A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Ақмола облысы жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын бекiту туралы

Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 17 маусымдағы № 4С-15-6 шешiмi. Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде 2009 жылғы 15 шiлдеде № 3325 тiркелдi

2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақастан Республикасының Су кодекiсiнiң 38 бабына , 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына , Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң мiндетiн атқарушының «Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу әдiстемесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 14 сәуiрдегi бұйрығына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:

1. Ақмола облысында жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақының қоса берiлiп отырған ставкалары бекiтiлсiн (Қосымша).

2. Ақмола облыстық мәслихатының «Ақмола облысында 2007 жылы жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын бекiту туралы» 2007 жылғы 6 шiлдедегi № 3С-28-7 (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде № 3230 тiркелген, 2007 жылдың 4 тамызында «Арқа ажары» газетiнде және 2007 жылдың 9 тамызында «Акмолинская правда» газетiнде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ақмола облыстық

мәслихаты сессиясының

төрағасы В. Судибор

Ақмола облыстық

мәслихатының хатшысы Ө. Мұсабаев

КЕЛIСIЛДI:

Балық шаруашылығының Ақмола

облыстық аумақтық инспекциясы

бастығының мiндетiн атқарушы Жағабылов Ш.С.

Есiл экология департаментi

бастығының орынбасары Шалабаев Қ.М.

Ақмола облысы бойынша Салық

департаментiнiң бастығы Нүсiпов Ж.С.

Ақмола облысының ауыл

шаруашылығы басқармасының

бастығы Ахмеджанова А.Т.

Ақмола облысының кәсiпкерлiк

пен өнеркәсiп

басқармасының бастығы Қойшыбаев м.С.

Ақмола облысының қаржы

басқармасының бастығы Бүлтенов Т.С.

Ақмола облысының экономика

мен бюджеттi жоспарлау

басқармасының бастығы Тақамбаев М.Ш.

Ақмола облыстық мәслихатының

2009 жылғы 17 маусымдағы

№ 4С-15-6 шешiмiне

қосымша

Ақмола облысында жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкалары

№ р/с Суды пайдаланудың арнайы түрi Өлшем бiрлiгi Базалық Ставкалар (теңге) Нормативтiк Ставкалар (теңге)
1 Тұрғын үйдi пайдалану және коммуналдық қызметтер 1000м 3 61 61
2 Өнеркәсiп, жылу энергиясын қоса есептегенде 1000м 3 169 169
3 Ауыл шаруашылығы 1000м 3 48 48
4 Су көздерiнен су алушы тоған шаруашылығы 1000м 3 48 48
5 Балық шаруашылығы, су көздерiнен балық аулаушы тұтынушылар тонна 122 122
6 Гидроэнергетика кВт/сағат 17 17
7 Су көлiгi 1000т.км 5 5

Ескерту: нормативтiк ставкалар жыл сайын ағымдағы жылдың инфляция деңгейiне қатысты индекстеледi.

Мақаланың шыққан күні: 20.01.2017 11:04
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.01.2017 16:45
Қаралым саны: 1405

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz