A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
«Мемлекеттік орман қоры участкелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы «14» қыркүйектегi № А-9/428
қаулысымен бекiтiлген

«Мемлекеттiк орман қоры участкелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартын мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ереже

1. «Мемлекеттiк орман қоры участкелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартын мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру мыналар арқылы iске асырылады:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электронды үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi — Портал).

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: электрондық (немесе iшiнара автоматтандырылған) және қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi мемлекеттiк орман қоры участкелерiнде ұзақ мерзiмге орман пайдалануға жасалған келiсiмшарттарды мемлекеттiк тiркеу туралы хабарлау болып табылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтиже нысанын беру — электрондық түрiнде.

2. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi iс-қимылдар тәртiбiн сипаттау

4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет бойынша үдерiстiң басталуына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 6 мамырдағы № 18-1/415 бұйрығымен бекiтiлген «Мемлекеттiк орман қоры участкелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартын мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк көрсетiлетiнқызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 9-тармағына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушылармен ұсынылған құжаттар негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтылығы:

1) кеңсе маманы көрсетiлетiн қызметтi алушы қажеттi құжаттарды берген сәттен бастап қабылдауды iске асырады, «Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер базасы» ақпараттық жүйесiнде (бұдан әрi — «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) тiркеудi жүргiзедi және оны бұрыштама қою үшiн басшыға жiбередi — 10 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысын анықтайды — 30 минут.

3) жауапты орындаушы мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi және мемлекеттiк орман қоры учаскесiнде ұзақ мерзiмге орман пайдалану шарттарының мемлекеттiк тiркелуiн жүргiзедi — 1 жұмыс күнi;

4) басшы «Елицензиялау» МДБ АЖ арқылы шарттарды тiркеуге электронды сандық қол қою (бұдан әрi — ЭСҚ) арқылы қолын қояды. Егер қағаз түрiнде мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшi Портал арқылы ЭСҚ қол қойылады, басылып шығарылады және мөрмен, басшының қолымен бекiтiледi — 1 сағат;

5) кеңсе маманы қағаз түрiнде мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн бередi — 10 минут.

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша үдерiс (әрекет) нәтижесi, келесiдей үрдiстердi орындауды бастау үшiн негiз болатын үдерiстер:

1) құжаттарды тiркеу және қабылдау;

2) жауапты орындаушыны анықтау;

3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру және шарттарды тiркеу;

4) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiне қол қою;

5) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру.

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне қатысатын қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмше (жұмысшылар) тiзбесi:

1) кеңсе қызметкерi;

2) жауапты орындаушы;

3) басшы.

8. Құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы бiрiздi үрдiстерiнiң жазбасы, әрбiр үрдiстiң ұзақтылық мерзiмiнiң (әрекет) көрсетiлумен:

1) кеңсе қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушымен қажеттi құжаттарды ұсынған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, «Е-лицензиялау» МДБ АЖ тiркеудi жүзеге асырады және бұрыштама қою үшiн басшыға жiбередi — 10 минут;

2) басшы құжаттарды қарастырады және жауапты орындаушыны анықтайды — 30 минут;

3) жауапты орындаушы мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi және мемлекеттiк орман қоры учаскесiнде ұзақ мерзiмге орман пайдалану шарттарының мемлекеттiк тiркелуiн жүргiзедi — 1 жұмыс күнi;

4) басшы «Елицензиялау» МДБ АЖ арқылы шарттарды тiркеуге ЭСҚ арқылы қолын қояды. Егер қағаз түрiнде мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшi Портал арқылы болса ЭСҚ қол қойылады, басылып шығарылады және мөрмен, басшының қолымен бекiтiледi — 1 сағат;

5) кеңсе маманы қағаз түрiнде мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн бередi.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету барысында ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiнiң сипаттамасы

9. Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушi мен көрсетiлетiн қызметтi алушының кезектi үдерiс (әрекет) және өтiнiш тәртiбiн сипаттау:

Көрсетiлетiн қызметтi алушының компьютерiндегi интернет-браузерiнде сақталатын, көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭСҚ өзiнiң тiркелген куәлiгiнiң көмегiмен Порталда тiркеудi жүзеге асырады (Порталдағы тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жүзеге асады);

1-үдерiс — ЭСҚ тiркелген куәлiгi көрсетiлетiн қызметтi алушының компьютерiндегi интернет-браузерiнде бекiтiлген, мемлекеттiк қызметтi алу үшiн Порталда көрсетiлетiн қызметтi алушыны енгiзу үрдiсi пароль қойылған. 1-шарт — жеке сәйкестендiру нөмiрдiң логинi және бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi — ЖСН/БСН) мен паролi арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының тiркелгенi туралы нақтылы деректерiн Порталда тексеру;

2-үдерiс — көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны Порталда орналастыру;

3-үдерiс — аталған Регламентте көрсетiлген көрсетiлетiн қызметтi алушының қызметiн таңдау, электронды түрдегi қажеттi құжаттарды сұрау түрiне бекiтiлген, форматты талаптар мен оның құрылымын ескере отырып, көрсетiлетiн қызметтi алушының формаларын (деректерiн) толтыру, Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген электронды түрдегi құжаттардың қажеттi көшiрмелерiн сұрау түрiнде бекiтiлген, сондай-ақ куәлiктi (қол қоюды) сұрау үшiн ЖСҚ — көрсетiлетiн қызметтi алушымен тiркеу куәлiгiн таңдау. 2-шарт — ЭСҚ тiркелген куәлiгiнiң мерзiмiн және керi қайтарылған тiркелген куәлiктердiң тiзiмде болмауын, сондай-ақ жасалған сұрауда көрсетiлген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестiктi, ЭСҚ тiркелген куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН Порталда тексеру;

4-үдерiс — жасалған сұрауды куәландыру үшiн ЭСҚ тiркелген куәлiгiн көрсетiлетiн қызметтi алушымен таңдау;

5-үдерiс — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭСҚ тұпнұсқасының құпталмауына байланысты сұраныс жасалған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

6-үдерiс — қызмет көрсетуге жасалған сұранысқа (енгiзiлген деректерге) ЭСҚ қызметалушымен толтырылған формасын тiкелей куәландыру (қол қойғызу);

7-үдерiс — «Е-лицензиялау» МДБ АЖ электронды құжаттарды тiркеу (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұрауы) және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ жасалған сұрауды қайта өңдеу;

Портал арқылы көрсетiлген мемлекеттiк қызметке қатысы бар функционалды өзара әрекеттегi ақпараттық жүйе диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген.

Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде өзара әрекеттескен құрылымдық бөлiмшелердегi қызметберушiлер (жұмысшылар), кезектескен үдерiстiң толық жазбасын, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiнiң жазбасы осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-үдерiс анықтамасында көрсетiлген.

«Мемлекеттiк орман қоры участкелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартын мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (DOCX 155 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 10.03.2017 11:34
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.03.2017 11:34
Қаралым саны: 1406

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz