A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
«Бозайғыр, Құмдыкөл, Жақсы-Жалғызтау көлдеріне су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 шілдедегі № А-2/269 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнiң 39-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11838 болып тiркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.«Бозайғыр, Құмдыкөл, Жақсы-Жалғызтау көлдерiне су қорғау аймақтары мен белдеулерiн және оларды шаруашылықта пайдалану режимiн белгiлеу туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2013 жылғы 3 шiлдедегi № А-2/269 (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3793 болып тiркелген, 2013 жылғы 58 қыркүйекте «Акмолинская правда» және «Арқа ажары» газеттерiнде жарияланған) қаулысына келесi өзгерiс енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулының 2-қосымшада:

Бозайғыр, Құмдыкөл, Жақсы-Жалғызтау көлдерiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерiн шаруашылықта пайдалану режимiнде:

3 тармақтың 4 тармақшасы:

«4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерiн, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егiстiктердi, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жер үстi және жер асты суларының микробпен ластану қаупiне себепшi болатын басқа да объектiлердi орналастыруға;» жаңа редакцияда жазылсын.

2.Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Ғ.К. Әбдiхалықовқа жүктелсiн.

3.Осы қаулысы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ақмола облыс әкiмi                                                                                                               Е. Маржықпаев

Мақаланың шыққан күні: 12.11.2019 11:16
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.11.2019 11:17
Қаралым саны: 1127

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@aqmola.gov.kz