A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Ақмола облысы Аршалы ауданында орналасқан Есіл өзенінің оң жақ ағысы – атауы жоқ кіші өзен учаскесінің су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу туралы

 

Ақмола облысы Аршалы ауданында
орналасқан Есiл өзенiнiңоң жақ ағысы –
атауы жоқ кiшi өзен учаскесiнiң
су қорғау аймағымен белдеуiн
белгiлеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнiң 39-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына(Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11838 болып тiркелген)сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысы Аршалы ауданындаорналасқан Есiл өзенiнiң оң жақ ағысы –атауы жоқ кiшi өзен учаскесiнiң су қорғау аймағы мен белдеуi белгiленсiн.

2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысы Аршалы ауданындаорналасқан Есiл өзенiнiң оң жақ ағысы –атауы жоқ кiшi өзен учаскесiнiң су қорғау аймағы мен белдеуiнiңшаруашылық пайдалану режимi белгiленсiн.

1.Осы қаулының орындалуын бақылауАқмола облысы әкiмiнiң орынбасары А.С. Үйсiмбаевқа жүктелсiн.

2.Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi                                                                                            М. Мырзалин

«КЕЛIСIЛДI»
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Су ресурстары комитетiнiң
Су ресурстарынпайдалануды
реттеу және қорғаужөнiндегi
Есiл бассейндiкинспекциясы»
республикалық мемлекеттiк
мекемесiнiң басшысы
___________________М.Т. Аяшев
2018 жылғы «___»____________

Жүктеу (ZIP 58 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 14.03.2018 17:31
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.03.2018 17:31
Қаралым саны: 816

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz