A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Қозыкөш өзенінің сол ағыны болып табылатын Мұқыр өзенінің учаскесінде су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін белгілеу туралы

Қозыкөш өзенiнiң сол ағыны
болып табылатын Мұқыр өзенiнiң
учаскесiнде су қорғау аймағы мен
белдеуiн және оларды шаруашылыққа
пайдалану тәртiбiн белгiлеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнiң 39-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11838 болып тiркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысы, Целиноград ауданында орналасқан, Қозыкөш өзенiнiң сол ағыны болып табылатын Мұқыр өзенiнiң учаскесiнде су қорғау аймағы мен белдеуi белгiленсiн.

2.Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысы, Целиноград ауданында орналасқан, Қозыкөш өзенiнiң сол ағыны болып табылатын Мұқыр өзенiнiң учаскесiне су қорғау аймағы мен белдеуiнiң шаруашылыққа пайдалану тәртiбi белгiленсiн.

3.Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Е.Я. Каппельге жүктелсiн.

4.Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi                                                                                                                                       М. Мырзалин

«КЕЛIСIЛДI»
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Су ресурстары комитетiнiң
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөнiндегi
Есiл бассейндiк инспекциясы»
республикалық мемлекеттiк
мекемесiнiң басшысы
___________________М.Т. Аяшев
2017 жылғы «___»____________

Қосымша (ZIP 37 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 23.06.2017 10:18
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.06.2017 10:18
Қаралым саны: 1032

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz