A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
2015 жылы бойынша «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есеб

1.​ Жалпы ережелер

1) Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер — «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Басқарма).

2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң саны — 6 мемлекеттiк қызметтер:

II, III объектiлер және IV санат үшiн қоршаған орта эмиссиясына рұқсат беру;

II, III объектiлер және IV санат үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысын беру;

конкурстық негiзде сулы объектiлердi жеке немесе бiрiгiп қолдануға ұсыну;

жерүстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткiлiктi қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшiн ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру;

ағаш кесу және орман билеттерiн беру;

аңшылық және балық шаруашылығы үшiн қажеттi жануарлар әлемiне пайдаланылатын жерлердi және сервитуттарды орнату, аңшылық жерлердi және балық шаруашылығы су қоймасын бекiту бойынша облыстық жергiлiктi атқару органдардың шешiм қабылдауы;

орман ресурстары, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде учаскелердi құрылыс объектiлерiн салуға пайдалануға рұқсат беру;

мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартын мемлекеттiк тiркеу;

жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру.

халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер саны — 2;

тегiн және (немесе) ақылы негiзде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:

9 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер — тегiн;

0 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет — ақылы.

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:

3 мемлекеттiк қызметтер — қағаз түрiнде;

6 мемлекеттiк қызметтер — қағаз және (немесе) электронды түрде.

бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары мен регламенттер саны:

9 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары;

9 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерi.

3) Барынша талап ететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат.

2015 жылы бойы Басқармамен 2813 мемлекеттiк қызметтер көрсетiлдi, оның iшiнде:

II, III объектiлер және IV санат үшiн қоршаған орта эмиссиясына рұқсат беру — 1100;

II, III объектiлер және IV санат үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысын беру — 654;

Ағаш және орман билеттерiн беру — 275;

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартын мемлекеттiк тiркеу — 13;

Аңшылық және балық шаруашылығы үшiн қажеттi жануарлар әлемiне пайдаланылатын жерлердi және сервитуттарды орнату, аңшылық жерлердi және балық шаруашылығы су қоймасын бекiту бойынша облыстық жергiлiктi атқару органдардың шешiм қабылдауы — 48;

Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру — 722.

2.​ Көрсетiлетiн қызметтi алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы түсiнiк беретiн стандарттар мен ақпараттар мемлекеттiк органның интернет-ресурсында — www.upr.akmo.kz, www.elicense.kz. Порталында, сондай-ақ, «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер» қабырға тақтасында орналастырылған.

Сонымен қатар, мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығымен 1414 телефоны бойынша да берiлуi мүмкiн.

2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2015 жыл бойына мемлекеттiк орган (ведомствоға қарасты ұйым) мамандарының газет және басқа да баспа беттерiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерiне қатысты 8 мақаласы жарияланды.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапаны арттыру мақсатында 2 семинар өткiзiлген.

3.​ Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету процесстерiн жетiлдiру жұмыстары

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi.

Көрсетiлетiн 9 мемлекеттiк қызметтiң 6 жартылай автоматтандырылған.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарына сәйкес, жыл сайын көрсетiлетiн қызметтi алушылармен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ұсынылатын қағаз тасығыштағы құжаттар саны азаюда, электронды түрге ауыстырылуда, мемлекеттiк қызметi көрсету мерзiмi де кемiдi.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.

Б.Қ. Сұлтанов — орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлiмiнiң бас маманы, 2015 жылғы 30 науырызынан бастап 18 сәуiрiне дейiн аралығында Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы «Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру өңiрлiк орталығы» МКҚК «Мемлекеттiк қызметтегi бәсекеге қабiлеттiлiк және кәсiбилiк» тақырыбында бiлiктiлiгiн арттыру курсынан өттi.

Ә.М. Мұстафина — су пайдалануды реттеу және биоресурстарды қорғау бөлiмiнiң бас маманы, 2015 жылғы 7 бастап 11 қыркүйек аралығында Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы «Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру өңiрлiк орталығы» МКҚК «Мемлекеттiк органдармен мемлекеттiк қызметтi ұсынудың сапасы» тақырыбында бiлiктiлiгiн арттыру курсынан өттi.

«НИТ» АҚ тұрақты түрде жекелеген тәртiпте мемлекеттiк қызмет көрсету саласында мамандарды оқыту жүргiзедi.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн нормативтiк-құқықтық жетiлдiру — мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерiне сәйкес көрсетiледi.

4.​ Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселесi жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтi алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша) — шағымдары жоқ.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi бақылау нәтижелерi — бұзушылықтары жоқ.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүргiзген мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелерi — жүргiзiлген жоқ.

4) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелерi — жүргiзiлген жоқ.

5.​ Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң одан әрi тиiмдiлiгiнiң перспективалары және сапасына көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың қанағаттануын арттыру

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасына көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың қанағаттануы мақсатында, Басқармасымен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер жайлы ақпарат қабырға тақтасында, уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылды, көрсетiлетiн мемлкеттiк қызметтi алушылар үшiн қажеттi құжаттарды дайындау және күту уақытына жағдайлар жасалдған (күту уақытына арналған жұмсақ орындықтар, құжаттар толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар қабырға тақталарымен жарақтандырылған), сондай-ақ, мемлекеттiк қызметтi Басқармаға жүгiнбей-ақ «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы www.e.gov.kz алуға болады (қолданылуы жөнiндегi нұсқаулық сайтта орналастырылған).

Мақаланың шыққан күні: 31.01.2017 10:49
Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.01.2017 10:49
Қаралым саны: 1318

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz