A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Ақмола облысы Целиноград ауданы Приреченский ауылдық округінің жерлерінің шекарасындағы Ақ үй бөгетінің су қорғау аймағы мен белдеуін және олардың шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнiң 39-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына(Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11838 болып тiркелген)сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысы Целиноград ауданы Приреченский ауылдық округiнiң жерлерiнiң шекарасындағы Ақ үй бөгетiнiң су қорғау аймағы мен белдеуi белгiленсiн.

2.Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысы Целиноград ауданы Приреченский ауылдық округiнiң жерлерiнiң шекарасындағы Ақ үй бөгетiнiң су қорғау аймағы мен белдеуiнiңшаруашылық пайдалану режимi белгiленсiн.

3.Осы қаулының орындалуын бақылауАқмола облысы әкiмiнiң орынбасары А.С. Үйсiмбаевқа жүктелсiн.

4.Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi                                                                                                  М. Мырзалин

«КЕЛIСIЛДI»

«Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлiгi

Су ресурстары комитетiнiң

Су ресурстарын пайдалануды

реттеу және қорғау жөнiндегi

Есiл бассейндiк инспекциясы»

республикалық мемлекеттiк

мекемесi

20__ жылғы «___»___

Қосымша 1

Қосымша 2 (DOCX 25 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 04.02.2019 17:43
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.02.2019 17:43
Қаралым саны: 864

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@aqmola.gov.kz