A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Басқарма ережесi

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 07 маусымдағы
№ А-7/262 қаулысымен
бекiтiлдi

«Акмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесi орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында, су қорының жер үстi көздерiн пайдалану мен қорғау саласында, табиғи ресурстарды пайдалану саласында, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласын мемлекеттiк реттеу саласында мемлекеттiк басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнде осы Ереженiң қосымшасында көрсетiлген ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.

3. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесi ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

6. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

8. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

9. Заңды тұлғаның мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 89-үй.

10. Мемлекеттiк органның толық атауы: «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесi.

11. Осы Ереже «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң кызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,

функциялары, құқықтары мен мiндеттемелерi

14. Ақмола облысының экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету, қоршаған ортаның сапасын жақсарту және орман қорының ресурстық әлеуетiн қалпына келтiру, қорғау, күзету, молықтыру үшiн қолайлы жағдайлар жасауын қамтамасыз ету «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы болып табылады.

15. Мiндеттерi:

1) орман өсiру және ормандарды молықтыру, орман қорын пайдалану, қорғау, сақтау мақсатында мемлекеттiк басқару;

2) қоршаған орта мен халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту және сақтау үшiн жердiң беткi қабатындағы су қорын пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару;

3) табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару;

4) адам денсаулығы мен өмiрi үшiн қоршаған ортаның қолайлы жағдайын қамтамасыз ету мақсатында, экологиялық қауiпсiздiктi, биологиялық түрлiлiк пен экологиялық жүйелердi сақтауды қамтамасыз ететiн қоршаған ортаның сапасын реттеу және оған шектi әсердi белгiлеу жолымен қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк реттеу.

16. Функциялары:

1) ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету, басқарманың функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттеу

2) мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;

3) жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өрт сөндiру техникаларын, көлiктерi мен басқа да құралдарын ормандағы өрттердi сөндiруге тарту тәртiбiн әзiрлеу, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды жүрiп-тұру өрт сөндiру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз ету;

4) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындау туралы мәселелердiң тұрақты берiлуiн ұйымдастыру;

5) облыс аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құру;

6) орман қоры аумағында орман зиянкестерiмен және ауруларымен күресу және орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;

7) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде орман пайдалану құқығын шектеу туралы шешiм қабылдау, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы ұсыныс енгiзу;

8) уәкiлеттi органға беру үшiн «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк орман кадастрын, мемлекеттiк орман мониторингi жөнiнде материалдарды дайындау;

9) уәкiлеттi органның және облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органының қатысуымен «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастыру және өткiзу;

10) өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;

11) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген, өз қарауындағы мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде орман пайдаланушыларға құрылыс объектiлерiн салуға учаскелер бередi;

12) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады;

13) функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қорының аумағында орманды өрттен күзетудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

14) өз құзыретi шегiнде табиғат қорғау iс-шараларының жоспарларын келiсу;

15) мемлекеттiк меншiктегi су шаруашылығы имараттарының есебiн жүргiзу;

16) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

17) бассейндiк су шаруашылығы басқармаларымен келiсiм бойынша су қорғау аймақтарын және белдеулерiн белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

18) бассейндiк су шаруашылығы басқармаларымен келiсiм бойынша су қорғау аймақтары және белдеулерiн шаруашылық пайдаланудың режимi мен ерекше жағдайларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

19) бассейндiк кеңестердiң жұмысына және бассейндiк келiсiмге қатысу, су объектiлерiн ұтымды пайдалану және қорғау ұсыныстарды бассейндiк кеңестердiң қарауына енгiзу, бассейндiк кеңестердiң ұсынымдарын зерделеу, оларды iске асыру жөнiнде шаралар қабылдау;

20) облыс аумағындағы су объектiлерiнiң жағдайы туралы ақпарат ұсыну;

21) Қазақстан Республиканың заңнамасына сәйкес мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу;

22) жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын әзiрлеу;

23) өңiрлiк ерекшелiктердi ескере отырып, ортақ су пайдалану ережесiн әзiрлеу және кейiннен жергiлiктi өкiлеттi органға бекiтуге ұсыну үшiн облыс әкiмдiгiне енгiзу;

24) конкурстық негiзде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен су объектiлерiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға беру бойынша конкурстар ұйымдастыру және жүргiзу;

25) II,III, IV санаттағы нысандар үшiн қоршаған ортаны қорғау эмиссиясына табиғатты пайдаланушыларға рұқсат беру, II,III, IV санаттағы нысандарға мемлекеттiк экологиялық сараптама беру;

26) мемлекеттiк экологиялық сараптама жасау кезiнде қоғамдық тыңдауларға қатысу;

27) мемлекеттiк қызметтер көрсету;

28) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өздерiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыру;

29) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясаттың қамтамасыз ету;

30) аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекiтiп беру бойынша конкурстар өткiзу;

31) бiр облыстың аумағында орналасқан, жергiлiктi, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекiтiп беру бойынша конкурстар өткiзу;

32) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру;

33) аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

34) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

35) ғылыми ұсынымдар негiзiнде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн паспорттауды жүргiзу;

36) рекреациялық балық аулау аймағын белгiлеу;

37) балық шаруашылығы учаскелерiнiң шекараларын белгiлеу, ұйықтарды (ұйықтық учаскелердi) ашу және жабу;

38) екi және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшiн аулау, сондай-ақ сирек кездесетiн және құрып бара жатқан жануарлар түрiн қоспағанда, жануарлар әлемiн пайдалануға рұқсат беру.

17. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) келесi ұсыныстар енгiзедi:

жер үстi су көздерiн, ормандарды шаруашылыққа пайдалану режимдерiн белгiлеу бойынша;

жер үстi су ресурстары көздерiн пайдалану үшiн төлем ставкалары бойынша;

мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi ормандарды пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкалары (түбiрiмен босатылатын сүрек төлемақысының базалық ставкаларынан басқасы) бойынша;

қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы ставкаларын белгiлеу бойынша;

2) меншiк түрiне қарамастан белгiленген тәртiппен ұйымдардан, мекемелер мен кәсiпорындардан басқарма қызметiне қатысты ақпараттар сұрау және алу;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де өкiлеттiлiктердi жүзеге асыру.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

18. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiмен басшылықты «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және онын функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.

19. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы Ақмола облысы әкiмiнiң өкiмiмен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

20. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

Басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

21. Басшының өкiлеттiгi:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларының және мамандардың мiндеттерiн және өкiлеттiктерiн белгiлейдi;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне бағынысты мекемелер мен кәсiпорындар директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген тәртiппен «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн, сондай-ақ, «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне ведомствоға бағынысты мекемелер мен кәсiпорындар директорларын марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi;

5) «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн, сондай-ақ, «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне ведомствоға бағынысты мекемелер мен кәсiпорындар директорларын лауазымдық нұсқауларын бекiтедi;

6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттiк органдарда және өзге ұйымдарда «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң өкiлi болады;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қолданады және ол үшiн жеке жауапты болады;

8) «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң алқасы жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкiлеттiлiктердi жүзеге асырады.

«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

22. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ, өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

23. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық меншiкке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiң қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы Ережеге қосымша

«Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қарамағындағы

мемлекеттiк ұйымдарының тiзбесi

1. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Ақкөл» орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

2. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Барап» орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

3. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Үлкен Түктi» орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

4. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Бұқпа» орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

5. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Ерейментау» орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

6. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Кеңес» орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

7. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Красноборск орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

8. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Кiшi Түктi орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

9. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Отрадненск орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

10. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Ұрымқай орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

11. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Куйбышев орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

12. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Маралды орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

13. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Степногорск орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

14. «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жанындағы «Зерендi балық шаруашылығы кәсiпорны» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны.

Мақаланың шыққан күні: 19.01.2017 16:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.01.2017 10:15
Қаралым саны: 1590

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz