A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру бойынша конкурсқа қатысушылардың конкурстық құжаттамасы

Бекiтемiн
«Ақмола облысының табиғи
ресурстар және табиғатты
пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы
__________ Р.Ш. Әубәкiров
«__» ___________ 2018 ж.

Су объектiлерiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға беру бойынша конкурсқа қатысушылардың конкурстық құжаттамасы

«Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 6 мамырдағы № 19-1/422 бұйрығына cәйкес ( әрi қарай — Стандарт):

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не оның сенiмхат бойынша өкiлi) Мемлекеттiк корпорацияға бiр данада ("Су объектiлерiн оқшауланған немесе бiрлесiп пайдалануға конкурстық негiзде беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9 т.):

1.сәйкестендiру үшiн жеке куәлiгiн;

2. конкурсқа қатысуға ерiктi нысандағы өтiнiш;

3. конкурсқа қатысушыға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiктi растайтын мынадай құжаттарды:

су объектiсiн пайдаланудың мәлiмделетiн мақсаттарына сәйкес келетiн материалдық-техникалық базаның болуын;

қаржыландыру көзi мен көлемдерiн көрсете отырып, үш және одан көп жылдарға жылдар бойынша даму жоспарын (суды қорғау iс-шараларын, су объектiсiн ұтымды пайдалану, су ресурстарын қорғау, су объектiлерiн абаттандыру жөнiндегi iс-шараларды өткiзудi қоса алғанда);

конкурстық өтiнiмдер бар конверттер ашылатын күннен бiр айдан аспайтын уақыт бұрын берiлген, конкурсқа қатысушы мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берiлген уақыттың алдындағы үш ай бойына созылған банктiң немесе банк филиалының алдындағы мерзiмi өткен берешектiң жоқтығы туралы конкурсқа қатысушыға қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қолтаңбасы мен мөрi бар анықтамасының түпнұсқасы (егер конкурсқа қатысушы бiрнеше екiншi деңгейлi банктiң немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болған жағдайда, аталған анықтама осы банктердiң әрқайсысынан ұсынылады);

бiрiншi басшы немесе оны алмастырушы адам қол қойған соңғы қаржылық жыл үшiн бухгалтерлiк баланстың түпнұсқасы (егер конверттердi ашу ағымдағы жылдың 30 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде жүргiзiлетiн болса, соңғы қаржылық жылдың алдындағы қаржылық жыл үшiн бухгалтерлiк баланстың түпнұсқасы немесе оның нотариалдық куәландырылған көшiрмесi ұсынылуы мүмкiн);

конкурстық өтiнiмдер бар конверттер ашылатын күннен бiр айдан аспайтын уақыт бұрын берiлген, үш айдан асатын уақыт үшiн салықтық берешегi және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi жоқ екендiгi туралы (төлем мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес кейiнге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) не салықтық берешегi және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша бiр теңгеден кем берешегiнiң болуы туралы тиiстi салық органының анықтамасының түпнұсқасы;

4. конкурсқа қатысушының инвестициялардың қысқаша негiздемесi бар су объектiсiн пайдалануға қатысты ниетiн;

5. мыналарға:

жергiлiктi өкiлдiк органдар белгiлеген талаптармен жалпы су пайдалану құқықтарын сақтау жөнiндегi;

суды қорғау iс-шараларын жүзеге асыру жөнiндегi;

оқшауланған немесе бiрлесiп су пайдалануға берiлетiн су объектiлерiнде жеке тұлғалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, су объектiлерiнiң су қорғау аймақтары аумағында шаруашылық және өзге де қызметтiң белгiленген режимiн сақтау жөнiндегi мiндеттемелердi ұсынады.

Мақаланың шыққан күні: 29.11.2018 10:47
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.12.2018 11:46
Қаралым саны: 843

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz