A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Қатаркөл, Щучье, Кiшi Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдерi, Нұра өзенiнде су қорғау аймақтары мен белдеулерiн және оларды шаруашылыққа пайдалану режимiн белгiлеу туралы

Қатаркөл, Щучье, Кiшi Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдерi, Нұра өзенiнде су қорғау аймақтары мен белдеулерiн және оларды шаруашылыққа пайдалану режимiн белгiлеу туралы

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 21 ақпандағы N А-2/54 қаулысы. Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде 2008 жылғы 28 ақпанда N 3241 тiркелдi

"Арқа Ажары" 2008.03.04 № 27; "Акмолинская правда" от 4 марта 2008 года, № 25

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су Кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 42 қаулысына сәйкес Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

Ескерту. Кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2010.04.12 № А-4/113 қаулысымен.

1. Қатаркөл, Щучье, Кiшi Шабақты, үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдерiнiң, Нұра өзенiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерi жобалау құжаттары негiзiнде 1-қосымшаға сәйкес белгiленсiн.

2. Қатаркөл, Шучье, Кiшi Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдерi, Нұра өзенi су қорғау аймақтарының және су қорғау белдеулерiнiң шаруашылыққа пайдалану режимi Қазақстан Республикасы Су кодексiнiң нормаларына сәйкес белгiленсiн.

Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2012.09.03 № А-10/424 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсiн.

4. Облыс әкiмдiгiнiң осы қаулысы Ақмола облысы әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2008 жылғы 21 ақпандағы N а-2/54
қаулысына 1-қосымша

Қатаркөл, Щучье, Кiшi Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдерiнiң, Нұра өзенiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерi

р/с № Су обьектiсiнiң атауы Су айдынының ауданы, ш.км Су қорғау аймағы Су қорғау белдеуi
енi метрмен ауданы ш.км енi метрмен ауданы ш.км
1 Қатаркөлкөлi 4,5 500 5,5 35-100 0,64
2 Щучье көлi 16,11 500 9,482 35-100 1,165
3 Кiшi Шабақты көлi 18,45 500 12,20 35-90 1,47
4 Үлкен Шабақты 21,37 500 12,75 35-100 2,22
5 Бурабай көлi 10,00 500 7,089 35-100 0,741
6 Жөкей көлi 19,51 500 2,234 35-75 0,195
7 Нұра өзенi 18,44 1000 571,29 35-100 40,66

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2008 жылғы 21 ақпандағы N а-2/54
қаулысына 2 қосымша

Қатаркөл, Щучье, Кiшi Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдерiнiң, Нұра өзенiнiң суды қорғайтын аймақтары мен суды қорғайтын белдеулерiнде шаруашылыққа пайдалану тәртiбi

Ескерту. 2 қосымша алынып тасталды — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2012.09.03 № А-10/424 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

Қысқарған сөздердiң толық атаулары:
ш. км — шаршы километр

Мақаланың шыққан күні: 20.01.2017 11:33
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.01.2017 16:37
Қаралым саны: 984

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz