A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
«Ақмола облысындағы жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 17 маусымдағы № 4С-15-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Ақмола облысындағы жер үсті көздерінің
су ресурстарын пайдаланғаны үшін
төлем ставкаларын бекіту туралы»
Ақмола облыстық мәслихатының
2009 жылғы 17 маусымдағы
№ 4С-15-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабындағы 5-тармағына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 569-бабына, «Қазақ стан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабындағы 5-тармағына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Ақмола облысындағы жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 17 маусымдағы № 4С-15-6 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3325 болып тіркелген, 2009 жылғы 1 тамызда «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасына осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақмола облыстық                                 Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының                    мәслихатының хатшысы                      төрағасы

_____________________                          ______________________

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақмола облысы экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________Б. Малғаждаров

 

Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитетінің «Ақмола облысы
бойынша мемлекеттік кірістер
департаменті» Республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________Т. Ошақбаев

 

«Ақмола облысының
табиғи ресурстар және
табиғатты пайдалануды реттеу
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________Р. Әубәкіров

 

Ақмола облыстық мәслихатынтың
2018 жылғы ___________
№ ________ шешіміне
қосымша

Ақмола облысының жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2018 жылға арналған төлемақы ставкалары

№р/б Арнайы су пайдалану түрі Өлшем бірлігі Базалық ставкалар (теңге) 2018 жылға төлемақы ставкасы, теңге
I. Ертіс өзенінің бассейні
1. Тұрғын үй - пайдалану және коммуналдық қызметтер теңге/1000 текше метр 63 121,70
2. Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда теңге/1000 текше метр 181 349,66
3. Ауыл шаруашылығы теңге/1000 текше метр 51 98,52
4. Су көздерінен су жинауды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары теңге/1000 текше метр 51 98,52
5. Гидроэнергетика теңге/ 1000 киловатт-сағат 19 36,70
6. Су көлігі теңге/1000 тонна-километр 7 13,52
II. Есіл өзенінің бассейні
1. Тұрғын үй - пайдалану және коммуналдық қызметтер теңге/1000 текше метр 61 117,84
2. Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда теңге/1000 текше метр 169 326,47
3. Ауыл шаруашылығы теңге/1000 текше метр 48 92,73
4. Су көздерінен су жинауды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары теңге/1000 текше метр 48 92,73
5. Гидроэнергетика теңге/ 1000 киловатт-сағат 17 32,84
6. Су көлігі теңге/1000 тонна-километр 5 9,66
III. Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендерінің бассейні
1. Тұрғын үй - пайдалану және коммуналдық қызметтер теңге/1000 текше метр 68 131,36
2. Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда теңге/1000 текше метр 194 374,77
3. Ауыл шаруашылығы теңге/1000 текше метр 56 108,18
4. Су көздерінен су жинауды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары теңге/1000 текше метр 53 102,38
5. Гидроэнергетика теңге/ 1000 киловатт-сағат - -
6. Су көлігі теңге/1000 тонна-километр - -

Ескерту: тиісті жылға инфляция деңгейінің негізінде нормативтік ставкалар жыл сайын индексацияланады.

«Ақмола облысындағы жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы» Ақмола облыстық мәслихат сессиясының 2009 жылғы 17 маусымдағы № 4С-15-6 шешiмiнiң жобасына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

№р/б Арнайы су пайдалану түрі Қолданыстағы редакция (теңге) Ұсынылатын редакция (теңге)
I Ертіс өзенінің бассейні
1. Тұрғын үй - пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету 63 121,70
2. Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда 181 349,66
3. Ауыл шаруашылығы 51 98,52
4. Су көздерінен су жинауды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары 51 98,52
5. Гидроэнергетика 19 36,70
6. Су көлігі 7 13,52
II Есіл өзенінің бассейні
1. Тұрғын үй - пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету 61 117,84
2. Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда 169 326,47
3. Ауыл шаруашылығы 48 92,73
4. Су көздерінен су жинауды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары 48 92,73
5. Гидроэнергетика 17 32,84
6. Су көлігі 5 9,66
III Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендерінің бассейні
1. Тұрғын үй - пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету 68 131,36
2. Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда 194 374,77
3. Ауыл шаруашылығы 56 108,18
4. Су көздерінен су жинауды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары 53 102,38
5. Гидроэнергетика - -
6. Су көлігі - -
Мақаланың шыққан күні: 12.01.2018 12:43
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.01.2018 12:43
Қаралым саны: 516

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz