A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Ақмола облысындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 4-2) тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса берiлiп отырған Ақмола облысындағы жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау қағидалары бекiтiлсiн.

2. Осы шешiм Ақмола облысының әдiлет Департаментiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ақмола облыстық                                                                           Ақмола облыстық
мәслихаты                                                                                         мәслихатының
сессиясының                                                                                     төрағасы хатшысы
_______________                                                                             ______________ Д. Нұрмолдин

 

Ақмола облыстық мәслихатының
201____ жылғы«____» _________
№ ___________ шешiмiмен
бекiтiлдi

Ақмола облысындағы жасыл екпелердi
күтiп-ұстау және қорғау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Ақмола облысындағы жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шiлдедегi Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм), Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экология кодексiне, 2014 жылғы 5 шiлдедегi «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», 2001 жылғы 16 шiлдедегi «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрi — Заң), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 20 наурыздағы №235 «Жасыл екпелердi күтiп-ұстаудың және қорғаудың үлгiлiк қағидаларын, қалалар және елдi мекендердiң аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекiту туралы» (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк Тiзiлiмiнде №10886 тiркелдi) бұйрығына және өзгеде нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес әзiрлендi.

Қағидалар бұрыннан бар жеке тұрғын үй, азаматтардың саяжай учаскелерiне, және мемлекеттiк орман қоры мен республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында қолданылмайды.

Қағидалар Ақмола облысындағы жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау саласындағы тәртiптi айқындайды және қатынастарды реттейдi, меншiк нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) абаттандыру — сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшiн жарамды жағдайға келтiру, халықтың денi сау, жайлы және мәдениеттi өмiр сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлiк дайындау және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желiлердi және сумен жабдықтау, кәрiз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументтi өнердiң шағын сәулеттiк нысандары мен объектiлерiн орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейiн азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнiн, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетiлетiн қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;

2) ағаштарды кесу — «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрi — Рұқсаттар туралы Заң) 2–қосымшасының 159–тармағына сәйкес уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу (қайта отырғызу) бойынша жұмыс;

3) дендрологиялық жоспар — құрылыс салу аймағын ескере отырып, көкжелектердiң, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының ашық учаскелерiмен үйлесiмдiлiкте өсiп тұрған және отырғызылуы жоспарланып отырған ағаш-бұтақ өсiмдiктерiнiң жасыл екпелерiнiң сандық және түрлiк құрамы көрсетiлген жасыл екпелердi отырғызу жоспары;

4) жалпыға ортақ жерлер — алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (жалпыға ортақ инженерлiк жүйелер) орналасқан және оларға арналған жерлер;

5) жасарту — қаңқалы және жартылай қаңқалы бұтақтарды қатты қысқарту, өркендердi сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзiнiң декоративтiк сапасын жоғалтқан, сау дiңдi және сүңгектi жасарту үшiн жарамды ересек ағаштардың кемiнде 3,5 метр биiктiктегi дiңдерiн кесу;

6) жасыл алқап — түрлiк құрамына қарамастан кемiнде 0,125 гектар аумақта кемiнде 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ;

7) жасыл екпелер — азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлiк болып табылатын және қаланың бiрыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егiлген ағаш бұтақты және шөптi өсiмдiктер;

8) жасыл екпелердi жою — жасыл екпелердiң өсуiнiң тоқтауына әкелетiн зақымдану;

9) жасыл көшеттерге зақым келтiрiлуi — ағашты-бұталы өсiмдiктердiңұшарбасына, дiңiне, тамыр жүйесiне, тамыр жүйесiне зақым келтiру, шөптi өсiмдiктердiң жер үстiндегi бөлiгi мен тамыр жүйесiне өсiмiн тоқтауына алып келмейтiн залал келтiру. Тамыр жүйесiнiң механикалық, термиялық, химиялық зақымдануы, тамыр қыртысы мен топырақ үстi жамылғысытұтастығының бұзылуы және залалдың өзге де түрлерiн келтiру зақымдану болып табылады.

10) жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау — жасыл екпелердi, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды құруға, сақтауға және өсiруге (оның iшiнде кесiлген жасыл екпелердi өтемдiк қалпына келтiруге) бағытталған құқықтық, әкiмшiлiк, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесi;

11) жасыл екпелердi сақтау — абаттандыру және құрылыс жұмыстарының нүктесiне түсетiн, аса құнды екпелердiң тұқымдарын сақтауға бағытталған iс-шаралар кешенi;

12) жасыл екпелердi орман-патологиялық зерттеу — зиянкестердiң (жәндiктердiң) болуын арнайы зерттеу, ауру белгiлерi мен ошақтарының болуын, дiңдерде, тамыр жүйесi мен ұшарбаста зең ауруларымен (паразиттермен) зақымдану белгiлерiнiң болуын анықтау. Егер екпелердiң 50 (елу) % — дан астамы аурулардан зақымданған болса, олар мiндеттi түрде кесiлуi тиiс;

13) жасыл екпелердi түгендеу (тал басын санау) — көгалдандыру объектiлерiнiң сандық және сапалық сипаттамаларын толық көрсете отырып, оларды есепке алу жөнiндегi iс–шаралар кешенi, сондай-ақ жоспарлы негiзде әрбiр көгалдандыру элементiн графикалық бейнелеу;

14) жасыл екпелер тiзiлiмi — жасыл екпелердiң типтерi, түрлiк құрамы, алаңының көлемi, жай-күйi және орналасуы туралы деректер жиынтығы;

15) жеке тұрғын үй — үй маңындағы учаскеде орналасқан және шаруашылық пен басқа да құрылыстармен және жасыл екпелермен бiрге азаматтың меншiгiндегi жеке (отбасымен) тұруға арналған үй;

16) көгалдандырылған аумақ — табиғи жолмен өнiп шыққан өсiмдiктер орналасқан, жасанды жолмен жасалған бау-саябақ кешендерi және объектiлер, бульварлар, скверлер, көгалдар, гүлдер орналасқан жер учаскесi;

17) күтiп-баптау– өсiмдiктердiң жерасты бөлiгiн және топырағын күтiп-баптау (қоректендiру, суару, қопсыту және өзге де iс-әрекеттер);

18) өтемдiк отырғызу жоспары — отырғызудың сандық бөлiгiн, тұқымдық құрамын, көлемiн, күнтiзбелiк мерзiмiн, сонымен қатар жоспарлы негiзге орайластырылған отырғызуды орналастырудың графикалық схемасын қамтитын кесуге, санитариялық кесуге ұшыраған ағаштарды отырғызу жоспары;

19) өтемдiк отырғызу — уәкiлеттi орган дендрологиялық жоспарға сәйкес айқындаған арнайы учаскелерде кесiлген ағаштардың орнына отырғызу;

20) өтпе жол — тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсiпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елдi мекендер iшiндегi құрылыс объектiлерiне көлiк құралдарының кiруiн қамтамасыз ететiн жол элементi;

21) санитариялық кесу — авариялық жағдай туғызатын (электр беру желiлерiнде, газ құбырларында жатқан, ғимараттардың жамылғысын зақымдайтын, жол қозғалысының қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн), ауырған, құрғай бастаған, құрғақ және зақымданған бұтақтарды кесу;

22) тротуар — жаяу жүргiншiлердiң жүруiне арналған, жолдың жүру бөлiгiмен шектесетiн немесе одан көгалмен немесе арық жүйесiмен бөлiнген жолдың элементi;

23) уәкiлеттi орган — аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын, жасыл екпелердi сақтау және қорғау мәселелерiн реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы орган;

24) ұйым — жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау саласында маманданып жүрген жеке немесе заңды тұлға;

25) ұшарбасты қалыптастыру — белгiлi бiр эстетикалық түр беру және жасыл екпелердi жасарту мақсатында олардың солып қалуына әкеп соқтырмайтын, пiшiндеуге келетiн бұтақтар мен өркендердi, жекелеген ағаштарды, бұталарды және жолдағы екпелердi кесу;

26) шағын сәулеттiк нысандар — декоративтiк сипаттағы және iс жүзiнде пайдаланылатын объектiлер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүлқұмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);

27) iргелес аумақ — ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектiлерiне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншiгiндегi, иелiгiндегi, жалға алуындағы басқа объектiлер шекараларына тiкелей (периметрi бойынша 5 метр шекарада) жанасып жатқан аумақ.

2-тарау. Жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау

Параграф 1. Жасыл екпелердi күту және қорғау жөнiндегi iс-шаралары

4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде және республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй және жеке меншiк қосалқы шаруашылық аумақтарында өсетiн жасыл екпелердi қоспағанда, барлық жасыл екпелер аталған учаскелерде қалалар мен елдi мекендердiң қорғалуы тиiстi бiрыңғай жасыл қорын құрайды.

5. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың көгалдандырылған аумақтарын дамыту дендрологиялық жоспарға сәйкес жүргiзiледi.

6. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген аумақтардағы көгалдандыру жөнiндегi барлық жұмыс турлерi бекiтiлген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлерi Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Жасыл екпелердi күтiп-ұстау мыналарды қамтиды:

1) жасыл екпелердi отырғызу;

2) ағаштардың дiңгек қуысын орнатумен қыртыстарды қопсыту, ағаштарды ақтау, жасыл қоршамды қию, ағаштардың дiңiн көтеру, ағаш өскiндерiн жою;

3) гүлзарлар, көгалдарды орналастыру, арамшөптердi отау, шөптердi шабу, қысқы кезеңде раушан гүлдерiн жауып ұстау;

4) бүкiл вегетациялық кезең бойы жасыл екпелердi суару;

5) авариялық, құрғаған, жасамыс ағаштарды және бұталарды санитарлық кесу, ұшарбасты қалыптастыру;

6) тыңайтқыштар салу;

7) жасыл екпелердiң зиянкестерiмен және ауруларымен күресу.

8. Жасыл екпелердi қайта отырғызу жыл iшiнде арнайы қайта отырғызу технологиялары сақталған жағдайда жүзеге асырылады. Жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың тиiмдi ұласып өсуi мақсатында оларды күз түскен кезеңнен бастап көктемнiң бас кезiне дейiн отырғызу ұсынылады.

9. Ағаштарды жасарту және қалың өскен ағаштарды сирету iс-шаралар вегетация басталғанға дейiн немесе күздiң соңында жүргiзiледi.

10. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу кезiнде осы учаскеде сақтауға жататын барлық екпелер олардың тиiмдi қорғалуын қамтамасыз ететiн арнайы қорғаныш қоршауларымен механикалық және өзге де зақымданулардан қорғалады.

11. Құрылыс салуға немесе басқа да жұмыстар жүргiзуге бөлiнетiн учаскелерде жасыл екпелердi сақтау мүмкiн болмаған жағдайда, ағаштарды кесу (қайта отырғызу) Рұқсаттар туралы Заңға сәйкес уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жүргiзiледi.

12. Қоршаған ортаны қорғау және қалпына келтiрудi 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне сәйкес азаматтар, лауазымды және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

13. Жасыл екпелердiң барлық түрi есепке алынады.

14. Жасыл екпелердi есепке алу осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасыл екпелер тiзiлiмiне енгiзiлетiн, есепке алу объектiсiнiң шекарасында орналасқан жасыл екпелердi түгендеу және орман- патологиялық зерттеу арқылы жүзеге асырылады.

15. Уәкiлеттi орган жасыл екпелер тiзiлiмiн және оларды есепке алуды жүргiзедi.

16. Жасыл екпелердi есепке алу нәтижесiн көрсететiн құжат ресiмделген түгендеу жән орман-патологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ дендрологиялық жоспар болып табылады.

17. Жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау бойынша қызмет көрсетудi, сондай-ақ жалпыға ортақ жерлердегi жасыл екпелердi түгендеу және орман-патологиялық зерттеулерiн жүргiзудi ұйымдар жүзеге асырады.

18. Уәкiлеттi орган жасыл екпелердi түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдарының көшiрмесiн жасыл қормен жұмыс iстеу кезiнде ұсыным ретiнде пайдалану үшiн (облыстық маңызы бар қала) аудан әкiмi аппаратына жiбередi.

19. Қалың өскен жасыл екпелер өздiгiнен құлаған кезде жасыл екпелердi қалпына келтiру уәкiлеттi органнын бекiтiлген дендрологиялық жоспарына сәйкес жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен жүргiзiледi.

2-Параграф. Ағаштарды кесу (қайта отырғызу), санитарлық кесу

20. Ағаштарды кесу (қайта отырғызу) мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1) бекiтiлген және келiсiлген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс объектiлерiн орналастыру үшiн жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету;

2) инженерлiк абаттандыру объектiлерiне, жер үстi коммуникацияларына қызмет көрсету;

3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның iшiнде инженерлiк абаттандыру объектiлерiнде;

4) жасыл екпелердiң сапалық және түрлiк құрамын жақсарту қажеттiгi;

5) адамдардың өмiрiмен денсаулығының қауiпсiздiгiне қатер туғызатын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкiне залал келтiретiн ескi екпелердi санитариялық кесу.

21. Жалпыға ортақ жерлердегi және ғимараттарға, құрылыстарға, көп қабатты тұрғын үйлерге iргелес аумақтардағы желдiң және табиғи сипаттағы өзгеде жағдайлардың, жол-көлiк оқиғаларының нәтижесiнде ағаштар авариялық құлаған жағдайда құлаған ағаштарды жинауды, құлаған жерлердi уақтылы санитарлық тазалауды және ағаш қалдықтарын шығаруды қызмет көрсететiн учаскелер бойынша ұйымдар жүзеге асырады.

22. Жалпыға ортақ жерлердегi ағаштарды кесудi (қайта отырғызуды) уәкiлеттi органның рұқсатымен осы жер учаскесiнде қызмет көрсететiн ұйымдар жүргiзедi.

23. Жалпыға ортақ жерлердегi ағаштарды санитарлық кесудi уәкiлеттi органның келiсiмiмен осы жер учаскесiнде қызмет көрсететiн ұйымдар жүргiзедi.

Ағаштардың өздерi, сондай-ақ олардың бұтақтарының құлауы адамдардың өмiрi мен денсаулығына, ғимараттар мен үй-жайлардың, коммуникациялардың зақымдалуына, жол қозғалысы (оның iшiнде жол жүру белгiлерiн жауып тұрса) қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн төтенше немесе апатты жағдайлардың туындаған кездерде ағаштарды кесу уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз жүргiзiледi.

24. Ағаштарды санитарлық немесе мәжбүрлi кесу фактiсi төтенше жағдайлар органдарының құтқару қызметiнiң куәландыру актiсiмен айғақталады, кейiн уәкiлеттi органға хабарланады.

25. Ағаштарды кесу (қайта отырғызу) кесiлген ағаштардың орнына жеке және заңды тұлғалардан өтемдiк отырғызу туралы кепiл хат ұсынылған жағдайда Рұқсаттар туралы Заңға сәйкес уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

3-Параграф. Ағаштарды өтемдiк отырғызуды жүргiзу тәртiбi

26. Ағаштарды қалпына келтiру арнайы учаскелерде қаланың немесе елдi мекеннiң өтемдiк ағаш отырғызу жоспарына сәйкес, қажет болған жағдайда жерiн құнарлы топыраққа ауыстыра отырып жүргiзiледi.

27. Өтемдiк отырғызу ағашты кесуге мүдделi болған азаматтар мен заңды тұлғалар есебiнен жүргiзiледi.

28. Ағаштарды кесу және санитарлық кесу кезiнде ағаштарды өтемдiк отырғызу биiктiгi 2 метрден кем емес ағаш көшеттерiнiң жапырақты түрлерiн, ал 1,5 метрден кем емес қылқан жапырақтыларды отырғызу жолымен жүргiзiледi.

29. Уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша ағаштарды кесу кезiнде қалпына келтiрiлетiн ағаштарды өтемдiк отырғызу бес есе көлемде жүргiзiледi.

30. Заңды және жеке тұлғалар ағаштарды қайта отырғызған кезде өтемдiк отырғызу жүргiзiлмейдi.

Қайта отырғызулар ағаштардың солып қалуына әкелiп соққан жағдайда, бес есе көлемдегi өтемақы белгiленедi.

31. Ағаштарды өтемдiк отырғызуды заңды және жеке тұлғалар өздерiнiң жеке меншiк жерлерiнде немесе маңындағы аумақтарда өз беттерiнше, ал ағаштарды мәжбүрлi түрде кесу кезiнде көгалдандыруды, жасыл екпелердi күтiп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымды қатыстыра отырып, жалпыға ортақ жерлерде жүзеге асырады.

32. Отырғызылған ағаш көшеттерi солып қалған жағдайда, ағаштарды кесуге мүдделi болған тұлғалар немесе ұйым жасыл екпелердi қайтадан отырғызуды жүзеге асырады және ағаштарды отырғызған кезден бастап екi жылдың iшiнде (ағаш көшетiнiң ұласып өсу кезеңi) олардың одан әрi күтiп бапталуын қамтамасыз етедi.

Жүктеу (DOCX 43 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 22.02.2018 22:14
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.02.2018 22:18
Қаралым саны: 711

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz