A- A A+
«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Талдау ақпараты

2017 жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысының
табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу
басқармасының қызметi туралы
АҚПАРАТ

1.Орман шаруашылығы

Облыстық әкiмдiгiне ведомтвалық қарасты мемлекеттiк орман қорының көлемi 405, 4 мың га құрайды, соның iшiнде орманмен қамтылғаны 222,3 мың га. табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жедел басқаруында 13 орман шаруашылығы мекемелерi бар, олар Ақмола облысының 6 аудандары мен 2 қаланың әкiмшiлiк аумақтарында шоғырланған. Орман шаруашылығы қызметкерлерiнiң штаттық саны 516 адамды құрайды.

Орманды пайдалану.

2017 жылға басты мақсатта пайдалануға, санитарлық кесу және күту үшiн кесу жұмыстарын жүргiзу барысында сүрек кесудiң ҚР АШМ ОШжЖДК бекiтiлген көлемi 88 427 куб.м құрады, жалпы алаңы 4139,29 га, оның iшiнде:

- орман шаруашылығы мекемелерге 3 315,99 га алаңында сүректiң жалпы көлемi 40 069 куб. м.

- 18 орман пайдаланушыларға ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға 824,0 га алаңда жалпы көлемi 48 358 куб. м.

Орман шаруашылық iс-шаралары 3 315,99 га алаңында жүргiзiлдi, жалпы сүрек көлемi 40 069 куб. м. немесе 100 %, соның iшiнде:

Сирету жұмыстары 30,2 га алаңында жалпы сүрек көлемi 714 куб. м. (100%);

Өтпелi кесулер 147,7 га алаңында жалпы сүрек көлемi 3 812 куб. м. (100%);

Басты пайдалану үшiн кесу 62,9 га алаңында, жалпы сүрек көлемi 5 726 куб. м. (100%);

Санитарлық мақсатта iрiктеп ағаш кесу 97,1 га алаңда, жалпы сүрек көлемi 2003 куб. м. (100%);

Кварталдық орман жолдарының 47,99 га алаңын тазалау және ағаштарын кесу, жалпы сүрек көлемi 2 251,1 куб. м. (100%);

Жаппай санитарлық кесу 372,9 га алаңында, жалпы сүрек көлемi 21 339 куб. метр (100%);

Қоқыстардан жинау алаңы 2557,2 га, жалпы сүрек көлемi 4 224. куб. м. (100%).

Ұзақ мерзiмдегi орман пайдаланушыларымен орман шаруашылығы жұмыстары 761,0 га алаңында жүргiзiлдi, жалпы көлемi 45 984 куб. м. (95%).

2017 жылы облыстық бюджетке орман ресурстарын пайдаланғаны үшiн 65 217,4 мың теңге төлендi, соның iшiнде:

- орман шаруашылығы мекемелерi 19 914,9 мың теңге;

- ұзақ мерзiмдi орман пайдалану орман пайдаланушылары 45 302,5 мың теңге;

Орманды күзету және қорғау,

Минералдандырылған жолақтарға күтiм жасау жұмыстары ұзындығы 10 300 км жүргiзiлдi, жоспар бойынша 10 300 км немесе 100 %.

Минералдандырылған жолақтарды орналастыру ұзындығы 1700 км жүргiзiлдi, жоспар бойынша 1 700 км немесе 100 %.

Профилактикалық iс-шаралар жүргiзiледi. Ауыл шаруашылық құрылымдарына 304 дана нұсқамалар берiлген, өртке қарсы тақырыбындағы 5013 дана парақшалар таратылды, 272 лекциялар, әңгiмелер, семинарлар өткiзiлдi, аудандық газеттерде — 112 мақала жарияланды, теледидардан сөз сөйлеулер — 2, өрт қауiпсiздiгi тақырыбында 358 бiрлiк аншлагтар орнатылды.

Өрт қауiптi кезеңнiң басынан бастап жалпы ауданы 932,825 га алаңда 34 жану жағдайы тiркелдi, оның iшiнде 876,705 га орманды алқап, 364,74 га үстiңгi, ормансыз ауданы 415,9 га. Орман шаруашылығына келтiрiлген залал 150 137,2 мың теңгенi құрады, оның iшiнде өрттердi сөндiруге жұмсалған шығыстар — 4 160,8 мың теңге.

Мемлекеттiк орман қоры аумағынан тыс жерлерде дала өртiнiң 142 жағдайды тiркелдi, жалпы ауданы 11247,6 га, олардың сөндiруге шыққан шығыстары 3089,6 мың теңгенi құрады.

Мемлекеттiк мекемелермен 2935 рейдтер жүргiзiлдi.

Заңсыз орман ағаштарын кесудiң 9 жағдайы тiркелдi, жалпы ағаш көлемi 108,8 куб. м. және орман шаруашылығына келтiрiлген залал құны 1764,5 мың теңге, оның iшiнде:

1 жағдай «Бұқпа» ОШМ-де, қайың түрiнiң көлемi 0,39 куб.метр, орман шаруашылығына 1,3 мың теңге зиян келтiрiлдi. Тәртiп бұзушы А.Е. Байжұманов залалды өз еркiмен өтеген. Материалдар АIIБ жолданды.

3 жағдай Кеңес орман шаруашылығы мекемесiнде сүректiң жалпы көлемi 13,7 куб.метр қайың түрiн, орман шаруашылығына 164,2 мың теңге зиян келтiрiлдi. 2 жағдай бойынша заң бұзушылар анықталды. (Заң бұзғандар Матан Нұрберген және Дубровкин Сергей Иванович залалды ерiктi түрде өтедi. Материалдар АIIБ-де ұсынылды, қылмыстық iстер қозғалды.

3 жағдай Красноборск ОШМ-де, сүрек көлемi 28,2 куб. м. қарағай, орман шаруашылығына келтiрiлген зиян құны 430,0 мың теңге. Барлық фактiлер бойынша қылмыстық iстер қозғалды.

1 жағдай Куйбышев орман шаруашылығы мекемесiнде сүрек көлемi 24,4 куб. м. қарағай, орман шаруашылығына зияны 672,5 мың теңге. Қылмыстық iс Зерендиндi аудандық сотында қаралып, К.К.Тойшибековке, А. Ж.Жанмуханбетовке, А.К.Төлеуханға қатысты сот үкiмi шығарылды.

1 случайв Степногорском учреждении лесного хозяйства с объемом древесины 42,07 куб.м. породы сосна с ущербом лесному хозяйству 496,5 тыс. тенге. Материалы переданы в РОВД.

1 жағдай Степногор орман шаруашылығы мекемесiнде сүрек көлемi 42,07 куб. м. қарағай, орман шаруашылығы зияны 496,5 мың теңге. Материалдар АIIБ жолданды.

Ағымдағы жылы 13 орман шаруашылығы мекемелерiнде 16 экологиялық отрядтары жалпы жауынгерлердiң саны 253 адам жұмылдырылды. Олар орман дақылдарына, тұқымбақтарда екпе және көшеттердi күтiп бағу, сондай-ақ аумақтарды абаттандыру жұмыстарын жүргiздi.

Орманды қалпына келтiру

Мемлекеттiк орман қоры аумағында ағымдағы жылы 1305 га алаңда орман дақылдарын отырғызу жұмыстары жүргiзiлдi, оның iшiнде 825 га облыстық бюджет қаражаты есебiнен, 89 га мекемелердiң ақылы қызмет көрсетулердi iске асыру және 391 га орман пайдаланушылар қаражаттары есебiнен. Отырғызу жұмыстарына орман шаруашылығы мекемелерiнiң тұқымбақтарында өсiрiлген көшеттердiң 6,9 млн. данасы жұмсалды.

Орман екпелерiн толықтыру жұмыстары 425 га алқапта жүргiзiлдi жоспарлы тапсырмада 350 га немесе 121 %. Орман екпелерiне күтiм жасау 825 га алаңында немесе 100%.

Орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу 550 га алаңында өткiзiлдi жоспар бойынша 480 га немесе 115%.

Жапырақты және қылқан жапырақты тұқымдарының 1130 кг дайындалды жоспарланғаны 1130 кг немесе 100 %.

Ақмола облысы Ақкөл ауданы мен Щучинск-Бурабай курорттық аймағының ормандарымен астананың жасыл белдеуiн қосу бойынша

Қазақстан Республикасының Президентi Н.А.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Шортанды ауылынан Щучинск қаласына дейiн Астана-Щучинск автожолының бойымен қорғаныштық орман екпелерiн құру жұмыстары 2009 жылдан бастап жүргiзiледi.

2012 жылы Астана — Щучье автожолының бойындағы жолдың екi жағынан, енi 500 метр, ұзындығы 110 км Шортанды, Ақкөл, Бұланды және Бурабай аудандарының жерлерiнде 1828,7 га алаңда орман дақылдары отырғызылды.

Аталған екпелер бүгiн орман көмкерген алқапқа ауыстырылды.

Бiрiншi кезең аяқталды. Қазiргi уақытта орман екперiн күзету ормандарды өрттен және заңсыз кесуден қорғау жұмыстары жүзеге асырылып жатыр.

Ақмола облысының Ақкөл ауданы мен Щучинск-Бурабай курорттық аймағының ормандарымен астананың орманды жасыл белдеуiн қосу бойынша жұмыстың екiншi кезеңi басталды. Бiзбен қосымша ауданы 1000 гектар жарамдылығы кем учаскелерi зерттелдi, оның отырғызуға жарамды алаңы 746,8 га құрады (Ұрымқай ОШМ — 103,9 га, Отрадненск ОШМ — 281,2 га, «Акколь» ОШМ — 152,4 га, Кеңес ОШМ — 209,3 га.).

2014 жылы жобалау — сметалық құжаттама әзiрлендi.

Жер учаскелерi алып қойылды және жоғарыда көрсетiлген орман шаруашылығы мекемелерiне берiлдi. Нақты шекарасын шығару бойынша жұмыстары жүргiзiлдi және мемлекеттiк актiлерi дайындалды.

2016 — 2017 жылдары 2-жылдық қара бу жүйесi бойынша топырақты өңдеу жұмыстары өткiзiлдi.

2018 жылға Астана — Щучье автожолының бойында барлық агротехникалық талаптар мен мерзiмдерiн сақтай отырып, 747 га алаңында орман дақылдарын отырғызу жоспарланды.

Облыс әкiмдiгiнiң 27.01.2017 жылы №А-2/28 "2017 жылға арналған Ақмола облысының мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар туралы" қаулысы әзiрлендi және қабылданды.

ТЖ өртке қарсы қызметi және аудандардың әкiмдiктерi бiрлесiп орман өрттерiмен күрес жөнiндегi күштерi мен құралдарын бiрiктiрiп iс-әрекеттер жасау жоспарын және мемлекеттiк орман қоры аумағында орман шаруашылығы мекемелерi бойынша хабарлау сызбасын бекiттi.

Өрт қауiптi кезеңiне дейiн барлық техникалар, байланыс және құлақтандыру құралдары жөнделдi, 32 мың га алаңда шөптесiн өсiмдiктердi бақыланатын күйдiру жұмыстары өткiздi, техминимум және орманшылар 130 сағаттық бағдарлама бойынша оқытылды.

Ағымдағы жылдың 5 мамырында тактикалық командалы-штабтық оқытулары "Өрт-2017" ТКШО Бурабай ауданы Ұрымқай орман шаруашылығы мекемесiнiң мемлекеттiк орман қоры аумағында (Қарашiлiк ауылы) жүргiзiлдi. ТКШО барлығы жеке құрамның 196 адамы, 27 бiрлiк өртке қарсы, инженерлiк, арнайы және көмекшi техникалар жұмылдырылды, соның iшiнде Ұрымқай ОШМ-нiң 12 бiрлiк техникасы мен жеке құрамның 25 адамы қатысты.

16-19 мамыр аралығында облыстық ТЖ департаментiмен бiрлесiп МО және ТЖ мәселелерiне жетекшiлiк ететiн қала және аудандар әкiмiнiң орынбасарларымен, ауылдық округ әкiмдерi мен орман шаруашылықтарының басшылары, сондай-ақ "Жасыл Аймақ" РМК, Ерейментау филиалы МҰТП, "Бұйратау" МҰТП "Бурабай", "Көкшетау" Сандықтау ОШТМ және "Республикалық орман селекциялық орталығы" РМКК-мен шоғырланған семинарлық сабақтары өткiзiлдi.

Сондай-ақ, 27 шiлдеде Куйбышев ОШМ және "Көкшетау" МҰТП орман алқаптарына жақын орналасқан Ақмола облысы Зерендi ауданының және Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданының шекара маңындағы аумағында Ақмола және Солтүстiк-Қазақстан облысы бойынша ТЖ Департаменттерi бiрлесiп, СҚО және Ақмола облысының табиғи өрттердi сөндiру бойынша өртке қарсы күштерi мен құралдарын тарта отырып оқу-жаттығуларын өткiздi. Оқу-жаттығуға 36 өрт сөндiрушi мен 41 ерiктiлер, 21 бiрлiк техника және 1 тiкұшақ қатыстырылды.

Орман шаруашылығы мекемелерi аумағында 199 су жинау орындары орналасқан, оның iшiнде 60 табиғи су айдындары пирсалармен жабдықталған, 71 жасанды су қоймалары да пирсалармен жабдықталған, 60 ұңғыма-гидранттары мен 8 жел сорғыштары, олар тексерiлдi және жарамды күйде даяр тұр. Азимуталдық шеңберлермен белгiленген мекеме карталарымен, бинокльдермен, байланыс құралдарымен жабдықталған 29 өрт-бақылау мұнаралары және 23 өрт-бақылау пункттерi бар.

2017 жылғы 30 қаңтарда 5 орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттарға және «Ақкөл», «Бұқпа», Степногорск, Краснобор және Отрадненск 5 орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттiк мекемерiнiң аумағында 49 жылға мерзiмге дейiн сүрек дайындауға ұсыну бойынша тендер өткiзiлдi.

Тендерлiк комиссия шешiмiне сәйкес, тендер жеңiмпаздарымен 4 ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарттары жасалды.

Сондай-ақ, 2017 жылғы 18 қыркүйекте 20 орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн 49 жылға дейiнгi мерзiмге ұсыну бойынша «Ақкөл» «Бұқпа», «Барап», Кеңес, Краснобор және Маралды 6 орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң аумағында тендер өткiзiлдi.

Тендерлiк комиссия шешiмiне сәйкес, тендер жеңiмпаздарымен 15 ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарттары жасалды.

2.Табиғатты қорғау бағдарламаларын iске асыру

2017 жылы облыстық бюджеттен қоршаған ортаны қорғау бойынша iс-шараларды өткiзуге 361,5 млн. теңге қаржы бөлiндi.

Табиғатты қорғау iс-шаралары мынадай басым бағыттар бойынша өткiзiлдi:

Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану:

1. Қылшақты өзенiн тазалауға 34,7 млн. теңге сомасына ЖСҚ әзiрлеу;

2. Балық тәлiмбағы тоғанын жарықтандыруға 5,5 млн. теңге;

3. Ақкөл ауданындағы Жарлыкөл көлiнiң жағалау аймағын абаттандыру бойынша жұмыстарды аяқтау сомасы 11,5 млн. теңге;

4. Чапаевское ауылындағы бөгеттi қайта жаңғыртуға ЖСҚ әзiрлеу сомасы 15,8 млн. теңге;

5.Сепе ауылындағы бөгеттiң күрделi жөндеуiн жүргiзу үшiн ЖСҚ әзiрлеуге сомасы 10,6 млн. теңге;

6.Жiбек Жолы ауылындағы Безымянная бөгеттiң күрделi жөндеуiне ЖСҚ әзiрлеу үшiн сомасы 18,5 млн. теңге;

7.Аршалы ауданының Бiрсуат ауылындағы бөгеттiң күрделi жөндеуiне ЖСҚ әзiрлеу үшiн сомасы 22,3 млн. теңге;

8.Аршалы ауданы Батпаккөл ауылындағы Батпаккөл бөгеттiң күрделi жөндеуiне ЖСҚ әзiрлеу үшiн 19,8 млн. теңге;

9.Атбасар ауданы Сочинское ауылындағы Сочинск бөгетiнiң күрделi жөндеуiне ЖСҚ әзiрлеу үшiн сомасы 14,3 млн. теңге;

10.Самарка бөгетiнiң ағымдағы жөндеуiне — 10,8 млн. теңге;

11.Аршалы ауданының Жiбек Жолы ауылындағы Безымянная ГТҚ айналмалы каналдарын тазалауға 26,9 млн. теңге;

12. Атбасар қаласының шекараларында Жабай өзенiнде су тасқынына қарсы дамбаларды құрылысына ЖСҚ әзiрлеуге сомасы 50,4 млн. теңге, оның iшiнде 15,0 млн. теңге ағымдағы жылы, 35,4 -2018 жылы;

13. Шортанды ауданының Жолымбет ауылында тазарту құрылыстарын қайта жаңғыртуға ЖСҚ әзiрлеу үшiн сомасы 22,2 млн. теңге, оның iшiнде ағымдағы жылы — 6,0 млн., 2018 жылы — 16,2 млн. теңге;

14. Коммуналдық меншiкке берiлген ГТҚ жер учаскелерiне сәйкестендiру құжаттарын дайындауға сомасы 2,2 млн. теңге. Барлық сомасы 213,9 млн.теңге.

Флора және фаунаны қорғау

1. Балық өсiру материалдарын 28,8 млн. теңге сомасына сатып алынды;

2. Орман отырғызу материалдарын сомасы 14,0 млн. теңгеге;

3. «Барап» ОШ КММ және «Ерейментау» ОШ КММ өртке қарсы жайластыру жобасын әзiрлеуге сомасы 4,5 млн. теңге;

4. Орман қоры жерiнiң топырағын зерттеу жұмыстары 7,6 млн. теңге сомасына жүргiзiлдi;

5. Тракторлардың 2 бiрлiгiн сомасы 9,8 млн. теңгеге сатып алу;

6. Қарда жүретiн машиналардың 3 бiрлiгiн сомасы 9,5 млн. теңгеге сатып алу;

7. Шағын орман қадағалау кешенiнiң 1 бiрлiгiн сомасы 5,3 млн. теңге сатып алу;

8. Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер үшiн саны 16 дана квадрокоптерлердi сомасы 11,2 млн. теңге сатып алу.

9. ОШ Бұқпа аумағын тазалау, сомасы 8,9 млн. теңге.

Барлық сомасы 99,6 млн. теңге.

Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу

1.Көкшетау қаласында қоқысты сұрыптау пунктiмен ҚТҚ полигонын салу бойынша ТЭН-дi түзету жұмыстарына, сомасы 24,5 млн. теңге.

Барлық жалпы сомасы 24,5 млн. теңге.

Ғылыми-зерттеу, iзденiстiк және басқа да зерттемелер

1.Ақмола облысындағы қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн әзiрлеуге сомасы 26,0 млн. теңге, оның iшiнде ағымдағы жылы — 13,0 млн. теңге, 2018 жылы — 13,0 млн.

2.Қалдықтарды орналастыру нормативтерiнiң жобасын түзету сомасы 10,5 млн. теңге.

Барлық сомасы 23,5 млн. теңге.

3.Су ресурстарын реттеу мәселелерi

Ақмола облысының аумағында 111 өзендер мен уақытша ағынды сулар, 494 көл, 41 су қоймасы, 3 шұңқыр, 77 тоған және 59 бөгеттер бар.

Облыс аумағында, антропогендiк әсерiне ұшыраған барлық iрi нысандардағы судың ластануын, қоқыстануы мен сарқылуының алдын алу мақсатында, су қорғау аймақтары мен белдеулерi белгiленген. (Барлығы 15 өзендерде, 20 көлдерде және 2 су қоймаларында орнатылды).

(анықтама: өзендер — Нұра (2008), Терiсаққан, Жабай, Селеты, Колутон, Шағалалы және Қылшақты (2009), Есiл (2011), Мұқыр участiгi (2017), Аршалы, Баксук, Жиландинка, Жиланды, Қайракты, Сарқырама (2017).

Көлдер — Қатаркөл, Щучье, Кiшi Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жүкей (2008), Айдабол, Зерендi, Майбалық, Қараүңгiр, Сұлтанкелдi, Теңiз, Қопа (2009), Бозайғыр, Құмдыкөл, Жақсы-Янгыз (2013), Жарлыкөл, Атансор (2017). Шұңқыркөл, Белағаш су қоймалары (2017).

Ақмола облысында 105 гидротехникалық құрылыстар ескерiлдi, соның iшiнде 12-i — республикалық меншiкте «Қазсушар» РМК балансында, 69 құрылыстар — коммуналдық және 24 — i жеке меншiкте.

Зерендi ауданының 3 ГТҚ-ның «Казсушар» РМК республикалық меншiкке беру бойынша рәсiмi жүзеге асырылуда. (Зерендi ауданының Айдабол, Алексеевка және Ивановка бөгеттерi).

6 гидротехникалық құрылыстардың күрделi жөндеуiне жобалық-сметалық құжаттама әзiрлендi (Безымянная, Берсуатская бөгеттерi және Аршалы ауданындағы Батпақкөл көлiндегi дамба, Атбасар ауданының Сепе және Сочинск бөгеттерi, Жақсы ауданындағы Чапаев бөгетi). Жалпы сомасы — 99,41 млн. теңге.

Аршалы ауданындағы Безымянная бөгеттерiнен айналмалы арналарын тазалау бойынша жұмыстар жүргiзiлдi (27,424 млн. теңге).

Атбасар қ. Жабай өзенiнiң бойымен жер дамбасының құрылысы бойынша ЖСҚ әзiрлеу жөнiндегi жұмыстар жалғасуда. (Жалпы сомасы 50,4 млн. теңге, оның iшiнде 2017 жылы — 15,0 млн. теңге, 2018 жылы — 35,4 млн. теңге).

4.Жануарлар дүниесiн пайдалану, молықтыру

және қорғау мәселелерi

2017 жылдың есептi кезеңiнде жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру бойынша өткiзiлген 3 конкурстардың қорытындылары бойынша 70 су айдыны бекiтiлдi, ал резервтiк қордың аңшылық алқаптарын бекiтiп беру жөнiндегi 1 конкурстың қорытындысы бойынша 2 аңшылық шаруашылығы бекiтiлдi.

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңының 40-бабына сәйкес, жергiлiктi маңызы бар 5 аңшылық шаруашылықтары мен 16 балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi қайта бекiтiлдi және келiсiм-шарттары ұзартылды.

Табиғатты пайдаланушылардың 707 өтiнiмдерiнiң негiзiнде жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат берiлген.

Ақмола облысының мемлекеттiк кiрiстер Департаментiнiң ресми деректерiне сәйкес, ағымдағы жылы жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн облыс бюджетiне түскен түсiмдердiң көлемi 45,6 млн. теңгенi құрады.

5. Жобаларға мемлекеттiк экологиялық сараптамасын өткiзу,

қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қарауына 940 жоба түстi, 2016 жылы түскендердi ескере отырып 689 қорытындылар берiлген (230 жоба қараусыз қайтарылды).

Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшiн 1360 өтiнiм материалдары түстi, 2016 жылы түскендердi ескерсек 1180 рұқсат берiлген (123 материал қараусыз қайтарылды).

2017 жылы облыс бюджетiне қоршаған ортаға эмиссия үшiн 1 777 150 мың теңге төлемақы келiп түстi.

6. Бюджеттiк қаражатты игеру, қаржылық мәселелер

2017 жылы 7 бағдарламалар бойынша жалпы сомасы 1 422 723,6 мың теңгеге қаржыландыру қарастырылған, қаржыландыру жоспарын орындау 1 421 537,3 мың теңге, немесе 99,9%, игерiлмегенi 1 186,3 мың теңге, оның iшiнде:

объективтi себептер бойынша 1 186,3 мың теңге — оның 1 186,1 мың теңгесi басқарма мен 13 мемлекеттiк орман шаруашылығы мекемелерiнiң үнемдегенi, 0,2 мың теңге — мемлекеттiк сатып алу нәтижелерi бойынша үнемделген.

«Жергiлiктi деңгейде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қызметтер» 254-001 бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы орындалуы 75 215,0 мың теңгенi құрады, қаржыландыру жоспар бойынша 75 243,2 мың теңге, игеруi 100,0%. 28,2 мың теңге игерiлген жоқ — үнемделдi.

«Ормандарды молықтыру, күзету, қорғау мен орманды өсiру» 005 бағдарламасы бойынша:

Ағымдағы кезеңде орындау барысы 765 345,2 мың теңгенi құрады, қаржыландыру жоспары бойынша 765 417,9 мың теңге, игерiуi 100,0%. Игерiлмегенi 72,7 мың теңге — үнемделдi.

«Жануарлар дүниесiн қорғау» 006 бағдарламасы бойынша:

Ағымдағы кезеңде орындалуы 33 060,0 мың теңге, жоспар бойынша қаржыландыру 33 060,0 мың теңге, игеруi 100% құрады.

«Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар» 008 бағдарламасы бойынша:

2017 жылға облыстық бюджетпен табиғатты қорғау iс-шаралары бағдарламасы бойынша 361 495,5 мың теңге қаражат сомасы қарастырылған, нақты орындалуы 360 432,3 мың теңге, игерiлуi 99,7% құрады. Игерiлмегенi 1 063,2 мың теңге — үнемделдi.

«Шортанды-Щучинск» учаскелерiнде Астана-Щучье автомобиль жолының бойында орман екпелерiн құру» 009 бағдарламасы бойынша»:

Барлығы 86 008,0 мың теңге бөлiнген, игерiлгенi 85 986,0 мың теңге. Игеруi 100%. Игерiлмегенi 22 мың теңге — үнемделдi.

«Мемлекеттiк органның күрделi шығыстары» 013 бағдарламасы бойынша

Барлығы 13 993,0 мың теңге бөлiнген, игерiлгенi 13 992,9 мың теңге. Игерiлуi 100,0%. Игерiлмегенi 0,1 мың теңге — мемлекеттiк сатып алу нәтижелерi бойынша үнемделдi;

«Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерi мен ұйымдардың күрделi шығыстары» 032 бағдарламасы бойынша:

Барлығы 87 506,0 мың теңге бөлiнген, игерiлгенi 87 505,9 мың теңге. Игерiлуi 100,0%. Игерiлмегенi 0,1 мың теңге — мемлекеттiк сатып алу нәтижелерi бойынша үнемделдi.

Мақаланың шыққан күні: 19.01.2017 17:26
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.01.2018 15:01
Қаралым саны: 1700

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абая көшесi, 89

8 (7162) 25-19-86, факс 25-21-30

natur@akmo.kz