A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Ақмола облысы Атбасар ауданының аумағында орналасқан Шұға өзенінің учаскесіне су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Ақмола облысы Атбасар
ауданының аумағында орналасқан
Шұға өзенінің учаскесіне
су қорғау аймағы мен белдеуін
және оларды шаруашылыққа
пайдалану режимін белгілеу туралы

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысы Атбасар ауданының аумағында орналасқан Шұға өзенінің учаскесіне су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысы Атбасар ауданының аумағында орналасқан Шұға өзенінің учаскесіне су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылыққа пайдалану режимі белгіленсін. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғ.К. Әбдіхалықовқа жүктелсін. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі                                                                                                                                      Е. Маржықпаев

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасының
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің
Ақмола облысы бойынша тауарлар
мен көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау
департаменті»
республикалық мемлекеттік мекемесі

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Ертіс бассейндік инспекциясы»
республикалық мемлекеттік мекемесі

Ақмола облысы әкімдігінің
20___ жылғы ____________
№ ___________ қаулысына
1-қосымша

Ақмола облысы Атбасар ауданының аумағында орналасқан Шұға өзенінің учаскесіне су қорғау аймағы мен белдеуі

Су объектісінің атауы Орналасқан жері Су қорғау аймағы Су қорғау белдеуі
ені, метр ені, метр
1 Шұға өзенінің учаскесі Ақмола облысы, Атбасар ауданы, «Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз-Шалқар» автомобиль жолының 216,196 шақырымында орналасқан көпірді жобалау және салуға арналған учаскесі 500 35

Ақмола облысы әкімдігінің
20__ жылғы ___________
№ _________ қаулысына
2-қосымша

Ақмола облысы Атбасар ауданының аумағында орналасқан Шұға өзенінің учаскесіне су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылыққа пайдалану режимі

Елдi мекендердегі су қорғау аймағы шегінде су объектiсiнiң ластануын және қоқыстануын болдырмайтын пайдалану режимі сақталуы тиіс. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайлар салмай ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;

3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.

Су қорғау аймақтарының шегінде:

1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.

Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

Мақаланың шыққан күні: 05.10.2020 11:44
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.10.2020 11:44
Қаралым саны: 107

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@aqmola.gov.kz