A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Есiл өзенiнде су қорғау аймағы мен белдеуiн және оларды шаруашылыққа пайдалану режимiн белгiлеу туралы

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № А-11/492 қаулысы. Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде 2012 жылғы 12 қаңтарда № 3417 тiркелдi

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiне, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес, «Есiл өзенiнiң су қорғау аумағының және белдеуiнiң жобасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары комитетi төрағасының 2006 жылғы 14 маусымдағы № 91 бұйрығымен бекiтiлген жобалау құжаттамасының негiзiнде Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Есiл өзенiнiң су қорғау аймағы мен белдеуi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.

2. Есiл өзенiнiң су қорғау аймағы мен белдеуi аймағын шаруашылыққа пайдалану режимi Қазақстан Республикасы Су кодексiнiң нормаларына сәйкес белгiленсiн.

3. Осы қаулының орындалуын облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсiн.

4. Облыс әкiмдiгiнiң осы қаулысы Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi С.Дьяченко

«КЕЛIСIЛДI»

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Су ресурстары комитетi
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөнiндегi
Есiл бассейндiк инспекциясы
бастығының мiндетiн атқарушы                   Р.Сүлейменов

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2011 жылғы 7 желтоқсандағы
№ А-11/492 қаулысына
қосымша

Есiл өзенiнiң су қорғау аймағы мен белдеуi

Су
объектiсi-
нiң атауы
Су
айдынының
ауданы,
ш.км
Су қорғау
аймағы
Су қорғау
белдеуi
1 Есiл
өзенi
650 енi
метрмен
аймағының
ш.км
енi
метрмен
аймағының
ш.км
500-1000 1300 50-100 97,50

Қысқарған сөздердiң толық атаулары:
ш.км — шаршы километр

Мақаланың шыққан күні: 20.01.2017 11:49
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.01.2017 17:02
Қаралым саны: 1221

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz