A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Сочинское су қоймасы, Сепе тоғаны, Бірсуат, Батпақкөл, Жаркөл, Қарамырза, Текекөл су қорғау аймағымен белдеуін және олардың шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы

Сочинское су қоймасы, Сепе тоғаны,
Бiрсуат, Батпақкөл, Жаркөл,
Қарамырза, Текекөл көлдерiнiң
су қорғау аймақтары мен белдеулерiн
және олардың шаруашылық
пайдалану режимiн белгiлеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнiң 39-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11838 болып тiркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Сочинское су қоймасы, Сепе тоғаны, Бiрсуат, Батпақкөл, Жаркөл, Қарамырза, Текекөл көлдерiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерi белгiленсiн.

2.Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Сочинское су қоймасы, Сепе тоғаны, Бiрсуат, Батпақкөл, Жаркөл, Қарамырза, Текекөл көледрiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерiнiң шаруашылықта пайдалану режимi белгiленсiн.

3.Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары А.С. Үйсiмбаевқа жүктелсiн.

4.Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

                                    Облыс әкiмi                                                                      М. Мырзалин

«КЕЛIСIЛДI»
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Су ресурстары комитетiнiң
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөнiндегi
Есiл бассейндiк инспекциясы»
республикалық мемлекеттiк
мекемесi
«___»____________

Қосымша 1 (DOCX 21 Kb)

Қосымша 2 (DOCX 25 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 14.12.2018 11:31
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.03.2019 16:39
Қаралым саны: 1002

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz