A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Пластмасса қалдықтар туралы жадынама

Пластик өндiрiсiнен бастап кәдеге жаратылғанға дейiн қоршаған ортаға елеулi зиян келтiредi. Пластикалық өнiмдердi шығаратын зауыттар жылына атмосфераға 400 млн. тоннаға дейiн көмiрқышқыл газын шығарады және бүгiнде жануарлардың шамамен 800-дей түрiнiң пластиктi жеп қоюына байланысты және пластикпен улану салдарынан жойылып кету қаупi төнiп тұр.

Бiр реттiк қалталар қаланың кәрiз жүйесiн толтырып тастайды және су басу қаупiн тудырады, пластмасса қоқыстар, туризм саласына зиян келтiре отырып, демалуға арналған орындарды, жағалаулар мен жағалау аймақтарын ластайды.

Қазақстанның мұхиттарға шығуы болмағынына қарамастан, мұхиттардағы пластмассалар, әдетте, жыл бойында ыдырайды, бiрақ толықтай емес және бұл процесс барысында бифенол А және полистирол сияқты улы химикаттар белгiлi бiр пластмасса түрлерiнен суға түседi. 2012 жылы Әлемдегi мұхиттарда шамамен 165 миллион тонна пластик қалдықтары бар деп есептелген. 2014 жылғы бағалау бойынша мұхит бетiнде 268 940 тонна пластик бар, ал пластикалық қалдықтардың бөлек бөлшектерiнiң жалпы саны 5,25 триллион тоннаны құрайды.

Пластикалық ластану — су қоймаларының ластануы (өзендерге, көлдерге, теңiздерге антропогендiк қалдықтарды тастау), бiр реттiк пластикалық бөлшектермен, пластикалық торлармен және т.б. судың ластануы. Жыл сайын шығарылатын пластмассадан жасалған өнiмдердiң көп мөлшерi бiр рет қолдануға арналған: әдетте бiр жыл iшiнде бiр рет пайдаланылатын бiр реттiк орауыш заттар немесе өнiмдер.

Пластиктiң екi жүз жылға жуық уақытта ыдырайтындығы белгiлi. Пластмассалар жерге түскенде ұсақ бөлшектерге ажырайды да, өзiнен қоршаған ортаға химиялық заттарды бөле бастайды. Жер асты сулары арқылы пластиктiң ұсақ түйiршiктерi және оның химиялық заттары ең жақын су көздерiне түседi, бұл жануарлардың жаппай қырылуына әкеледi.

ТҚҚ үйiндiлерiнiң полигондары үнемi пластмассаның әр түрiмен толтырылып тасталған. Бұл қоқыстарда пластиктiң биодеградациясын жеделдететiн көптеген микроорганизмдер бар. Биоыдырайтын пластиктерге келер болсақ, олар ыдыраған кезде метан бөлiнiп шығады, бұл атмосфераға диоксиндер мен фурандар бөлiп шығаратын өте күштi парниктiк газ болып табылады.

Пластмассалар құрамында пластиктiң түрiне байланысты көптеген химиялық заттардың түрлерi болады. Пластмассаның жан-жақты қолданылуының негiзгi себептерiнiң бiрден-бiрi құрамына химиялық қосылуы болып табылады. Пластмасса өндiрiсiнде пайдаланылатын кейбiр химиялық заттар адамдардың тамақ тiзбегiнiң нәтижесiнде жұтылу қаупiн тудырады.

Сондай-ақ, пластикалық ластанудың әсерiнен жануарлардың да улану қаупi бар, бұл өз кезегiнде адамға азық-түлiк өнiмдерiн жеткiзу барысына кедергi келтiруi мүмкiн.

Пластикалық ластану iрi теңiз сүтқоректiлерiне өте зиянды әсер ететiн заттар ретiнде сипатталған және «Introduction to Marine Biology» кiтабында олар үшiн «ең қауiптi қатер» деп аталды (пластмасса жануарлардың асқазан-iшек жолдарын бекiтiп тастайды, теңiз сүтқоректiлерi пластмассалық торларда шырмалып қалады да, оның соңы өлiмге немесе ауыр жарылуларға және жараларға алып келедi).

Өркениеттiң заманауи игiлiктерi көбiнесе адамдар үшiн жайлылық жаратып қана қоймай, табиғатқа орны толмас залал келтiредi. Тек соңғы 10 жылда ғана әлемде өткен ғасырмен салыстырғанда пластикалық өнiмдер көп өндiрiлдi.

Бiр реттiк ыдыс, қалталар, қаптамалар, бөтелкелер және түрлi ыдыстар — бiз күнделiктi «өндiретiн» пластикалық қалдықтардың ең көп тараған түрлерiне жатады. Қазақстанда қалыптасқан көлемнiң тек 28,7 пайызы ғана қайта өңделген және адам өмiрiнде және тұрмыстық шарттарда қайта қолданылады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР экологиялық кодексiнiң 301-бабына сәйкес полигондарда пластмасса, пластика, полиэтилен қалдықтары және полиэтилентерефталат орамасы; макулатура, картон және қағаз қалдықтары; құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар; шыны сынықтары; түстi және қара металдар сынықтары; литий, қорғасын-қышқыл батареялары; электрондық және электр жабдықтары қалдықтарын көмуге тыйым салу енгiзiледi.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тамақ қалдықтарын және құрылыс материалдарының қалдықтарын полигондарда көмуге тыйым салынады.

Мысалы, Ақмола облысының аумағында 2016 жылы 281,525 мың тонна, ал 2017 жылы — 234,059 мың тонна ТҚҚ қалыптасты. ТҚҚ қайта өңдеу үлесi 2017 жылы — 2,1% , 2018 жылдың бiрiншi жартысында — 3% құрайды.

Осын күнге дейiн Көкшетау қаласында қалдықтарды бөлек жинауға арналған 30 жасыл түстi контейнерлер, сондай-ақ қайталама материалдарға арналған 6 жинау пунктi бар, сондай-ақ құрамында сынабы бар шамдарды жинауға арналған 46 контейнерлер орнатылған.

Сонымен қатар, Көкшетау қаласының тұрғындары үшiн пластикалық қалдықтарды жинауға арналған тор контейнерлерi бөлек қарастырылған.

ҚР Энергетика министрлiгi Әкiмдiкпен бiрлесе отырып, қала тұрғындарын «қайта өңдеуге болатын «құрғақ қалдықтарды» және «көмуге болатын «ылғалды қалдықтарды» жеке жинау қағидасын назарыңызға аударамыз.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚАУIПСIЗ ЖӘНЕ ТАЗА ЕТУ БIЗДIҢ ҚОЛЫМЫЗДА!

Мақаланың шыққан күні: 25.10.2018 14:40
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.10.2018 16:25
Қаралым саны: 597

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz