A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабындағы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса ұсынылып отырған:

1)​ «II, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

2)​ «II, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi бекiтiлсiн.

2. «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң регламенттерiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 23 шiлдедегi № А-6/319 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiндегi № 4335 болып тiркелген, 2014 жылғы 16 қыркүйекте «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) қаулының күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсiн.

4. Облыс әкiмдiгiнiң осы қаулысы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi С. Кулагин

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң

2015 жылғы 29 қыркүйектегi

№ А-10/449 қаулысымен

бекiтiлген

«II, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1.​ Жалпы ережелер

1. «II, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi).

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру және өтiнiштердi қабылдау мыналар арқылы жүзеге асады:

1)​ көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2)​ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi — ХҚКО);

3)​ www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» (бұдан әрi — Портал).

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi — II, III және IV санат объектiлерi үшiн «келiсiледi немесе келiсiлмейдi» деген тұжырыммен мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысы.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiнiң нысаны: электрондық.

2.​ Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) әрекеттерiнiң тәртiбiн сипаттау

4.​ Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимылды) бастауға негiздеме Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2015 жылғы 23 сәуiрдегi № 301 бұйрығымен бекiтiлген «II, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 9 тармағына сәйкес көрсетiлетiн қызмет алушымен ұсынылған құжаттар болып табылады.

5.​ Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1)​ кеңсе маманы көрсетiлетiн қызметтi алушыға қажеттi құжаттарды берген сәттен бастап қабылдауды iске асырады, «Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер базасы» ақпараттық жүйесiнде (бұдан әрi — «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) тiркеудi жүргiзедi және оны бұрыштама қою үшiн басшыға жiбередi — 20 минут;

2)​ басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушысын анықтайды — 60 минут;

3)​ жауапты орындаушы көрсетiлетiн қызмет алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 жұмыс күнiнiң iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi. Ұсынылған құжаттардың толық еместiгi анықталған жағдайда көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан бас тарту жөнiнде дәлелдi жауап қайтарады;

4)​ жауапты орындаушы құжаттардың толық болған кезiнде II санаттағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын — 15 жұмыс күнiнде, III және IV санаттағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын — 5 жұмыс күнiнде, мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын қайта беру II санаттағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын — 5 жұмыс күнiнде, III және IV санаттағы объектiлер үшiн — 2 жұмыс күнiнде дайындайды;

5)​ басшысы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiне «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы электрондық цифрлық қол қою (бұдан әрi — ЭЦҚ) арқылы қолын қояды. Егер қызмет алуышының өтiнiшi қағаз түрiнде болса Портал арқылы ЭЦҚ қол қойылады және басылып шығарылады;

6)​ кеңсе маманы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша нәтижесiн бередi — 20 минут.

6. Келесi рәсiмдердi (iс-қимылды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижелерi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушысын анықтау;

3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiсi анықталған жағдайда, одан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындау;

4) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн дайындау;

5) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiне қол қою;

6) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру.

3.​ Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi көрсетiлетiн қызметтi

берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) өзара әрекеттерiнiң тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсе маманы;

2) басшы;

3) жауапты орындаушысы.

8. Құрылымдық бөлiмшелер (жұмысшылар) арасындағы шаралардың (әрекеттердiң) орындалу тәртiбiн әрбiр шараның (әрекеттiң) орындалу уақытын көрсете отырып сипаттау:

1) кеңсе маманы көрсетiлетiн қызметтi алушымен қажеттi құжаттарды ұсынған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы тiркеудi жүзеге асырады және бұрыштама қою үшiн басшыға жiбередi — 20 минут;

2) басшы құжаттарды қарастырады және жауапты орындаушына анықтайды — 60 минут;

3) Жауапты орындаушы көрсетiлетiн қызмет алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 жұмыс күнiнiң iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi. Ұсынылған құжаттардың толық еместiгi анықталған жағдайда көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан бас тарту жөнiнде дәлелдi жауап қайтарады;

4) жауапты орындаушы құжаттардың толық болған кезiнде II санаттағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын — 15 жұмыс күнiнде, III және IV санаттағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын — 5 жұмыс күнiнде, мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын қайта беру II санаттағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын — 5 жұмыс күнiнде, III және IV санаттағы объектiлер үшiн — 2 жұмыс күнiнде дайындайды;

5)​ басшысы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiне «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы ЭЦҚ арқылы қолын қояды. Егер қызмет алуышының өтiнiшi қағаз түрiнде болса Портал арқылы ЭЦҚ қол қойылады және басылып шығарылады;

6)​ кеңсе маманы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша нәтижесiн бередi — 20 минут.

4.​ ХҚКО және (немесе) басқа да қызмет көрсетушiлермен өзара әрекет жасау тәртiбi, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбi

9. ХҚКО хабарласу тәртiбiнiң жазбасы, қызмет алушының сұрауын өңдеу

ұзақтығы:

1 — процесс — ХҚКО инспекторы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi, қабылдайды және қызметалушының өтiнiшiн тiркейдi, құжаттарды қабылғаны жайында құжаттардың қабылдау уақыты мен мерзiмiнiң көрсетiлуiмен қолхат бередi. 1-шарт — егер Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген құжаттар пакетi қызмет алушымен толық ұсынылмаған жағдайда, ХҚКО инспекторы құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3 қосымшасына сәйкес нысандағы құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi;

2 — процесс — аталған регламенттiң 5 тармағымен қарастырылған қызмет көрсетушiнiң үрдiсi (әрекетi);

3 — процесс — ХҚКО инспекторы сәйкес құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде қызмет алушыға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң дайын нәтижесiн бередi.

Құжаттарды қабылдайтын күнi ХҚКО хабарласқан кезде мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiн енбейдi.

Құжаттар пакетiн тапсыру үшiн ең жоғарғы күту уақыты — 15 минут.

Қызмет көрсетудiң ең жоғарғы уақыты — 20 минут.

10. Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде қызмет алушы мен қызмет берушiнiң арасындағы кезектi үрдiс (әрекет) және өтiнiш түрiнiң жазбасы:

қызмет алушы өзiнiң тiркелген электронды сандық қол қою куәландыру көмегiмен порталға тiркейдi (авторизациялайды);

1-процесс — Порталда қызмет алу үшiн қызмет алушының ЖСН/БСН және парольдi енгiзу (авторизациялау процесi) процесi. 1-шарт порталда тiркелген қызмет алушы туралы ақпараттың шынайылығын ЖСН/БСН және пароль арқылы тексеру;

2-процесс — Порталда қызмет алушы туралы ақпараттағы бұзылыстарға орай авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны жасау;

3-процесс — қызмет алушының осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы қызмет көрсету үшiн экранға сұрату формасын шығару және қызмет алушының форманы оның құрылы мен форматтарын талаптарын ескере отырып толтыруы (ақпаратты енгiзу), сұрату формасына Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттардың көшiрмесiн электронды түрде бiрiктiру, сондай-ақ қызмет алушының сұратуды растау (қол қою) үшiн ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы. 2-шарт — Порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданылу мерзiмiн және қайтарылған (жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде болмауын, сондай-ақ (сұратуда көрсетiлген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестiктi тексеру;

4-процесс — қызмет алушының ЭЦҚ шынайылығы расталмағандығына орай сұратылған қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жасау;

5-процесс — қызмет алушының ЭЦҚ-мен расталған (қол қойылған) электронды құжаттарды (қызмет алушының сұратуын) «электрондық үкiмет» шлюзы арқылы автоматтандырылған жұмыс орнында өңiрлiк «электрондық үкiмет» шлюзы қызмет көрсетушi сұратуды өңдеу үшiн жолдау.

6-процесс — қызмет алушы құжаттарында бар бұзылыстарға орай қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жасау;

7-процесс — қызмет алушының Порталда жасалған қызмет нәтижесiн алуы (электрондықұжат түрiндегi хабарлама). Электрондық құжат көрсетiлетiн қызмет берушiнiң уәкiлеттi тұлғасымен ЭЦҚ қолдану арқылы жасайды.

Аталған регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатысы бар, ақпараттық жүйелердiң өзара әрекеттiк функционалды диаграммасы.

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетiлген қызметтi берушiлер және (немесе) ХҚКО өзара iс-қимыл тәртiбiнiң және мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбiнiң сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшадағы мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процесс анықтамалығында көрсетiлген.

.

«II, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын беру»

мемлекеттiк қызмет көрсету Регламентiне 1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатысы бар,

ақпараттық жүйелердiң өзара әрекеттiк функционалды диаграммасы

Көрсетiлетiн қызметтi алушы

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЭҮШ — «электрондық үкiмет» шлюзi;

«Е-лицензиялау» МДБ АЖ — «Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер базасы» ақпараттық жүйесiнде;

Портал — www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» порталы.

«II, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын беру»

мемлекеттiк қызмет көрсету Регламентiне 2-қосымша

«II, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысын беру»

мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамасы

- көрсетiлетiн қызметтi алушы рәсiмiнiң (iс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы;

- келесi рәсiмге (iс-қимылға) өту;

- таңдау нұсқасы.

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң

2015 жылғы 29 қыркүйектегi

№ А-10/449 қаулысымен

бекiтiлген

«II, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «II, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi).

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру және өтiнiштердi қабылдау мыналар арқылы жүзеге асады:

4)​ көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

5)​ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi — ХҚКО);

6)​ www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» (бұдан әрi — Портал).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi — II, III және IV санаттағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат, рұқсатты қайта рәсiмдеу не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2015 жылғы 23 сәуiрдегi № 301 бұйрығымен бекiтiлген «II, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 10 тармағымен көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабы.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiнiң формасы: электрондық.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) әрекеттерiнiң тәртiбiн сипаттау

6.​ Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi

алушы Стандартының 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

7.​ Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

7)​ кеңсе маманы көрсетiлетiн қызметтi алушыға қажеттi құжаттарды берген сәттен бастап қабылдауды iске асырады, «Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер базасы» ақпараттық жүйесiнде (бұдан әрi — «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) тiркеудi жүргiзедi және оны бұрыштама қою үшiн басшыға жiбередi — 20 минут;

8)​ басшысы құжаттарды қарайды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысын анықтайды — 60 минут;

9)​ жауапты орындаушы II санаттағы объектiлер үшiн — 15 күнтiзбелiк күн, III санаттағы объектiлер үшiн — 5 күнтiзбелiк күн, IV санаттағы объектiлер үшiн — 2 жұмыс күн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi;

Ұсынылған құжаттардың толық емес болу фактiсi анықталған жағдайда бекiтiлген мерзiмде, одан әрi қараудан бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелдi жауап дайындау;

10)​ жауапты орындаушы құжаттардың толық болған кезiнде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына мыналарды дайындайды және бередi: II санаттағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру — 13 күнтiзбелiк күн, III санаттағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру — 3 жұмыс күн, IV санаттағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру — 3 жұмыс күн, рұқсатты қайта рәсiмдеу — 28 күнтiзбелiк күн;

11)​ басшысы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiне «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы электрондық цифрлық қол қою (бұдан әрi — ЭЦҚ) арқылы қолын қояды. Егер қызмет алуышының өтiнiшi қағаз түрiнде болса Портал арқылы ЭЦҚ қол қойылады және басылып шығарылады — 60 минут;

12)​ кеңсе маманы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн бередi — 20 минут.

6. Келесi рәсiмдердiң (iс-қимылдың) орындалуына негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны анықтау;

3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiсi анықталған жағдайда, өтiнiштi одан әрi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындау;

4) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн дайындау;

5) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қою;

6) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.

3.Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi қызмет көрсетушiнiң

құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара әрекет ету тәртiбi

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын қызмет көрсетушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) тiзiмi:

1) кеңсе маманы;

2) басшы;

3) қызмет көрсетушiнiң жауапты орындаушысы.

8. Құрылымдық бөлiмшелер арасындағы шаралардың (әрекеттердiң) орындалу тәртiбiн әрбiр шараның (әрекеттiң) орындалу уақытын көрсете отырып сипаттау:

1) кеңсе маманы көрсетiлетiн қызметтi алушымен қажеттi құжаттарды ұсынған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, «Е-лицензиялау» МДБ АЖ тiркеудi жүзеге асырады және бұрыштама қою үшiн басшылыққа жiбередi — 20 минут;

2) басшы құжаттарды қарастырады және жауапты орындаушына анықтайды — 60 минут;

3) жауапты орындаушы II санаттағы объектiлер үшiн — 15 күнтiзбелiк күн, III санаттағы объектiлер үшiн — 5 күнтiзбелiк күн, IV санаттағы объектiлер үшiн — 2 жұмыс күн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi;

Ұсынылған құжаттардың толық емес болу фактiсi анықталған жағдайда бекiтiлген мерзiмде, одан әрi қараудан бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелдi жауап дайындау;

7)​ жауапты орындаушы құжаттардың толық болған кезiнде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына мыналарды дайындайды және бередi: II санаттағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру — 13 күнтiзбелiк күн, III санаттағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру — 3 жұмыс күн, IV санаттағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру — 3 жұмыс күн, рұқсатты қайта рәсiмдеу — 28 күнтiзбелiк күн;

5) басшысы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiне МДБ АЖ «Е-лицензиялау» арқылы ЭЦҚ арықылы қолын қояды. Егер қызмет алуышының өтiнiшi қағаз түрiнде болса Портал арқылы ЭЦҚ қол қойылады және басылып шығарылады;

6) кеңсе маманы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн бередi — 20 минут.

4. ХҚКО және (немесе) басқа да қызмет көрсетушiлермен өзара әрекет жасау тәртiбi, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбi

9. ХҚКО хабарласу тәртiбiнiң жазбасы, қызмет алушының сұрауын өңдеу

ұзақтығы:

1 — процесс — ХҚКО инспекторы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi, қабылдайды және қызмет алушының өтiнiшiн тiркейдi, құжаттарды қабылғаны жайында құжаттардың қабылдау уақыты мен мерзiмiнiң көрсетiлуiмен қолхат бередi. 1-шарт — егер Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттар пакетi қызмет алушымен толық ұсынылмаған жағдайда, ХҚКО инспекторы құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 4 қосымшасына сәйкес нысандағы құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi;

2 — процесс — аталған регламенттiң 5 тармағымен қарастырылған қызмет көрсетушiнiң процедурасы (әрекетi);

3 — процесс — ХҚКО инспекторы сәйкес құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде қызмет алушыға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң дайын нәтижесiн бередi.

Құжаттарды қабылдайтын күнi ХҚКО хабарласқан кезде мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi енбейдi.

Құжаттар пакетiн тапсыру үшiн ең жоғарғы күту уақыты — 15 минут.

Қызмет көрсетудiң ең жоғарғы уақыты — 20 минут.

10. Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде қызмет алушы мен қызмет берушiнiң арасындағы кезектi үрдiс (әрекет) және өтiнiш түрiнiң жазбасы:

қызмет алушы өзiнiң тiркелген ЭЦҚ куәлiгiнiң көмегiмен порталға тiркейдi (авторизациялайды);

1-процесс — Порталда қызмет алу үшiн қызмет алушының ЖСН/БСН және парольдi енгiзу (авторизациялау процесi) процесi. 1-шарт порталда тiркелген қызмет алушы туралы ақпараттың шынайылығын ЖСН/БСН және пароль арқылы тексеру;

2-процесс — Порталда қызмет алушы туралы ақпараттағы бұзылыстарға орай авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны жасау;

3-процесс — қызмет алушының осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы қызмет көрсету үшiн экранға сұрату формасын шығару және қызмет алушының форманы оның құрылы мен форматтарын талаптарын ескере отырып толтыруы (ақпаратты енгiзу), сұрату формасына Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттардың көшiрмесiн электронды түрде бiрiктiру, сондай-ақ қызмет алушының сұратуды растау (қол қою) үшiн ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы. 2-шарт — Порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданылу мерзiмiн және қайтарылған (жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде болмауын, сондай-ақ (сұратуда көрсетiлген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестiктi тексеру;

4-процесс — қызмет алушының ЭЦҚ шынайылығы расталмағандығына орай сұратылған қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жасау;

5-процесс — қызмет алушының ЭЦҚ-мен расталған (қол қойылған) электронды құжаттарды (қызмет алушының сұратуын) «электрондық үкiмет» шлюзы арқылы автоматтандырылған жұмыс орнында өңiрлiк «электрондық үкiмет» шлюзы қызмет көрсетушi сұратуды өңдеу үшiн жолдау.

6-процесс — қызмет алушы құжаттарында бар бұзылыстарға орай қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жасау.

7-процесс — қызмет алушының Порталда жасалған қызмет нәтижесiн алуы (электрондықұжат түрiндегi хабарлама). Электронды құжат қызмет көрсетушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ қолдану арқылы жасалады.

Аталған регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатысы бар, ақпараттық жүйелердiң өзара әрекеттiк функционалды диаграммасы.

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетiлген қызметтi берушiлер және (немесе) ХҚКО өзара iс-қимыл тәртiбiнiң және мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбiнiң сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшадағы мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процесс анықтамалығында көрсетiлген.

«II, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет көрсету Регламентiне 1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет

көрсетуге қатысы бар, ақпараттық жүйелердiң өзара әрекеттiк функционалды диаграммасы

Көрсетiлетiн қызметтi алушы

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЭҮШ — «электрондық үкiмет» шлюзi;

«Е-лицензиялау» МДБ АЖ — «Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер базасы» ақпараттық жүйесiнде;

Портал — www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» порталы.

«II, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет көрсету Регламентiне 2-қосымша

«II, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

- көрсетiлетiн қызметтi алушы рәсiмiнiң (iс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы;

- келесi рәсiмге (iс-қимылға) өту;

- тандау нұсқасы.

Мақаланың шыққан күні: 20.01.2017 10:46
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.01.2017 15:48
Қаралым саны: 1396

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz