A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Конкурстық құжаттама

Бекiтемiн
«Ақмола облысының табиғи
ресурстар және табиғатты
пайдалануды реттеу басқармасы»
ММ басшысы
__________ Р.Ш. Әубәкiров
«__» ___________ 2018 ж.

Су объектiлерiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға беру бойынша
конкурсқа қатысушылардың конкурстық құжаттамасы

«Су объектiлерiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға конкурстық негiзде беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысына ( әрi қарай — Ереже):

Конкурстық өтiнiм (Ереженiң 15 т.):

1. конкурсқа қатысуға өтiнiш;

2. конкурсқа қатысушыға қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттарды (нотариалды түрде куәландырылған көшiрмелердi);

3. заңды тұлғаларға — жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн.

Ескертпе: *"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады;

4. жеке тұлғаларға — дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң, жеке куәлiктiң немесе паспорттың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

5. конкурсқа қатысушының инвестициялардың қысқаша негiздемесi бар су объектiсiн пайдалануға қатысты ниетiн;

6. мыналар:

•жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шарттарда жалпы су пайдалану құқығын сақтау;

•су қорғаудың iс-шараларын жүзеге асыру;

• оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға берiлетiн су объектiлерiнде жеке тұлғалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, су объектiлерiнiң су қорғау аймақтарының аумақтарында шаруашылық және өзге де қызметтiң белгiленген режимiн сақтау жөнiндегi мiндеттемелерiн қамтиды.

Су объектiлерiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға беру бойынша
конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары

1) су объектiсiн пайдаланудың мәлiмделген мақсаттарына сай материалдық-техникалық базаның болуы;

2) қаржыландыру көздерi мен көлемiн көрсетiп, үш жылға арналған даму жоспары (су қорғау iс-шараларын жүргiзудi, су объектiсiн ұтымды пайдалану, су ресурстарын қорғау, су объектiлерiн көрiктендiру жөнiндегi iс-шараларды қоса алғанда);

3) төлем қабiлетiн растайтын құжаттар:

конкурсқа қатысушы мiндеттемелерiнiң барлық түрi бойынша банк немесе банк филиалы алдында анықтама берiлген күннiң алдында үш айдан астам уақытқа созылып кеткен мерзiмi өтiп кеткен берешегiнiң жоқ екенi туралы конкурсқа қатысушыға қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының түпнұсқасы (конкурсқа қатысушы екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болған жағдайда бұл анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан берiледi) Анықтама конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылатын күннiң алдындағы бiр айдан ерте берiлмеуге тиiс;

соңғы қаржы жылы үшiн бухгалтерлiк теңгерiмнiң бiрiншi басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған нотариалды куәландырылған көшiрмесi. Егер конверттердi ашу ағымдағы жылдың 30 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде жүргiзiлсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi ұсынылуы мүмкiн;

конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылатын күнiнен бiр ай бұрын берiлген үш айдан астам (төлем мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейiнге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екенi не салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң бар екенi туралы тиiстi салық органы анықтамасының түпнұсқасы.

Мақаланың шыққан күні: 17.07.2018 15:55
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.07.2018 15:55
Қаралым саны: 527

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz