A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
«Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсететін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қазандағы № А-10/468 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Су қорын пайдалануды реттеу
саласындағы мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызметтер
регламенттерiн бекiту туралы»
Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 19 қазандағы № А-10/468
қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.«Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң регламенттерiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 19 қазандағы № А-10/468 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5083 болып тiркелген, «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде 2015 жылдың 9 желтоқсанында жарияланған) келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Жерүстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткiлiктi қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Су объектiлерiн оқшауланған немесе бiрлесiп пайдалануға конкурстық негiзде беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2.Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Ж.Ж. Нұркеновке жүктелсiн.

3.Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ақмола облысының әкiмi                                                                               Е. Маржықпаев

Қосымша 1 (DOC 114 Kb)

Қосымша 2 (DOC 146 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 14.12.2018 11:53
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.04.2019 11:10
Қаралым саны: 726

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz