A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
2019 жылы мемлекеттiк қызметтерді көрсету мәселелерi жөнiндегi «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметi туралы есебi

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер — «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Басқарма).

2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң саны — 8 мемлекеттiк қызметтер:

II, III және IV санаттағы объектiлер үшiн қоршаған орта эмиссиясына рұқсат беру;

II, III және IV санаттағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысын беру;

жерүстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткiлiктi қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшiн ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру;

ағаш кесу және орман билеттерiн беру;

конкурстық негiзде су объектiлерiн оқщау немесе бiрлесiп пайдалануға беру;

мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартын мемлекеттiк тiркеу;

аңшылық алаңдары мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскiлерiн жануарлар әлемiн пайдаланушыларға бекiту бойынша және аңшылық пен балық шаруашылығы қажеттiлiгi үшiн сервитуттарды орнату жөнiнде облыстық жергiлiктi атқару органдардың шешiм қабылдауы;

жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру.

Тегiн және (немесе) ақылы негiзде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:

7 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер — тегiн;

1 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет — ақылы/тегiн.

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:

3 мемлекеттiк қызметтер — қағаз түрiнде;

3 мемлекеттiк қызметтер — электронды түрде;

2 мемлекеттiк қызметтер — электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және немесе қағаз түрiнде.

бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары саны:

8 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары.

3) Барынша талап ететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат.

2019 жылы бойы Басқармамен 3203 мемлекеттiк қызметтер көрсетiлдi, оның iшiнде:

II, III және IV санаттағы объектiлер үшiн қоршаған орта эмиссиясына рұқсат беру — 1275;

II, III және IV санаттағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысын беру — 408;

Ағаш және орман билеттерiн беру — 214;

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартын мемлекеттiк тiркеу —7;

Аңшылық алаңдары мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскiлерiн жануарлар әлемiн пайдаланушыларға бекiту бойынша және аңшылық пен балық шаруашылығы қажеттiлiгi үшiн сервитуттарды орнату жөнiнде облыстық жергiлiктi атқару органдардың шешiм қабылдауы — 33;

Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру — 1253;

Конкурстық негiзде су объектiлерiн жеке немесе бiрiгiп қолдануға ұсыну — 13.

2. Көрсетiлетiн қызметтi алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы түсiнiк беретiн стандарттар мен ақпараттар мемлекеттiк органның интернет-ресурсында — www.upr.akmo.gov.kz, www.elicense.kz. порталында, сондай-ақ, «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер» қабырға тақтасында орналастырылған.

Сонымен қатар, мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығымен 1414 телефоны бойынша да берiлуi мүмкiн.

2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2019 жыл бойына мемлекеттiк орган (ведомствоға қарасты ұйым) мамандарының газет және басқа да баспа беттерiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерiне қатысты 2 мақаласы жарияланды.

3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету процесстерiн жетiлдiру жұмыстары

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi.

Көрсетiлетiн 8 мемлекеттiк қызметтiң 3 толықтай автоматтандырылған, 2 жартылай автоматтандырылған.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарына сәйкес, жыл сайын көрсетiлетiн қызметтi алушылармен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ұсынылатын қағаз тасығыштағы құжаттар саны азаюда, электронды түрге ауыстырылуда, мемлекеттiк қызметi көрсету мерзiмi де кемiдi.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясының Ақмола филиалында басқарманың 1 бас маманы оқудан өттi.

«НИТ» АҚ Мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердi жеке тәртiпте оқытады.

3) мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн нормативтiк-құқықтық жетiлдiру — мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттары көрсетiледi.

4. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселесi жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтi алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша) — шағымдары жоқ.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi бақылау нәтижелерi — бұзушылықтары жоқ.

4) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелерi — жүргiзiлген жоқ.

5. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң одан әрi тиiмдiлiгiнiң перспективалары және сапасына көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасына көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың қанағаттануы мақсатында, Басқармамен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер жайлы ақпарат қабырға тақтасында, уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылды, көрсетiлетiн мемлкеттiк қызметтi алушылар үшiн қажеттi құжаттарды дайындау және күту уақытына жағдайлар жасалған (күту уақытына арналған жұмсақ орындықтар, құжаттар толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар қабырға тақталарымен жарақтандырылған), сондай-ақ, мемлекеттiк қызметтi Басқармаға жүгiнбей-ақ «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы www.e-gov.kz алуға болады (қолданылуы жөнiндегi нұсқаулық сайтта орналастырылған).

Мақаланың шыққан күні: 07.02.2020 09:26
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.03.2020 09:42
Қаралым саны: 879

Комментарии


egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@aqmola.gov.kz