A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Ақмола облысының мемлекеттiк орман қоры аумағында өрт шығу қаупi жоғары кезеңiндегi шектеулер туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 63-бабындағы 4-тармағына сәйкес, өрт шығу қаупi жоғары кезеңiнiң басталуына байланысты облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Өрт шығу қаупi жоғары кезеңiнде жеке тұлғалардың орманда болуын және онда көлiк құралдарымен кiруiне, сондай-ақ Ақмола облысының мемлекеттiк орман қоры аумағында жұмыстың белгiлi бiр түрлерiн жүргiзуге шектеу қойылсын.

2. "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы"»мемлекеттiк мекемесi, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Көкшетау" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Президентi Iстерi басқармасының "Бурабай" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Сандықтау оқу-өндiрiстiк орман шаруашылығы" (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Көкшетау орман селекциялық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Ақмола облысының iшкi iстер департаментi" мемлекеттiк мекемесiмен (келiсiм бойынша) бiрлесе отырып өрт шығу қаупi жоғары кезеңiнде орман өртенуi бойынша ең қауiптi учаскелерге кiре берiстiң басты жолдарында пост бекеттерiн қоюды қамтамасыз етсiн.

3. "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттiк мекемесi орман алқабында өрт шығу қаупi жоғары кезеңiнiң басталуы туралы ақпаратты Ақмола облысының әкiмдiгiне, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Ақмола облысының iшкi iстер департаментiне" (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң "Ақмола облысының төтенше жағдайлар жөнiндегi департаментiне" (келiсiм бойынша) дер кезiнде тапсырсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсiн.

5. Осы қаулы Ақмола облысының әдiлет департаментiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ақмола облысының әкiмi

Мақаланың шыққан күні: 20.01.2017 11:50
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.01.2017 16:58
Қаралым саны: 1215

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz