A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Су объектiлерiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға беру бойынша конкурсқа қатысушылардың конкурстық құжаттамасы

Бекiтемiн
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы
__________ Р.Ш. Әубәкiров
«__» ___________ 2020 ж.

«Су объектiлерiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға конкурстық негiзде беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрiнiң 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 178 бұйрығына cәйкес ( әрi қарай — Қағидалар):

Конкурсқа қатысушылар конкурстық өтiнiмдi тiгiлген түрде, беттерiн нөмiрлеп, соңғы бетiн қолдарымен және мөрмен (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын тұлғалардан басқа) растап ұсынады және:

1) конкурсқа қатысуға еркiн нысандағы өтiнiштi;

2) Қағидалардың 29-тармағына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;

3) заңды тұлғалар үшiн — жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң немесе анықтаманың көшiрмесiн;

4) жеке тұлғалар үшiн — жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң, жеке куәлiктiң немесе паспорттың көшiрмелерiн;

5) мыналар:

Кодекстiң 38-бабының 1) тармақшасына сәйкес тиiстi облыстың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген шарттарда ортақ су пайдалану қағидаларын сақтау туралы;

су қорғаудың iс-шараларын жүзеге асыру;

оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға берiлетiн су объектiлерiнде жеке тұлғалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, су объектiлерiнiң су қорғау аймақтарының аумақтарында шаруашылық және өзге де қызметтiң белгiленген режимiн сақтау;

су сервитутын белгiлеу жөнiндегi мiндеттемелердi қамтиды.;

6) желiмделген конвертте жоспарланған инвестицияның қысқаша негiздемесiмен су объектiнi пайдалануға қатысты конкурсқа қатысушының ниетi бiлдiрiледi.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары:

1) су объектiсiн пайдаланудың мәлiмделген мақсаттарына сәйкес материалдық-техникалық базаның болуы;

2) қаржыландыру көздерi мен көлемдерiн көрсетiп, үш және одан көп жылдар бойынша даму жоспары (су қорғау iс-шараларын жүргiзудi, су объектiсiн ұтымды пайдалану, су ресурстарын қорғау, су объектiлерiн көрiктендiру жөнiндегi iс-шараларды қоса алғанда);

3) төлем қабiлетiн растайтын құжаттар:

конкурсқа қатысушыға қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының алдындағы мiндеттемелердiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы қол қойылған және мөр басылған банктiң немесе банк филиалының анықтамасының түпнұсқасы (егер конкурсқа қатысушы екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, бұл анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылатын күннiң алдындағы бiр айдан ерте берiледi;

соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң бiрiншi басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған көшiрмесi. Егер конверттердi ашу ағымдағы жылдың 30 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде жүргiзiлсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi ұсынылуы мүмкiн;

конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылатын күнiнен бiр ай бұрын берiлген үш айдан астам (төлем мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейiнге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екенi, не салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң бар екенi туралы мемлекеттiк кiрiстер органының анықтамасы.

Мақаланың шыққан күні: 05.11.2020 14:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.11.2020 14:03
Қаралым саны: 60

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@aqmola.gov.kz