A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
ӨМІРБАЯН

Әубәкiров Руслан Шохметұлы, 1960 жылы туған, екi жоғары бiлiмi бар, 1981 жылы Целиноград мемлекеттiк педагогикалық институтын математика мұғалiмi бiлiктiлiгiмен, 2005 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетiн мемлекеттiк және жергiлiктi басқару менеджерi бiлiктiлiгi бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын1981 жылы Целиноград ауданындағы Қосшы селосындағы ауыл шаруашылығы техникумында оқытушы болып бастаған. 1982 жылдың қыркүйегiнен бастап 1984 жылғы ақпанға дейiн Торғай облысының Жақсы АКТУ комсомол комитетiнiң босатылған хатшысы лауазымында жұмыс iстедi.1984 жылғы ақпаннан бастап 1985 жылғы қазанға дейiн Жақсы аудандық комсомолының хатшысы болды. 1985 жылғы қазаннан бастап 1988 жылғы мамырға дейiн Торғай облыстық комсомолының бөлiм меңгерушiсi, сектор меңгерушiсi болды. 1988 жылғы мамырдан бастап 1990 жылғы желтоқсанға дейiн Целиноград облыстық комсомолының бөлiм меңгерушiсi орынбасарының лауазымын атқарды. 1990 жылғы желтоқсаннан бастап 1991 жылғы мамырға дейiн Целиноград облыстық комсомолының хатшысы болды. 1991 жылғы мамырдан бастап 1991 жылғы қазанға дейiн Целиноград облыстық комсомолының бiрiншi хатшысы болып, соңынан 1991 жылғы қарашадан бастап 1993 жылғы мамырға дейiн Қазақстан жастар одағы Целиноград облыстық комсомолының бiрiншi хатшысы болып тағайындалды. 1993 жылдан бастап 1994 жылғы сәуiрге дейiн Алматы қ. «Политек» АОЗТ коммерциялық директоры лауазымында жұмыс атқарды. 1997 жылғы мамырдан бастап 2001 жылғы наурызға дейiн Ақмола облысының Жақсы к. «Агрофирма ТNK» ЖШС директоры лауазымында болды. 2001 жылғы наурыздан бастап 2004 жылғы қазанға дейiн Жақсы ауданының әкiмi, ал 2004 жылғы қазаннан бастап 2006 жылғы қарашаға дейiн Щучинск ауданының әкiмi болып қызмет атқарды.

2006 жылғы 6-қарашадан бастап 2012 жылғы сәуiрге дейiн Атбасар ауданының әкiмi болды.

Ақмола облысы әкiмiнiң 2013 жылғы 18 ақпандағы өкiмiмен Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы болып тағайындалды

Мақаланың шыққан күні: 25.01.2017 16:01
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.01.2017 09:58
Қаралым саны: 1120

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz