A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Ақмола облысы әкімдігінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
қаулыларына өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкiмдiгiнiң қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Е.Я. Каппельге жүктелсiн.

3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi                                                                                                                                                 М. Мырзалин

 

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы «____ »__________
№ ___________ қаулысына
қосымша

Өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн Ақмола облысы әкiмдiгiнiң қаулылар тiзбесi

1. «Бурабай» мемлекеттiк ұлттық табиғи паркiнiң қорғалу аймағын белгiлеу туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 23 қаңтардағы № А-2/22 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3217 тiркелген, 2007 жылғы 20 наурызда «Арқа Ажары» газетiнде және 2007 жылғы 10 сәуiрде «Акмолинская правда» газетiнде жарияланған) келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Бурабай» мемлекеттiк ұлттық табиғи паркiнiң қорғалу аймағы аумағында табиғатты пайдалану қағидаларында:

3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң қорғау аймақтарында:

1) мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн объектiлер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгiзуге;

2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздерi мен рельефке төгуге;

3) пайдалы қазбалар өндiруге;

4) аң аулауға;

5) радиоактивтi материалдар мен өнеркәсiптiк қалдықтарды көмуге;

6) мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң экологиялық жүйелерiнiң гидрологиялық режимiн өзгертуi мүмкiн қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететiн басқа да объектiлер салуға);

7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетiн өсiмдiктердiң бөтен түрлерiн интродукциялауға;

8) мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң экологиялық жүйелерiне зиянды әсер етуi мүмкiн басқа да қызметке тыйым салынады.»;

4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң қорғау аймақтарының аумағында ұлттық парктiң экологиялық жүйелерiнiң жай-күйiне терiс әсер етпейтiн шаруашылық қызметтiң мынадай әртүрлi нысандары жүзеге асырылуы мүмкiн:

1) орман шаруашылығы қызметi;

2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлi жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлiлiктi ұзақ мерзiмдi сақтау мен оның берiктiгiн қамтамасыз ету шеңберiндегi өзге де қызмет;

3) туристiк және рекреациялық қызмет;

4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;

5) кәсiпшiлiк және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

6) орман және дала өрттерiн сөндiру бойынша жердегi және авиациялық жұмыстарды жүргiзу;

7) бүлiнген жердi қалпына келтiру;

8) орман және өзге де өсiмдiктер қауымдастықтарын қалпына келтiру;

9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтiру;

10) жер учаскелерiн туристер болатын жерлердi жайластыру, өсiмдiктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерiн қолдан көбейтуге, өсiруге, өндiруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ мемлекеттiк ұлттық табиғи парк жұмыскерлерiнiң тұруына арналған қызметтiк үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтiк жер телiмдерiн беру үшiн пайдалану.».

2. «Ақмола облысында «Көкшетау» мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi күзет аймағының аумағында режим түрiн және табиғатты пайдалану тәртiбiн, күзет аймағының көлемi мен шекараларын белгiлеу туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2011 жылғы 27 мамырдағы № А-5/190 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3393 болып тiркелген, 2011 жылғы 16 шiлдеде «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерiнде жарияланған) келесi өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ақмола облысында «Көкшетау» мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi күзет аймағының аумағында табиғатты пайдалану ережелерiнде:

3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң қорғау аймақтарында:

1) мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн объектiлер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгiзуге;

2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздерi мен рельефке төгуге;

3) пайдалы қазбалар өндiруге;

4) аң аулауға;

5) радиоактивтi материалдар мен өнеркәсiптiк қалдықтарды көмуге;

6) мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң экологиялық жүйелерiнiң гидрологиялық режимiн өзгертуi мүмкiн қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететiн басқа да объектiлер салуға);

7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетiн өсiмдiктердiң бөтен түрлерiн интродукциялауға;

8) мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң экологиялық жүйелерiне зиянды әсер етуi мүмкiн басқа да қызметке тыйым салынады.»;

келесi мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

«4. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң қорғау аймақтарының аумағында ұлттық парктiң экологиялық жүйелерiнiң жай-күйiне терiс әсер етпейтiн шаруашылық қызметтiң мынадай әртүрлi нысандары жүзеге асырылуы мүмкiн:

1) орман шаруашылығы қызметi;

2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлi жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлiлiктi ұзақ мерзiмдi сақтау мен оның берiктiгiн қамтамасыз ету шеңберiндегi өзге де қызмет;

3) туристiк және рекреациялық қызмет;

4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;

5) кәсiпшiлiк және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

6) орман және дала өрттерiн сөндiру бойынша жердегi және авиациялық жұмыстарды жүргiзу;

7) бүлiнген жердi қалпына келтiру;

8) орман және өзге де өсiмдiктер қауымдастықтарын қалпына келтiру;

9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтiру;

10) жер учаскелерiн туристер болатын жерлердi жайластыру, өсiмдiктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерiн қолдан көбейтуге, өсiруге, өндiруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ мемлекеттiк ұлттық табиғи парк жұмыскерлерiнiң тұруына арналған қызметтiк үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтiк жер телiмдерiн беру үшiн пайдалану.».

3. «Ақмола облысында «Бұйратау» мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi қорғау аймағының аумағында режим түрiн және табиғатты пайдалану тәртiбiн, қорғау аймағының көлемi мен шекараларын белгiлеу туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 24 маусымдағы № А-10/556 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4492 болып тiркелген, «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде 2014 жылғы 23 желтоқсанда жарияланған) келесi өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ақмола облысында «Бұйратау» мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi қорғау аймағының аумағында табиғатты пайдалану қағидаларында:

3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң қорғау аймақтарында:

1) мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн объектiлер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгiзуге;

2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздерi мен рельефке төгуге;

3) пайдалы қазбалар өндiруге;

4) аң аулауға;

5) радиоактивтi материалдар мен өнеркәсiптiк қалдықтарды көмуге;

6) мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң экологиялық жүйелерiнiң гидрологиялық режимiн өзгертуi мүмкiн қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететiн басқа да объектiлер салуға);

7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетiн өсiмдiктердiң бөтен түрлерiн интродукциялауға;

8) мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң экологиялық жүйелерiне зиянды әсер етуi мүмкiн басқа да қызметке тыйым салынады.»;

келесi мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

«4. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң қорғау аймақтарының аумағында ұлттық парктiң экологиялық жүйелерiнiң жай-күйiне терiс әсер етпейтiн шаруашылық қызметтiң мынадай әртүрлi нысандары жүзеге асырылуы мүмкiн:

1) орман шаруашылығы қызметi;

2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлi жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлiлiктi ұзақ мерзiмдi сақтау мен оның берiктiгiн қамтамасыз ету шеңберiндегi өзге де қызмет;

3) туристiк және рекреациялық қызмет;

4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;

5) кәсiпшiлiк және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

6) орман және дала өрттерiн сөндiру бойынша жердегi және авиациялық жұмыстарды жүргiзу;

7) бүлiнген жердi қалпына келтiру;

8) орман және өзге де өсiмдiктер қауымдастықтарын қалпына келтiру;

9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтiру;

10) жер учаскелерiн туристер болатын жерлердi жайластыру, өсiмдiктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерiн қолдан көбейтуге, өсiруге, өндiруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ мемлекеттiк ұлттық табиғи парк жұмыскерлерiнiң тұруына арналған қызметтiк үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтiк жер телiмдерiн беру үшiн пайдалану.».

Мақаланың шыққан күні: 18.08.2017 11:41
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.08.2017 11:41
Қаралым саны: 880

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz