A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
«Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 12 қарашадағы
№ А-11/523 қаулысымен
бекiтiлген

«Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету нәтижесi — жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде облыс әкiмдiгiнiң қаулысы (бұдан әрi — қаулы).

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетудiң нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) iс-әрекетiнiң тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 30 сәуiрдегi № 18-03/390 бұйрығымен бекiтiлген «Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды, тiркеудi жүзеге асырады, басшының қарауына жолдайды — 15 минут.

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 30 минут;

3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды тексередi және келiсу үшiн қаулы жобасын басшыға жолдайды — 1 жұмыс күнi;

4) басшы қаулы жобасын келiседi және облыс әкiмдiгiне келiсуге жолдайды — 1 сағат;

5) облыс әкiмдiгi қаулы жобасына келiсу жүргiзедi, шешiм қабылдайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне жолдайды — 2 жұмыс күнi;

6) кеңсе қызметкерi көрсетiлетiн қызмет алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 15 минут.

6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижелерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны анықтау;

3) облыс әкiмдiгiнiң қаулы жобасын келiсуге жiберу;

4) қаулы жобасын облыс әкiмдiгiне жiберу;

5) облыс әкiмдiгiнiң қаулысы;

6) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету процесiндегi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) өзара әрекеттерiнiң тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету процесiнде қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсе қызметкерi;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы;

4) облыс әкiмдiгi.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдер (iс-қимылдар) кезеңдiлiгiнiң сипаттамасы:

1) кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды, тiркеудi жүзеге асырады, басшының қарауына жолдайды — 15 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 30 минут;

3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды тексередi және келiсу үшiн қаулы жобасын басшыға жолдайды — 1 жұмыс күнi;

4) басшы қаулы жобасын келiседi және облыс әкiмдiгiне келiсуге жолдайды — 1 сағат;

5) облыс әкiмдiгi қаулы жобасына келiсу жүргiзедi, шешiм қабылдайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне жолдайды — 2 жұмыс күнi;

6) кеңсе қызметкерi көрсетiлетiн қызмет алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 15 минут.

9. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету процесiнде рәсiмдер (iс-қимылдар) ретiнiң, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) өзара iс-қимылдарының толық сипаттамасы, осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

«Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (DOCX 106 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 10.03.2017 11:12
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.03.2017 11:12
Қаралым саны: 993

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz