A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Жібек Жолы ауылы аймағындағы Есіл (Ишим) өзені арнасының және атауы жоқ көлдердің учаскесінде су қорғау аймағымен белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану тәртібін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнiң 39-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2015 жылғы 18 мамырдағы №19-1/446 бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №11838 болып тiркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Жiбек Жолы ауылының аумағындағы Есiл (Ишим) өзенi арнасының және атауы жоқ көлдердiң учаскесiнде су қорғау аймағы мен белдеуi белгiленсiн.

2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Жiбек Жолы ауылы аумағындағы Есiл (Ишим) өзенi арнасының және атауы жоқ көлдердiң учаскесiнде су қорғау аймағы мен белдеуiнiң шаруашылық пайдалану режимi белгiленсiн.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары А.С. Үйсiмбаевқа жүктелсiн.

4. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi                                                                                     М. Мырзалин

Қосымша 1 (DOCX 19 Kb)

Қосымша 2 (DOCX 25 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 05.02.2019 17:41
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.02.2019 17:42
Қаралым саны: 602

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz