A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Айдабол, Зерендi, Майбалық, Қараүңгiр, Сұлтангелдi, Теңiз, Қопа көлдерi, Террiсаққан, Жабай, Селетi, Колутон, Шағалалы, Қылшақты өзендерiнде су қорғау аймақтары мен белдеулерiн және оларды шаруашылыққа пайдалану режимiн белгiлеу туралы

Айдабол, Зерендi, Майбалық, Қараүңгiр, Сұлтангелдi, Теңiз, Қопа көлдерi, Террiсаққан, Жабай, Селетi, Колутон, Шағалалы, Қылшақты өзендерiнде су қорғау аймақтары мен белдеулерiн және оларды шаруашылыққа пайдалану режимiн белгiлеу туралы

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 26 қаңтардағы № А-1/19 қаулысы. Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде 2009 жылғы 13 наурызда № 3312 тiркелдi

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiне , «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына , «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 16 қаңтардағы қаулысына сәйкес Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Айдабол, Зерендi, Майбалық, Қараүңгiр, Сұлтангелдi, Теңiз, Қопа көлдерiнiң және Терiсаққан, Жабай, Селетi, Колутон, Шағалалы, Қылшақты өзендерiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерi жобалау құжаттары негiзiнде 1-қосымшаға сәйкес белгiленсiн.

2. Айдабол, Зерендi, Майбалық, Қараүңгiр, Сұлтангелдi, Теңiз, Қопа көлдерiнiң және Терiсаққан, Жабай, Селетi, Колутон, Шағалалы, Қылшақты өзендерiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерi аумақтарында шаруашылыққа пайдалану режимi 2-қосымшаға сәйкес белгiленсiн.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсiн.

4. Облыс әкiмдiгiнiң осы қаулы Ақмола облысының әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа еңгiзiледi.

Ақмола облысының

әкiмi А. Рау

«КЕЛIСIЛДI»

Қазақстан Республикасы

ауыл шаруашылығы Министрлiгiнiң

су ресурстары жөнiндегi

Комитетiнiң су ресурстарын

пайдалану реттеу

және қорғау жөнiндегi

Есiл бассейндiк су

инспекциясының

бастығы Н. Атшабаров

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң

2009 жылғы 26 қаңтардағы № 3312

қаулысына 1-қосымша

Айдабол, Зерендi, Майбалық, Қараүңгiр, Сұлтангелдi, Теңiз, Қопа көлдерi және Терiсаққан, Жабай, Селетi, Колутон,

Шағалалы мен Қылшақты өзендерiнде су қорғау аймақтары және белдеулерi

Р/с № Су объектiсiнiң атауы Су айдынының ауданы, ш.км Су қорғау аймағы Су қорғау белдеуi
енi метрмен ауданы ш.км енi метрмен ауданы ш.км
1 Айдабол көлi 1,083 500 0,913 25-80 0,072
2 Зерендi көлi 1,632 500 0,897 35-90 0,104
3 Майбалық көлi 0,560 300 0,173 50-90 0,045
4 Қараүңгiр көлi 1,093 500 0,740 30-80 0,066
5 Сұлтангелдi көлi 3,570 500 1,832 35-50 0,150
6 Теңiз көлi 233,900 500 10,521 50 0,979
7 Қопа көлi 1,479 500 0,838 35-100 0,080
8 Терiсаққан өзенi 9,480 500 1,281 35-100 1,782
9 Жабай өзенi 6,710 500 1,941 25-100 2,660
10 Селетi өзенi 9,679 500 2,077 35-100 2,755
11 Колутон өзенi 7,890 500 2,725 35-100 3,218
12 Шағалалы өзенi 1,540 500 1,093 35-100 1,057
13 Қылшақты өзенi 3,500 500 1,633 25-100 2,441

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2009 жылғы 26 қаңтардағы № 3312
қаулысына 2-қосымша

Айдабол, Зерендi, Майбалық, Қараүңгiр, Сұлтангелдi, Теңiз, Қопа көлдерi және Терiсаққан, Жабай, Селетi, Колутон, Шағалалы, Қылшақты өзендерiнiң суды қорғайтын аймақтары мен суды қорғайтын белдеулерiнде шаруашылыққа пайдалану тәртiбi

1. Елдi мекендерде суды қорғайтын аймақтың шекарасында су объектiсiнiң ластануына жол бермейтiн пайдалану тәртiбi сақталуы керек.

2. Суды қорғайтын аймақтың шекарасында:

1) су объектiлерi мен олардың суды қорғайтын аймақтары мен белдеулерiнде ластануына жол бермейтiн құрылыстармен және аспаптармен қамтамасыз етiлмеген жаңа және қайта жөнделген объектiлердi қолданысқа енгiзуге;

2) пестицидтер, улы химикаттар, мұнай өнiмдерi, автокөлiк пен ауыл шаруашылық техникасына қызмет көрсету және жуу пунктерiн, механикалық шеберханаларды, қоқыс пен өндiрiс шығындарын төгетiн орындарды, авиа-химиялық жұмыстар жүргiзу үшiн ұшу-қону алқаптарын, сондай-ақ судың сапасына керi әсер ететiн басқа да объектiлердi орналастыруға;

3) құрылыс, түбiн тереңдету және тас қопару жұмыстарын жүргiзу, пайдалы қазбаларды өндiру, кабель, құбырлар мен басқа да коммуникацияларды тарту, бұрғылау, ауыл шаруашылық және басқа да жұмыстарын белгiленген тәртiппен келiсiлген жобасыз жүргiзуге;

4) ауыл шаруашылық егiстiктерiн, орман екпе ағаштарын улы химикаттар мен минералды тыңайтқыштармен авиациялық өңдеу жұмыстарын су кемерiнен 2000 метрден кем қашықтықта жүргiзуге;

5) су қоймаларының тәртiбiн бұзатын мал жайылымдарын ұйымдастыру, малды жуындыру мен санитарлық және шаруашылық iс-шараларының басқа да түрлерiн жүзеге асыруға;

6) шектеулi қолданыс концентрациялары белгiленбеген пестицидтердi қолдану, тыңайтқыштарды қар жамылғысының үстiне себу, құрамында залалсыздандырылмаған көң бар ағынды суларды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретiнде қолдануға;

7) су қоймаларына радиоактивтi және улы заттарды төгу;

8) тазалау құрылымдары жоқ және нормативтерге сәйкес тиiмдi тазалануды қамтамасыз етпейтiн өндiрiстiк, азықтық объектiлердiң ағынды сулардың су қоймаларына құйылуына;

9) су қоймаларында жарылу барысында радиоактивтi және улы заттар бөлiнiп шығатын жарылыс жұмыстарын жүргiзуге;

10) су шаруашылығы су қоймаларында адамдар мен қоршаған ортаға зиян келтiретiн техника мен тәсiлдердi қолдануға;

11) су қоймаларына өндiрiстiк, тұрмыстық және тағы басқа да қалдықтарды төгуге;

12) су жиналу аймақтары мен мұз қабатын, сондай-ақ су жағасын, шайылуы үстiнгi қабатты және жер асты сулары сапасының төмендеуiне әкеп соғатын қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа да қалдықтармен, үй малының қиымен қоқыстауға;

13) су объектiлерiнiң су жиналатын аумағында тыңайтқыштарды және улы химикаттарды қолдану. Су жиналатын аумақтарда және су объектiлерiн санитарлық қорғау белдеулерiнде дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық шаралар облыстағы тұрғындардың санитарлы-эпидемиологиялық игiлiгi саласындағы өкiлеттi органның келiсiмiмен жүргiзiледi;

14) су қорғау аймақтары мен жағалаудағы қорғау белдеулерiнде орналасқан ормандарда негiзгi пайдаланудағы ағаш кесудi жүзеге асыруға тыйым салынады.

3. 2-тармақта көрсетiлгеннен басқа суды қорғайтын белдеулерде:

1) жердi қазуға, мал бағуға, ағашты-бұталы өсiмдiктердi шабуға;

2) органикалық және минералды тыңайтқыштарды, улы химикаттарды және пестицидтердi қолдануға;

3) шатырлы қалашықтарды, автокөлiк үнемi тұратын және малдарға арналған жазғы орындарды;

4) саяжайға арналған орындарды бөлуге.

Қысқарған сөздердiң толық атаулары:
ш. км — шаршы километр

Мақаланың шыққан күні: 20.01.2017 10:52
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.01.2017 15:54
Қаралым саны: 1790

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz