A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
2017 жылы мемлекеттiк қызметтерді көрсету мәселелерi жөнiндегi «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметi туралы есебi

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер — «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Басқарма).

2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң саны — 8 мемлекеттiк қызметтер:

II, III және IV санаттағы объектiлер үшiн қоршаған орта эмиссиясына рұқсат беру;

II, III және IV санаттағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысын беру;

жерүстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткiлiктi қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшiн ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру;

ағаш кесу және орман билеттерiн беру;

конкурстық негiзде су объектiлерiн жеке немесе бiрiгiп қолдануға ұсыну;

мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартын мемлекеттiк тiркеу;

аңшылық алаңдары мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскiлерiн жануарлар әлемiн пайдаланушыларға бекiту бойынша және аңшылық пен балық шаруашылығы қажеттiлiгi үшiн сервитуттарды орнату жөнiнде облыстық жергiлiктi атқару органдардың шешiм қабылдауы;

жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер саны — 451;

тегiн және (немесе) ақылы негiзде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:

8 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер — тегiн;

0 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет — ақылы.

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:

1 мемлекеттiк қызмет — қағаз түрiнде;

7 мемлекеттiк қызметтер — қағаз және (немесе) электронды түрде.

бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары мен регламенттер саны:

8 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары;

8 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерi.

3) Барынша талап ететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат.

2017 жылы бойы Басқармамен 2744 мемлекеттiк қызметтер көрсетiлдi, оның iшiнде:

II, III және IV санаттағы объектiлер үшiн қоршаған орта эмиссиясына рұқсат беру — 1034;

II, III және IV санаттағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысын беру — 604;

Ағаш және орман билеттерiн беру — 251;

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартын мемлекеттiк тiркеу — 30;

аңшылық алаңдары мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскiлерiн жануарлар әлемiн пайдаланушыларға бекiту бойынша және аңшылық пен балық шаруашылығы қажеттiлiгi үшiн сервитуттарды орнату жөнiнде облыстық жергiлiктi атқару органдардың шешiм қабылдауы — 82;

Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру — 739;

Орман ресурстары, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде учаскелердi құрылыс объектiлерiн салуға пайдалануға рұқсат беру — 255;

Конкурстық негiзде су объектiлерiн жеке немесе бiрiгiп қолдануға ұсыну — .

2. Көрсетiлетiн қызметтi алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы түсiнiк беретiн стандарттар мен ақпараттар мемлекеттiк органның интернет-ресурсында — www.upr.akmo.gov.kz, www.elicense.kz. порталында, сондай-ақ, «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер» қабырға тақтасында орналастырылған.

Сонымен қатар, мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығымен 1414 телефоны бойынша да берiлуi мүмкiн.

2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2017 жыл бойына мемлекеттiк орган (ведомствоға қарасты ұйым) мамандарының газет және басқа да баспа беттерiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерiне қатысты 9 мақаласы жарияланды.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасын арттыру мақсатында 2 семинар-кеңес өткiзiлдi.

3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету процесстерiн жетiлдiру жұмыстары

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi.

Көрсетiлетiн 8 мемлекеттiк қызметтiң 6 жартылай автоматтандырылған.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарына сәйкес, жыл сайын көрсетiлетiн қызметтi алушылармен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ұсынылатын қағаз тасығыштағы құжаттар саны азаюда, электронды түрге ауыстырылуда, мемлекеттiк қызметi көрсету мерзiмi де кемiдi.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.

4. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселесi жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтi алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша) — шағымдары жоқ.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi бақылау нәтижелерi — бұзушылықтары жоқ.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүргiзген мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелерi — «СХП Октябрьское» ЖШС директоры А.А.Муттың өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша Департаментiмен тексеру өткiзiлдi.

Жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiн кешiктiру фактiсi анықталды, атап айтқанда қызметтi алушының 2017 жылдың 04 мамырдағы өтiнiшiне бас тарту туралы жауап тек 2017 жылғы 13 маусымда берiлген.

Алдағы уақытта осындай бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында басқарманың атына аппараттық кеңесте қарау үшiн, сондай — ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына мемлекеттiк бақылау Ережесiнiң 32-тармағына сәйкес, мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын арттыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеу және бекiту туралы ақпараттық хат жолданды.

4) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелерi — жүргiзiлген жоқ.

5. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң одан әрi тиiмдiлiгiнiң перспективалары және сапасына көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасына көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың қанағаттануы мақсатында, Басқармамен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер жайлы ақпарат қабырға тақтасында, уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылды, көрсетiлетiн мемлкеттiк қызметтi алушылар үшiн қажеттi құжаттарды дайындау және күту уақытына жағдайлар жасалған (күту уақытына арналған жұмсақ орындықтар, құжаттар толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар қабырға тақталарымен жарақтандырылған), сондай-ақ, мемлекеттiк қызметтi Басқармаға жүгiнбей-ақ «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы www.e-gov.kz алуға болады (қолданылуы жөнiндегi нұсқаулық сайтта орналастырылған).

2017 жылы мемлекеттiк қызметтерді көрсету мәселелерi жөнiндегi «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметi туралы есебi (DOCX 27 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 28.02.2018 10:51
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.02.2018 10:56
Қаралым саны: 915

Комментарии


egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz