A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
2015 жылғы 5 наурыздағы мемлекеттік орман қорының учаскелерін ұзақ мерзімді орман пайдалануға ұсыну бойынша тендердің өткізілуі туралы ақпарат

«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-де 2020 жылғы 5 наурызда сағат 15:00-де «Бұқпа» және Кеңес орман шаруашылығы мекемелерiнiң мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн, ағаш және бұта тұқымдарының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелердi өсiру үшiн 49 жылға дейiнгi мерзiмге ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру бойынша тендер өткiзiлдi.

2020 жылдың 5 наурызында мемлекеттiк орман қорынан жер телiмiн ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру шарттарына сәйкес, тендерлiк комиссия тендерге қатысушылардың өтiнiмдерiн қарастырып, шештi:

№1 лот бойынша, «Бұқпа» орман шаруашылығы мекемесiнiң «Шағалалы» орманшылығында ауданы 59,0 га жер учаскесi өткiзiлмедi деп танылды, тендерлiк өтiнiмдердi ешкiм ұсынбады.

№2 лот бойынша, «Бұқпа» орман шаруашылығы мекемесiнiң «Шағалалы» орманшылығындағы аумағы 183,0 га учаске өткiзiлмедi деп танылды, тендерлiк комиссия тендерлiк құжаттама талаптары мен «Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу қағидаларын бекiту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 07 қазандағы № 18-02/896 бұйрығының негiзiнде «Алтынастық2010» ЖШС тендерлiк өтiнiмiн қабылдамауды шештi.

№3 лот бойынша, «Бұқпа» орман шаруашылығы мекемесiнiң «Шағалалы» орманшылығында ауданы 82,0 га жер учаскесi өткiзiлмедi деп танылды, тендерлiк комиссия тендерлiк құжаттама талаптары мен «Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу қағидаларын бекiту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 07 қазандағы № 18-02/896 бұйрығының негiзiнде «Nomad&Homad» ЖШС тендерлiк өтiнiмiн қабылдамауды шештi.

№4 лот бойынша, «Бұқпа» орман шаруашылығы мекемесiнiң «Шағалалы» орманшылығында ауданы 5,0 га жер учаскесi өткiзiлмедi деп танылды, тендерлiк өтiнiмдердi ешкiм ұсынбады.

№5 лот бойынша, «Бұқпа» орман шаруашылығы мекемесiнiң «Шағалалы» орманшылығында ауданы 3,7 га жер учаскесi өткiзiлмедi деп танылды, тендерлiк өтiнiмдердi ешкiм ұсынбады.

№6 лот бойынша, «Бұқпа» орман шаруашылығы мекемесiнiң «Қыпшақ» орманшылығында ауданы 14,0 га жер учаскесi өткiзiлген деп танылды, «Фортуна 2013» ЖШС, В.Н. Арико, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Пушкин к-сi 11А, жеңiмпаз болып танылды.

№7 лот бойынша, «Кеңес» орман шаруашылығы мекемесiнiң «Жуковское» орманшылығында ауданы 4,6 га жер учаскесi өткiзiлген деп танылды, «Levitate» ЖШС, Алматы қ., Бостандық ауданы, Байзаков к-сi, 280 үй, 24 қабат, жеңiмпаз болып танылды.

2020 жылғы 16 — 26 наурыз аралығында тендер жеңiмпаздары жоғарыда көрсетiлген тiзiмге сәйкес ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартын жасау үшiн тиiстi коммуналдық мемлекеттiк орман шаруашылығы мекемелерiне келуi қажет.

Өзiмен бiрге құқықты куәландыратын құжаттар болуы керек (мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, жеке куәлiк, сондай-ақ мөрi ЖШС немесе ЖК).

Мақаланың шыққан күні: 26.03.2020 16:36
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.03.2020 16:36
Қаралым саны: 630

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@aqmola.gov.kz