A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
«Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

"Су объектiлерiн оқшауланған немесе бiрлесiп пайдалануға конкурстық негiзде беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

Ескерту. Регламент жаңа редакцияда — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 25.07.2019 № А-8/348 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

1. "Су объектiлерiн оқшауланған немесе бiрлесiп пайдалануға конкурстық негiзде беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттiк мекемесiмен, аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы арқылы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — облыстың, аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының (бұдан әрi — әкiмдiк) су объектiсiн оқшауланған немесе бiрлесiп пайдалануға беру туралы шешiмi және (немесе) конкурс қорытындылары туралы конкурстық комиссия хаттамасы негiзiнде "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттiк мекемесiмен, аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары мен конкурс жеңiмпазы арасындағы су объектiлерiн оқшауланған немесе бiрлесiп пайдалануға беру туралы қағаз түрiндегi шарт не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 6 мамырдағы № 19-1/422 бұйрығымен бекiтiлген "Су объектiлерiн оқшауланған немесе бiрлесiп пайдалануға конкурстық негiзде беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11765 болып тiркелдi) (бұдан әрi — Стандарт) 10-тармағында көзделген негiздер бойынша бас тарту туралы уәждi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) әрекет ету тәртiбiнiң сипаттамасы

4. Мемелекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi рәсiмдi (iс-қимылды) бастауға негiздеме Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушымен ұсыған құжаттар болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтылығы:

1) конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық өтiнiмдi қабылдауды iске асырады — хабарландыру орналастырылған күнiнен бастап 17 жұмыс күнi;

2) конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашады — 3 сағат;

3) конкурстық комиссия құжаттарды қарастырады және конкурс қорытындыларын шығарады — 8 жұмыс күнi;

4) конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қорытындылары туралы хаттаманың көшiрмесiн конкурсқа қатысушыларға және қаулы жобасын әкiмдiкке жiбередi — 1 жұмыс күнi;

5) әкiмдiк жобамен танысады және су объектiсiн оқшауланған немесе бiрлесiп пайдалануға беру туралы қаулы қабылдайды — 5 жұмыс күнi;

6) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы әкiмдiктiң қаулысы негiзiнде су объектiсiн оқшауланған немесе бiрлесiп пайдалануға беру туралы шарттың жобасын дайындайды — 10 жұмыс күнi;

7) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы су объектiсiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға беру туралы шартқа қол кояды — 30 минут;

8) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы су объектiсiн оқшауланған немесе бiрлесiп пайдалануға беру туралы шартқа қол қояды — 15 минут.

6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) конкурстық өтiнiмдердi тiркеу;

2) конверттердi ашу хаттамасына қол қою;

3) конкурстың қорытындысы туралы хаттамасына қол қою;

4) әкiмдiк қаулысының жобасын келiсу;

5) әкiмдiк қаулысын қабылдау;

6) шарттың жобасын дайындау;

7) шартқа қол қою;

8) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) конкурстық комиссияның хатшысы;

2) конкурстық комиссия;

3) әкiмдiк;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелердiң (қызметкерлердiң) арасындағы ресiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық өтiнiмдi қабылдауды iске асырады — хабарландыру орналастырылған күнiнен бастап 17 жұмыс күнi;

2) конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашады — 3 сағат;

3) конкурстық комиссия құжаттарды қарастырады және конкурс қорытындыларын шығарады — 8 жұмыс күнi;

4) конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қорытындылары туралы хаттаманың көшiрмесiн конкурсқа қатысушыларға және қаулы жобасын әкiмдiкке жiбередi — 1 жұмыс күнi;

5) әкiмдiк жобамен танысады және су объектiсiн оқшауланған немесе бiрлесiп пайдалануға беру туралы қаулы қабылдайды — 5 жұмыс күнi;

6) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы әкiмдiктiң қаулысы негiзiнде су объектiсiн оқшауланған немесе бiрлесiп пайдалануға беру туралы шарттың жобасын дайындайды — 10 жұмыс күнi;

7) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы су объектiсiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға беру туралы шартқа қол кояды — 30 минут;

8) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы су объектiсiн оқшауланған немесе бiрлесiп пайдалануға беру туралы шартқа қол қояды — 15 минут.

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету процесiнде Мемлекеттiк корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара әрекет ету тәртiбiнiң сипаттамасы

9. Мемлекеттiк корпарацияға өтiнiш бiлдiру тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң сұрау салуын өңдеу ұзақтылығы:

1-процесс — Мемлекеттiк корпорация қызметкерi ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды, тiркейдi және құжаттарды қабылдаған күнi мен уақыты көрсетiлген құжаттарды қабылдау туралы қолхат бередi;

1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорация қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi;

2-процесс — осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiнiң 5-тармағында көзделген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

3-процесс — Мемлекеттiк корпорация қызметкерi тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң дайын нәтижесiн бередi.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара әрекетiнiң, рәсiмдер (әрекеттер) кезеңдiлiгiнiң толық сипаттамасы, сондай — ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде басқа да көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) Мемлекеттiк корпарациямен өзара әрекет етудiң тәртiбiн сипаттау осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес — процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

"Су объектiлерiн оқшауланған немесе бiрлесiп пайдалануға конкурстық негiзде беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (DOCX 124 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 10.03.2017 10:46
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.10.2019 11:30
Қаралым саны: 1106

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz