A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
«Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы «14» қыркүйектегi № А-9/428
қаулысымен бекiтiлген

«Ағаш кесу және орман билетiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «Ағаш кесу және орман билетiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) мемлекеттiк орман иеленушiлер болып табылатын Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығының мемлекеттiк мекемелерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы iске асырылады:

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — электрондық (iшiнара автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi — қағаз түрiнде ағаш кесу және (немесе) орман билетiн беру болып табылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет бойынша үдерiстiң балуына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 6 мамырдағы № 18-1/415 бұйрығымен бекiтiлген «Ағаш кесу және орман билетiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 9-тармағына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушылармен (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) ұсынылған құжаттар негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтылығы:

1) кеңсе маманы құжаттарды қабылдауды және тiркеудi iске асырады, басшының қарауына ұсынады — 30 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысын анықтайды — 30 минут;

3) жауапты орындаушы берiлген құжаттардың толықтығына және заңнама талаптарына сәйкестiгiн тексередi — 2 жұмыс күнi iшiнде. Егер Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң 13-бабы 1-тармағы 18-20 тармақшаларына сәйкес орман иелерiмен келiсiлген, келiсiлетiн ағаштарды әзiрлеуге технологиялық картаның болмауы, орман шаруашылығы саласында ведомстволық уәкiлеттi органдармен бекiтiлген ағаш дайындау көлемдерiнiң болмауы анықталған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi көрсетушi өтiнiштi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауап бередi;

4) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығы және заңнама талаптарына сәйкес келген жағдайда ағаш кесу және (немесе) орман билетiн дайындайды, орман пайдалану үшiн төлемақыны анықтайды — 1 жұмыс күнi;

5) басшы өтiнiштi одан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды — 30 минут;

6) кеңсе маманы көрсетiлетiн қызметтi алушыға ағаш кесу және (немесе) орман билетiн бередi — 30 минут.

6. Келесi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды тiркеу және қабылдау;

2) жауапты орындаушысын анықтау;

3) берiлген құжаттардың толықтығын және заңнама талаптарына сәйкестiгiн тексередi. Егер Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң 13-бабы 1-тармағы 18-20) тармақшаларына сәйкес орман иелерiмен келiсiлген, келiсiлетiн ағаштарды әзiрлеуге технологиялық картаның болмауы, орман шаруашылығы саласында ведомстволық уәкiлеттi орандармен бекiтiлген ағаш дайындау көлемдерiнiң болмауы анықталған жағдайда қызмет көрсетушi өтiнiштi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауап бередi;

4) ағаш кесу және (немесе) орман билеттерiн дайындау;

5) ағаш кесу және (немесе) орман билеттерiне қол қою;

6) ағаш кесу және (немесе) орман билеттерiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсе маманы;

2) басшы;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы;

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдер (iс-қимылдар) реттiлiгiнiң сипаттамасы:

1) кеңсе маманы құжаттарды тiркеудi және қабылдауды жүзеге асырады, басшының қарауына бередi — 30 минут;

2) басшы құжаттарды қарастырады және жауапты орындаушыны анықтайды — 30 минут;

3) жауапты орындаушы берiлген құжаттардың толықтығына және заңнама талаптарына сәйкестiгiн тексередi — 2 жұмыс күнi iшiнде. Егер Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң 13-бабы 1-тармағы 18-20) тармақшаларына сәйкес орман иелерiмен келiсiлген, келiсiлетiн ағаштарды әзiрлеуге технологиялық картаның болмауы, орман шаруашылығы саласында ведомстволық уәкiлеттi орандармен бекiтiлген ағаш дайындау көлемдерiнiң болмауы анықталған жағдайда қызмет көрсетушi өтiнiштi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауап бередi;

4) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығы және заңнама талаптарына сәйкес келген жағдайда ағаш кесу және (немесе) орман билетiн дайындайды, орман пайдалану үшiн төлемақыны анықтайды — 1 жұмыс күнi;

5) басшы ағаш кесу және (немесе) орман билетiне қол қояды — 30 минут;

6) Кеңсе маманы көрсетiлетiн қызметтi алушыға ағаш кесу және (немесе) орман билетiн бередi — 30 минут.

Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде рәсiмдер (iс-қимылдар) ретiнiң, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) өзара iс-қимылдарының толық сипаттамасы, осы Регламенттiң 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-үдерiстерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

«Ағаш кесу және орман билетiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (DOCX 107 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 10.03.2017 11:07
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.03.2017 11:07
Қаралым саны: 1020

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz