

4) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн дайындау;

5) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiне қол қою;

6) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара әрекет ету тәртiбiнiң сипаттамасы

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсе маманы;

2) басшы;

3) қызмет көрсетушiнiң жауапты орындаушы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелердiң (қызметкерлердiң) арасындағы ресiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) кеңсе қызметкерлерi көрсетiлетiн қызметтi алушымен қажеттi құжаттарды ұсынған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, «Е-лицензиялау» МДБ АЖ тiркеудi жүзеге асырады және бұрыштама қою үшiн басшылыққа жiбередi — 20 минут;

2) көретiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны анықтайды — 60 минут;

3) жауапты орындаушы II және III санаттағы объектiлер үшiн — 2 жұмыс күнi iшiнде тексередi.

Ұсынылған құжаттардың толық емес екендiгi және (немесе) мерзiмi өткендiгi анықталған жағдайда көрсетiлген қызметтi берушi белгiленген мерзiмде өтiнiштi қарастыру бойынша себептерiн негiздей отырып уәждi бас тарту бередi;

4) жауапты орындаушы құжаттардың толық болған кезiнде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына мыналарды дайындайды және бередi: II және III санаттағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру — 6 жұмыс күнi iшiнде, IV санаттағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру — 3 жұмыс күнi iшiнде, рұқсатты қайта рәсiмдеу — 10 күнтiзбелiк күнiнде;

5) басшы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ ЭЦҚ арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiне қолын қояды — 30 минут;

6) кеңсе қызметкерi «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн бередi — 20 минут.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбi

9. Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және көрсетiлетiн қызметтi алушының жүгiну тәртiбiн және рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының) реттiлiгiн сипаттау:

көрсетiлетiн қызметтi алушының өзiнiң ЭЦК тiркеу куәлiгiнiң көмегiмен порталда тiркеудi (авторизациялауды) жүзеге асырады;

1-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн порталға ЖСН/БСН және паролiн (авторизациялау процесi) енгiзу процесi.

1-шарт — ЖСН/БСН және пароль арқылы тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнiң түпнұсқалығы порталда тексерiледi;

2-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнде кемшiлiктердiң болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;

3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы осы регламентте көрсетiлген қызметтердi таңдайды, экранға оның құрылымы мен пiшiмдi талаптарын ескере отырып, қызметтердi көрсету және көрсетiлетiн қызметтi алушымен нысанды толтыру (деректердi енгiзу) үшiн сұраныстың нысанын шығару, сұраныстың нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген электрондық үлгiдегi қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн жалғау, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi алушы сұраныстың куәлiгi (қол қою) үшiн электрондық-цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрi — ЭЦҚ) тiркеу куәлiгiн таңдайды.

2-шарт — порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi және қайтарып алынған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде болмауы, сондай-ақ сәйкестендiру мәлiметтерiнiң сәйкестiгi тексерiледi (сұраныста көрсетiлген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасында);

4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦК расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тартау туралы хабарлама қалыптастырылады;

5-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiмен сұранысты өңдеу үшiн «электрондық үкiмет» өңiрлiк шлюзының автоматтандырылған жұмыс орынында «электрондық үкiмет» шлюзы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦК куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысын) жолдау;

6-процесс — осы регламенттiң 5-тармағымен көзделген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

7-процесс — МДБ АЖ «Е-лицензиялау» арқылы қызмет алушымен қалыптасқан мемлекеттiк қызмет көрсету нәтежесiн алуы. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысымен ЭЦҚ пайдаланумен қалыптасады.

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылының диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) рәсiмiнiң (iс-қимылының), өзара iс-қимылының реттiлiгiн толықтай сипаттау, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтi көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

Жүктеу (DOCX 375 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 10.03.2017 10:30
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.10.2019 17:15
Қаралым саны: 1082

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz