A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Ақмола облысы Степногорск қаласының аумағында орналасқан Ақсу өзені арнасының учаскесінде су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін белгілеу туралы

Ақмола облысы, Степногорск
қаласының аумағында орналасқан
Ақсу өзенi арнасының учаскесiнде
су қорғау аймағы мен белдеуiн
және оларды шаруашылыққа
пайдалану тәртiбiн белгiлеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнiң 39-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына(Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11838 болып тiркелген)сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес,Ақмола облысы, Степногорск қаласының аумағында орналасқан Ақсу өзенi арнасының учаскесiндесу қорғау аймағы мен белдеуi белгiленсiн.

2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысы, Степногорск қаласының аумағында орналасқан Ақсу өзенi арнасының учаскесiнде су қорғау аймағы мен белдеуiнiң шаруашылыққа пайдалану тәртiбi белгiленсiн.

3.Осы қаулының орындалуын бақылауАқмола облысы әкiмiнiң орынбасары А.С.Үйсiмбаевқа жүктелсiн.

4.Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi                                                                                                 М. Мырзалин

«КЕЛIСIЛДI»
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Су ресурстары комитетiнiң
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғаужөнiндегi
Есiл бассейндiк инспекциясы»
республикалық мемлекеттiк
мекемесi басшысының мiндетiн атқарушы
___________________М.Т. Аяшев
2017 жылғы «___»____________

Жүктеу (ZIP 37 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 14.11.2017 16:32
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.11.2017 16:32
Қаралым саны: 772

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz