A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Ақмола облысы Шортанды ауданында Жолымбет кен алаңының шетіндегі учаскеде орналасқан Ащылыайрық өзені учаскесінің су қорғау аймағы мен елдеуін және олардың шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы

Ақмола облысы Шортанды ауданында
Жолымбет кен алаңының шетiндегi
учаскеде орналасқан Ащылыайрық өзенi
учаскесiнiң су қорғау аймағы мен белдеуiн және
олардың шаруашылық пайдалану
режимiн белгiлеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнiң 39-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11838 болып тiркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысы Шортанды ауданында Жолымбет кен алаңының шетiндегi учаскеде орналасқан Ащылыайрық өзенi учаскесiнiң су қорғау аймағы мен белдеуi белгiленсiн.

2.Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысы Шортанды ауданында Жолымбет кен алаңының шетiндегi учаскеде орналасқан Ащылыайрық өзенi учаскесiнiң су қорғау аймағы мен белдеуiнiң шаруашылық пайдалану режимi белгiленсiн.

3.Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары А.С. Үйсiмбаевқа жүктелсiн.

4.Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi                                                                                                    М. Мырзалин

«КЕЛIСIЛДI»
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Су ресурстары комитетiнiң
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөнiндегi
Есiл бассейндiк инспекциясы»
республикалық мемлекеттiк
мекемесi басшысының
мiндетiн атқарушы
___________________М.Т. Аяшев
2017 жылғы «___»____________

Қосымша (ZIP 73 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 04.01.2018 12:04
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.01.2018 10:46
Қаралым саны: 660

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz