A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Әубәкіров Руслан Шохметұлы, Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы

1960 жылы туған 7 мамырда Ақмола облысы Алексеевка қаласында дүниеге келдi. Ұлты — қазақ.

Еңбек жолы: 1981-1982 жылдары Целиноград ауданындағы Қосшы селосындағы ауыл шаруашылығы техникумында оқытушы болып бастаған. 1982 жылдың қыркүйегiнен бастап 1984 жылғы ақпанға дейiн Торғай облысының Жақсы АКТУ комсомол комитетiнiң босатылған хатшысы лауазымында жұмыс iстедi.1984 жылғы ақпаннан бастап 1985 жылғы қазанға дейiн Жақсы аудандық комсомолының хатшысы болды. 1985 жылғы қазаннан бастап 1988 жылғы мамырға дейiн Торғай облыстық комсомолының бөлiм меңгерушiсi, сектор меңгерушiсi болды. 1988 жылғы мамырдан бастап 1990 жылғы желтоқсанға дейiн Целиноград облыстық комсомолының бөлiм меңгерушiсi орынбасарының лауазымын атқарды. 1990 жылғы желтоқсаннан бастап 1991 жылғы мамырға дейiн Целиноград облыстық комсомолының хатшысы болды. 1991 жылғы мамырдан бастап 1991 жылғы қазанға дейiн Целиноград облыстық комсомолының бiрiншi хатшысы болып, соңынан 1991 жылғы қарашадан бастап 1993 жылғы мамырға дейiн Қазақстан жастар одағы Целиноград облыстық комсомолының бiрiншi хатшысы болып тағайындалды. 1993 жылдан бастап 1994 жылғы сәуiрге дейiн Алматы қ. «Политек» АОЗТ коммерциялық директоры лауазымында жұмыс атқарды. 1997 жылғы мамырдан бастап 2001 жылғы наурызға дейiн Ақмола облысының Жақсы к. «Агрофирма ТNK» ЖШС директоры лауазымында болды. 2001 жылғы наурыздан бастап 2004 жылғы қазанға дейiн Жақсы ауданының әкiмi, ал 2004 жылғы қазаннан бастап 2006 жылғы қарашаға дейiн Щучинск ауданының әкiмi болып қызмет атқарды. 2006 жылғы 6-қарашадан бастап 2012 жылғы сәуiрге дейiн Атбасар ауданының әкiмi болды. 2013 жылдың 18 ақпаннан осы уақытқа дейiн Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысы болып қызмет атқарады.

Мақаланың шыққан күні: 30.01.2017 09:50
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.01.2017 09:50
Қаралым саны: 1489

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz