A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

2016 жылы бойынша «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi қызметiнiң есебi

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер — «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Басқарма).

2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң саны — 9 мемлекеттiк қызметтер:

II, III объектiлер және IV санат үшiн қоршаған орта эмиссиясына рұқсат беру;

II, III объектiлер және IV санат үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысын беру;

конкурстық негiзде сулы объектiлердi жеке немесе бiрiгiп қолдануға ұсыну;

жерүстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткiлiктi қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшiн ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру;

ағаш кесу және орман билеттерiн беру;

аңшылық және балық шаруашылығы үшiн қажеттi жануарлар әлемiне пайдаланылатын жерлердi және сервитуттарды орнату, аңшылық жерлердi және балық шаруашылығы су қоймасын бекiту бойынша облыстық жергiлiктi атқару органдардың шешiм қабылдауы;

орман ресурстары, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде учаскелердi құрылыс объектiлерiн салуға пайдалануға рұқсат беру;

мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартын мемлекеттiк тiркеу;

жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер саны — 2;

тегiн және (немесе) ақылы негiзде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:

9 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер — тегiн;

0 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет — ақылы.

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:

3 мемлекеттiк қызметтер — қағаз түрiнде;

6 мемлекеттiк қызметтер — қағаз және (немесе) электронды түрде.

бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары мен регламенттер саны:

9 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары;

9 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерi.

3) Барынша талап ететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат.

2016 жылы бойы Басқармамен 2745 мемлекеттiк қызметтер көрсетiлдi, оның iшiнде:

II, III объектiлер және IV санат үшiн қоршаған орта эмиссиясына рұқсат беру — 1048;

II, III объектiлер және IV санат үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысын беру — 600;

Ағаш және орман билеттерiн беру — 241;

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартын мемлекеттiк тiркеу — 42;

Орман ресурстары, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде учаскелердi құрылыс объектiлерiн салуға пайдалануға рұқсат беру — 1;

Аңшылық және балық шаруашылығы үшiн қажеттi жануарлар әлемiне пайдаланылатын жерлердi және сервитуттарды орнату, аңшылық жерлердi және балық шаруашылығы су қоймасын бекiту бойынша облыстық жергiлiктi атқару органдардың шешiм қабылдауы — 52;

Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру — 761.

2. Көрсетiлетiн қызметтi алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы түсiнiк беретiн стандарттар мен ақпараттар мемлекеттiк органның интернет-ресурсында — www.upr.akmo.gov.kz, www.elicense.kz. Порталында, сондай-ақ, «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нiң көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер» қабырға тақтасында орналастырылған.

Сонымен қатар, мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығымен 1414 телефоны бойынша да берiлуi мүмкiн.

2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2015 жыл бойына мемлекеттiк орган (ведомствоға қарасты ұйым) мамандарының газет және басқа да баспа беттерiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерiне қатысты 23 мақаласы жарияланды.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапаны арттыру мақсатында 1 семинар өткiзiлген.

3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету процесстерiн жетiлдiру жұмыстары

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi.

Көрсетiлетiн 9 мемлекеттiк қызметтiң 6 жартылай автоматтандырылған.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарына сәйкес, жыл сайын көрсетiлетiн қызметтi алушылармен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ұсынылатын қағаз тасығыштағы құжаттар саны азаюда, электронды түрге ауыстырылуда, мемлекеттiк қызметi көрсету мерзiмi де кемiдi.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.

С.В. Савельев — экологиялық реттеу бөлiмiнiң бас маманы, 2016 жылғы 10 қазаннан бастап 14 қазанына дейiн аралығында Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы «Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру өңiрлiк орталығы» МКҚК «Мемлекеттiк қызметтердiң сапасымен басқару» тақырыбында бiлiктiлiгiн арттыру курсынан өттi.

А.М. Кожуков — орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлiмiнiң бас маманы, 2016 жылғы 22 ақпан мен 11 науырыз аралығында Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы «Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру өңiрлiк орталығы» МКҚК «Мемлекеттiк қызметтегi мансаптың өсуi және құзыреттiлiк көзқарас» тақырыбында бiлiктiлiгiн арттыру курсынан өттi.

«НИТ» АҚ тұрақты түрде жекелеген тәртiпте мемлекеттiк қызмет көрсету саласында мамандарды оқыту жүргiзедi.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн нормативтiк-құқықтық жетiлдiру — мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерiне сәйкес көрсетiледi.

4. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселесi жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтi алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша) — шағымдары жоқ.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi бақылау нәтижелерi — бұзушылықтары жоқ.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүргiзген мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелерi — 2016 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiмен жоспардан тыс тексеру өткiзiлген.

4) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелерi — жүргiзiлген жоқ.

5. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң одан әрi тиiмдiлiгiнiң перспективалары және сапасына көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың қанағаттануын арттыру

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасына көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың қанағаттануы мақсатында, Басқармасымен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер жайлы ақпарат қабырға тақтасында, уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылды, көрсетiлетiн мемлкеттiк қызметтi алушылар үшiн қажеттi құжаттарды дайындау және күту уақытына жағдайлар жасалдған (күту уақытына арналған жұмсақ орындықтар, құжаттар толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар қабырға тақталарымен жарақтандырылған), сондай-ақ, мемлекеттiк қызметтi Басқармаға жүгiнбей-ақ «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы www.e-gov.kz алуға болады (қолданылуы жөнiндегi нұсқаулық сайтта орналастырылған).

Жүктеу (DOC 46 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 31.01.2017 10:46
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.03.2017 16:24
Қаралым саны: 906

Комментарии


egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz