A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Мемлекеттік қызмет

МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТКЕ КIРУ БОЙЫНША АҚПАРАТ

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы (бұдан әрi — Заң) қолданысқа енгiзiлдi.

Заңның 26-бабына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттiк лауазымдарына алғаш рет кiретiн немесе мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн оған қайтадан кiретiн азаматтар мынадай iрiктеу кезеңдерiнен өтедi:

1) уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен тесттен өту;

2) уәкiлеттi органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерiн бағалату;

3) «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс.

Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығымен жаңа Ереже (бұдан әрi — Ереже), мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестiлеудi ұйымдастыру және бағдарламалары бекiтiлдi.

«Б» корпусы мемлекеттiк лауазымдарына кандидаттардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi мен заңнамаларын бiлуге арналған тестiлеу (заңнаманы бiлуге арналған тестiлеу) Ережесiне сәйкес тестiлеу үш бағдарламадан тұрады.

Бiрiншi бағдарлама: 9 Заң, 110 минут, тестiлеуден өту мәнi — барлық нормативтiк құқықтық актiлер бойынша сұрақтардың жалпы санының (135 сұрақ) 95 — тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбiр нормативтiк құқықтық актiлер бойынша 5 — тен кем емес дұрыс жауаптар;

Екiншi бағдарлама: 8 Заң, 100 минут, тестiлеуден өту мәнi — барлық нормативтiк құқықтық актiлер бойынша сұрақтардың жалпы санының (120 сұрақ) 72 — тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбiр нормативтiк құқықтық актiлер бойынша 5 — тен кем емес дұрыс жауаптар;

Үшiншi бағдарлама: 6 Заң, 80 минут, тестiлеуден өту мәнi — барлық нормативтiк құқықтық актiлер бойынша сұрақтардың жалпы санының (90 сұрақ) 45 — тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбiр нормативтiк құқықтық актiлер бойынша 5 — тен кем емес дұрыс жауаптар.

Заңнаманы бiлуге арналған тестiлеуден өту барысында шектi мәннен жоғары нәтижелер алған кандидат 20 минуттың iшiндеавтоматтандырылған жеке қасиеттерiн бағалау тестiлеуiне жiберiледi.

Автоматтандырылған жеке қасиеттерiн бағалау шеңберiнде кандидаттардың даму деңгейлерi анықталады: жiгерлiлiгi, коммуникативтiлiгi, талдамалылығы, ұйымдастырушылығы, мiнез-құлқы, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы және сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздығы.

Заңнаманы бiлуге арналған тестiлеу нәтижелерi бойынша сертификат, жеке қасиеттерiн бағалау нәтижелерi бойынша — қорытынды берiледi.

Олар бiр жыл iшiнде қолданылады және мемлекеттiк органдармен әңгiмелесу нысанында өткiзiлетiн үшiншi сатыға — жалпы конкурсқа қатысу үшiн құжаттардың ажырамас бөлiгi болып табылады.

Мақаланың шыққан күні: 19.01.2017 17:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.08.2017 18:06
Қаралым саны: 803

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz